Қазақ тілі _3 сынып_1-бөлім Жанды табиғат_Қыстырма сөз_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Жанды табиғат

ТАҚЫРЫБЫ: Қыстырма сөз («Жанды табиғат туралы мәтін құрастырамын» тақырыпшасы )

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ршымбетова Гулбану

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту;

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;

 Сабақтың

 мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады:

  • мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
  • тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді үлгі негізінде қолдана алады;
  • үлгі бойынша сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
  • тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді қолдана алады;
  • сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады;

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
  • тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді еркін қолдана алады;
  • сөйлем құрамында қаратпа, қыстырма сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады;

Бағалау

критерийлері

  • жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзете алады;
  • интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана алады, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударта алады;
  • қаратпа, қыстырма сөздерді ажырата алады және тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;

 Ғылыми тіл

Пәндік сөздер

Қыстырма сөздер

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Қыстырма сөз дегеніміз не?

Қаратпа, қыстырма сөздерден соң тыныс белгісі қалай қойылады?

 Құндылықтар

Табиғатты зерделей білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін, мәтін түрлері және оның құрылымдық бөліктері; қаратпа сөз

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық ахуал. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне тілек тілеу.

(Ұ) «Сұрақтар ілмегі» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау.

Қаратпа сөз дегеніміз не?

Қаратпа сөздің тыныс белгілері қалай қойылады?

Мұғалімнің сабақ мақсатымен таныстыруы

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді тауып, түзету,

интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды

(қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолданып,тыңдарманның назарын аударту, қаратпа, қыстырма сөздерді ажыратып, тыныс белгілерін дұрыс қою.

2-слайд

3-4-слайд

Сабақтың ортасы

5-35 минут

3 минут

5 минут

2 минут

2 минут

1 минут

2 минут

5-минут

5 минут

5 минут

(МК, Ө) Көркем жазу.

Мақсаты: Оқушылардың көркем жазу дағдыларын дамыту.

Ққ

Қызық қорық қатық

Әріптердің биіктігін қандай болу керек?

Қ дыбысынан басталған сөздерден сөйлем құрастырып жазу. Мысалы, Қалтай қалаға қызыға қарады.

(Ө) 1-тапсырма Жазылым. «Дұрыс жазамын» әдісі

1. Көру диктантын жазу. Қатемен жұмыс жасау.

Мақсаты: диктантты жазу арқылы оқушылар сол сөздердің жазылуына ерекше мән беруге үйренеді.

(Оқушылардың екі- үш рет оқып – шығуына, жадында сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім мәтінді жауып қояды. Оқушылар оқығандарын естеріне түсіріп жазады.)

Ата, Қарагердің үйірі қашан келеді?

- Е, балам, сәті түскен күні келеді, - деді атасы

-Ата, Күреңтөбел аман-сау келсе, өзім білдіремін, - деді Жарас.

-Жарасжан, Күреңтөбел саған көне қоймас, асау ғой, - деді атасы.

2. (МК; Ө; Қ) Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Жазған жұмыстарын мұғалімнің басшылығымен тексеріп, қатемен жұмыс жасайды, ателерін тауып, түзетеді.

  • Сөйлемдер реті сақталған ба?
  • Тыныс белгілері дұрыс қойылған ба?
  • Қате кездеседі ме?

Саралау.

  • Мәтінді оқып, есте сақтап, грамматикалық, орфографиялық қателерді түзетіп жазады.
  • Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету (кеспе қағазға жазылған мәтінді үш-төрт рет оқуға мүмкіндік беру, кей жағдайларда тыныс белгілеріне, сөздердің жазылуына көңіл аудартып, қатесіз көшірту, есте сақтау)

Бағалау дискрипторы

  • мәтінді оқып есте сақтайды;
  • грамматикалық, орфографиялық қателерді түзетіп жазады;

(МК; Ұ)

2-тапсырма Мәтінді рөлге бөліп оқу. Тыңдарманның назарын өзіне аудару.

(Тыңдарманның назарын өздеріне аударып, мәтінді рөлге бөліп оқиды. Мәтін арқылы Жер-Ана туралы білгенін айтып, өз ойларымен бөліседі)

Бағалау дескрипторы

  • мәтінді рөлге бөліп оқи алады;
  • ым, ишара, қаратпа сөздерді дұрыс қолданып, тыңдаушыны өзіне қарата алады;

Сергіту сәті.

Мұғалім айтып, қимылдарды көрсетеді.

Күз болды, жел тұрды,

Жел қатты тұрды.

Жаңбыр тырыс-тырс жауа бастады.

Жаңбыр қатты жауды.

Қайтадан жел тұрды,

Жаңбыр қойып, күн шықты.

3-тапсырма (МК, Ж,Ұ)

Кестедегі сөйлемдерді салыстыр, қарамен жазылған сөздерге назар аудар.

1.Әрине,еңбексіз ер де, жер де көгермейді.

2.Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы!

3. Меніңше, бұл өте мықты адам.

Еңбексіз ер де, жер де көгермейді.

2.Биыл егіннің шығымы өте жақсы.

3.Бұл- өте мықты адам.

МК:

-Қарамен жазылған сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұр деп ойлайсыңдар?

