Қазақ тілі 3 сынып 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Әңгімелермен зерттеу жұмыстарын жүргізу ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ


Екі электр шамы туралы ертегі

 Үйде ілініп тұрған люстрада Жарық және Қараңғы деген екі электр шамы бұраулы тұрған болатын. Есімдері қызық екен деп ойлап тұрған шығарсыз. Үй иесі жарықты қосқан кезде Жарық есімді шам жарқырап, Қараңғы есімді шам әлсіз жанатын еді. Қараңғы өз күшін аяп, әлсіз жанғандықтан, оған осы атты қойыпты.

 Әрине, үйдегі адамдардың барлығы жарық болғанды ұнатқандықтан, Жарық шамды жақсы көріпті. Күнге қарсы көзілдірікті киіп алған үй иесі:

 -Ой, ой, ой! Қандай жарық жанатын шам! Жарайсың, шамым!

 - Бұл шам болмаса біз не істер едік! – деп үйдің анасы сөзді қоштады.

 Жарық шамға бұл сөздер қатты ұнайтын және ол одан да жарық жануға тырысатын. Келген қонақтардың барлығы үйдің жағымды жағдайын ұнатса, қызы Сәуле сабағын жаттап, ұлы Еркін конструктор жинайтын; әкесі өз диссертациясын жазса, анасы картопты тазалайтын. Әжесінің өзі жіппен шұлғау тоқып, атасы газет оқығанды жақсы көретін. Сол себепті, отбасында татулық пен тыныштық, тазалық болатын.

 Ал Қараңғы деген шамды ешкім жақсы көрмейтін. Сол үшін оның ызасы келетін.

  • Фу, неменеге сені сонша мақтайды, осылар? – деп Жарық шамға пысқырып қоятын. – Жарық жансаң қайтейін? Күшіңді бекер жұмсағаннан басқа? Жақында сенің күшің бітіп, ешнәрсең қалмайды!
  • Енді мен сол үшін жасалған жоқпын ба! – деп Жарық таң қалды. –Егер мен жарық болып жанбасам, үйдің іші қараңғы болмай ма? Сәуле уақытымен сабағын жаттай алмай, мектепте екілік баға алып, ал Еркін көлік құрастырып, ойнай алмас еді. Анасы ас әзірлеп, әкесі мақаласын жаза алмаушы еді. Әжесі мен атасының да көңіл күйлері болмаушы еді ғой. Мен солар үшін жарық болып жанып тұруға тырысуым керек.
  • Көресің әлі, қуатың таусылып, күйіп кеткенде сені олар қоқысқа тастай салады! – деп Қараңғы ашулана айтты. –Ал мен болсам, еш жерім зақымданбай, бүтін болып люстраның сәнін келтіріп тұра беремін.
  • Жарық болып жанбайтын шамның не қажеті бар? – Сенің адамға қандай пайдаң бар? деп Жарық таңдана сөйледі.
  • Сен ешнәрсені де түсінбейсің! – деп көңілі қалған Қараңғы шам досыменен сөйлеспей қояды.

* Мәтіннен жалқы зат есімді тауып, астын сыз. Жасалу жолын түсіндір.

* Мәтіннің басты кейіпкерлерін ата, төмендегі кестені толтыру арқылы оларды сипатта.

Жарық

Қараңғы

(өзімшіл, ақылды, қызғаншақ, мейрімді, ашушаң, еңбекқор, адал, жалқау)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу