1.Қазақ тілі 3 сынып_3 бөлім_Уақыт_№14-сабақ Өмірбаян жазу қысқа мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: 3-бөлім: Уақыт Тақырыбы:№14 Хронологиялық даталардың көмегімен өмірбаянымды жазамын | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна | |||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін, стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін/ жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу) 3.3.7.2 мұғалімнің қолдауымен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою 3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдетеді | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Мәтіндерді стиліне қарай салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады -Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі және қояды -Өзіндік іс-әрекеті баяндалған өмірбаянын жазады -Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, өз өмірбаянын жазады | |||||||||||||||
Сөздік қор |
| |||||||||||||||
Құндылықтар | Шығармашылыққа баули отырып, тарихи құндылықтарға баулу | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | |||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Бастауыш пен бандауышты ажырата алады. | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақтың басы 8 минут | Миға шабуыл (Ұ.Ж) «Телебағдарлама жүргізушісі» әдісі Оқушыларға бүгін ерекше телестудияға баратындарын хабарлайды. Жүргізуші ретінде мұғалім өзі болатынын айтады. «Айтуға оңай» бағдарламасында «Хронологиялық кесте мен Өмірбаян» бас қосады. Жүргізуші олардың әрқайсысын тыңдап, проблемаларын айтқызу. Проблеманы шешуге түрткі болатын сұрақтар: -Хронологиялық кесте дегеніміз не? -Өмірбаян не үшін қажет? -Хронологиялық кестесіз өмірбаян жазуға болатын шығар? -Өз өмірбаянын жаза білу немесе ауызша жеткізе білу керек дегенге келісесіз бе? -Екі ұғымның түсініктемесін немесе ережесін айтып берсеңіздер | Слайд 3
| ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 7 минут 10 минут | Хронологиялық кесте- өмірбаянның жылдар арқылы ретімен жазылу немесе айтылуы. Өмірбаян- жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. 3.2.6.1 , 3.3.2.1 1-тапсырма ( МК.Т) Оқушыларды қызыл, жасыл, сары түстерге топқа біріктіру. «Сөздерден әңгіме құрастыру» әдісі Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды ұсыну. Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері міндетті түрде аталуы керек. Тапсырма: Өмірбаян құрылымын талдау. Және өмірбаян жазғанда хронологиялық тәртіпті қолдану Дескриптор: -өмірбаян құрылымын талдайды -хронологиялық тәртіпті қолданады Қ.Б:топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалау Саралау: «Дереккөздер» тәсілі: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алуын саралау. 3.3.7.2 (М.К. Ұ ) 2-тапсырма «Сөзден-сөйлем, сөйлемнен-мәтін» әдісі Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық жағынан қабыспайтын үш сөз суырылады.Осы үш сөзден кіріктіре отырып, сөлемдер құрастыру.Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдау.Тақтаға жазылады. Таңдалған сөздерден сөйлемдер құрау. Сөйлемдерді көркем жазу, сөйлем мүшелерінің астын сызу. Мысалы: Гүл, машина, күшік Дескриптор: -сөздерді таңдайды -сөздерден сөйлем құрастырады -сөйлем мүшелерінің астын сызады. Қ.Б:мадақтау арқылы Саралау: «Қарқын» тәсілі:Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардан сөзден сөйлем құрастырып беруін және сөйлем мүшелерін тапқанын саралау. 3.3.7.2 3-тапсырма ( Ж.Ж) Көшіру диктанты. Сәлім ұзынша бойлы, сымбатты бала. Ол бүгін мектептен ерте келді. Киімін жылдам ауыстырды да, ат қораға барды. Әкесі балаға жұмсақ, мейірімді жан. Былтыр әкесі бір тай сатып әперген. Биыл құнан болды. Бір кезде қора сыртынан мал қайырған дауысы шықты. Сәлім жылдам басып, қора сыртына барды. Әкесі бір қора қойды ауылға қарай жедел айдап келеді екен. Сәлім мұның тегін емес екенін түсінді. Тапсырма: 1 Уақытты білдіретін сөздерді теріп жаз. 2 Бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын тыныс белгісінің орнын тауып, жаз. Дескриптор: -уақытқа қатысты сөздерді жазады -бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын тыныс белгісін орынын табады -тыныс белгісін жазады Қ.Б: жұлдызша арқылы Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі: Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. | Слайд 4 Слайд 5 Слайд 6 Қосымша 1 Слайд 7 Қосымша 2 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. «Тазалық кері байланысы» Чемодан: Тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар Қоқыс жәшігі: Сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар. Еттартқыш: Бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар Үйге тапсырма: 3.3.2.1 Өз өмірбаяныңды хронологилық кестені қолдану арқылы жазып келу
| Слайд 8 Слайд 9 | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
«Дереккөздер» тәсілі: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алуын саралау. «Қарқын» тәсілі:Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардан сөзден сөйлем құрастырып беруін және сөйлем мүшелерін тапқанын саралау. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі: Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. | Қ.Б:топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалау, мадақтау арқылы, жұлдызша арқылы, «Тазалық кері байланысы» Чемодан: Тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар Қоқыс жәшігі: Сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар Еттартқыш: Бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар | Топтық жұмыста және оқу құралдарын қолдануда техника қауіпсіздігін сақтау | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?