(МК; Ұ) Ережемен жұмыс

Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын (сену, мақұлдау, күмәндану) білдіретін сөзді қыстырма сөз дейді. Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. Қыстырма сөздер: меніңше, оның ойынша, бәлкім, әйтеуір,әрине, жаңылмасам, шынында, шынын айтсам, шіркін,бәсе, айтпақшы, қысқасы, әлбетте, демек, рас, ең алдымен, тоқ етері,сәті түсіп біріншіден, екіншіден. Мысалы: Әрине, ол қуанды.

Қыстырма сөздер сөйлемде үтір арқылы ажыратылады. Сөздің басында келсе, одан соң үтір қойылады. Мысалы: Меніңше, бұл дұрыс.

Ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады.

Мысалы: Маған, шынын айтсам, бұл сурет ұнамады. Ал, соңында келсе, одан бұрын үтір қойылады. Мысалы: Ғарышкер болғысы келетін шығар, бәлкім.

Кестемен жұмыс.

  • Қандай маңызды ақпарат білуге болады?
  • Қандай ой қорытындысын жасайсың?

Қыстырма сөздердің мағынасына қарай түрі

Мысалы

Қуанышты, ренішті білдіреді

Керемет, шіркін, амал қанша, әттең

Ойдың кімнен, қайдан екенін көрсетеді

Меніңше, менің ойымша, оның айтуынша

Ойды санамалап дәлелдеу үшін жұмасалады

Біріншіден, екіншіден, бір жағынан, әуелі.

Қорытынды жасау ретінде

Олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы.

4-тапсырма Жазылым (Ұ,МК)

Графикалық сызбамен жұмыс

  • Қыстырма сөздері бар сөйлемдердің графикалық сызбасын сызу. Сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу.

(қыстырма сөздердің тыныс белгілеріне назар аудару және одан қорытынды шығару.)

_____ ______ _____ ______ , ______.

______ , _______ ______ ______ ______.

____ ______ ,______, ______ _____.

_______ ______ ______ ,______ , ______.

  • Кестені қолдана отырып, қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтау.
  • Жазған жұмыстарын өзара тексереді.
  • Сөйлемді сызба бойынша дұрыс құрастыра алды ма?
  • Қыстырма сөздерді дұрыс қолданды ма?
  • Қате кездеседі ме?

Саралау.

1. Сызба бойынша сөйлем құрастырады, қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтай алады.

2. Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.Кесте бойынша қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын айтқызу.

Бағалау дескрипторы

  • сызба бойынша сөйлем құрастыра алады;
  • қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын айта алады;

Өзара кері байланыс 2 жұлдыз, 1 тілек.

5-тапсырма (МК,Ұ) «Төрт сөйлем» әдісі

  • «Адамдар Жанды табиғатсыз өмір сүре ала ма?» тақырыбында көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін ауызша құрастыру.

(«Біріншіден», «екіншіден», «үшіншіден», «меніңше», «шындығында» т.б. қыстырма сөздері арқылы «Адамдар Жанды табиғатсыз өмір сүре ала ма?» тақырыбында пайымдау мәтінін ауызша құрастыруды ұйымдастыру.)

  • (Ж, Ө) Мәтінді жазу

«Бірлесіп жазу» стратегиясы

Жазған мәтіндерін өзін өзі қарындашпен тексеру.

  • Мәтін пайымдау мәтініне құралған ба?
  • Көмекші сөздерді пайдаланған ба?
  • Пунктуациялық нормалар сақталған ба?
  • Қате кездесе ме?

Тексерілген жұмысты алмасып, өзара тексеріп, бағалайды.

Бағалау дескрипторы

-көмекші сөздерді пайдаланып, мәтін құрай алады;

-мәтін түрін анықтай алады;

- қатесіз жазады;

- пунктуациялық нормаларды сақтайды;

-тыңдаушыны өзіне қаратып, қимыл, ым-ишараны қолданып, оқи алады

Й ой қорытындысын жасайды

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сабақтан не үйрендіңдер?

Саған не ерекше қызықты болды?

сұрақтарына жауап береді.

Егер оқушыларға сабақта бәрі түсінікті болса- ,

түсінбеген жерлері болса- ,

бәрі түсініксіз болса- көтереді.

Үйге тапсырма: Қыстырма сөзге 3 сөйлем құрастыру, сызбамен көрсету.

Суреттерді дайындау

Қосымша №6

17-слайд

18-слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Белсенділігіне, ойлауына, қызығушылығына, икемділігіне қарай қолдау көрсетіледі. Қабілетті оқушылар мәтінді оқып, есте сақтап, грамматикалық, орфографиялық қателерді түзетіп жазады. Сызба бойынша сөйлем құрастырады, қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықтай алады.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету (кеспе қағазға жазылған мәтінді үш-төрт рет оқуға мүмкіндік беру, кей жағдайларда тыныс белгілеріне, сөздердің жазылуына көңіл аудартып, қатесіз көшірту, есте сақтау)

Кесте бойынша қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын айтқызу.

Қалыптастырушы бағалау дескрипторлары негізінде бағалау:

- қаратпа, қыстырма сөздерге сөйлем құрастыра алады;

- тыныс белгілерін қоя алады

Сыныпта бір-бірін тыңдау.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу