Қоршаған ортаны танып білемін_Нұсқаулық жазамын_Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Қоршаған орта

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Нұсқаулық жазамын.

Оқу мақсаты

2.3.2.1 үлгі бойынша қарапайым хабарландыру, хабарлама және нұсқаулық (ас әзірлеу рецептісі) жазу;

2.3.1.1 тірек сөздерді пайдаланып, жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазу

 Сабақтың мақсаттары

Мультфильм көру арқылы өздерінің ойларын айтады.Сиыр жайлы ақпарат жинау арқылы нұсқаулық жазады.Сурет пен тірек сөздер арқылы мәтін құрастырып жазады.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Үлгі бойынша нұсқаулық жазады.

 Тілдік мақсат

 

Төрт түлік, достық, асыр салып, кең дала, күн нұры, тау етегі, бақытты, табиғат

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет,еңбек және шығармашылық, қазақстандық патриотизм және жаһандық азаматтық құндылықтарын дарыту.

Оқушыларды еңбекқорлық, жауапкершілікке тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, АКТ, дене шынықтыру

Алдыңғы білімдер

Үй жануары жылқыны қалай күту керек екенінен мәлімет алды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Оқушылар шеңберге тұрады. Жұмбақ жасыру. Шешуін тапқаннан кейін, шеңбердің ортасына кіріп, ыстық доп ойынын ойнату. Допты кез келген баланың қолына ұстатарда бір тапсырма беріледі. Оқушы сол тапсырманы орындайды.

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт жаптырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар (сиыр)

-Сиырдың төлін ата?

-Қалай дыбыстайды?

-Пайдасы қандай?

-Түсі қандай?

-Сүтінің пайдасын айт?

-Етінің пайдасын айт?

-Сиыр атасы?

-Тамағы қандай?

Жұмбақ

слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

(МК,Ұ)Тыңдалым

Мақсаты:Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, проблемалық жағдайларды шешуге дағдыландыру.

Алдаркөсе мультфильмі бойынша сұрақтарға жауап береді. (көру: 0.25 -6.30)

-Мультфильм не туралы?

-Бай мен кемпірі не үшін бәстесті?

-Қалай ойлайсыңдар, олар дұрыс істеді ме?

-Олар сиырға дұрыс күтім жасап жүр ме?

-Сиырдың бізге қандай пайдасы бар?

-Оған қалай күтім жасау керек?

) Нұсқаулық жазу

Бірлесе отырып, сиырға қандай күтім жасау керек екендігіне байланысты нұсқаулық жасайды.

  • Сиырға қолайлы жағдай жасау
  • Оған уақытымен тамақ беру
  • Тұрған жерін тазалап тұру
  • Оған су беру
  • Оны табынға жіберу
  • Оны жеке қораға қою
  • Желінін жуып тұру және т.б.

Нұсқаулықтарын оқып, бір-бірін тексереді.Кімнің нұсқаулығы толық, дұрыс жазылғаны анықталады.

(Ж) Мәтін құру

Төмендегі тірек сөздер мен тіркестерді пайдалана отырып, сурет бойынша әңгіме жаз.Әңгімеге тақырып қой. Мәтіннің қай түрі?

Төрт түлік, достық, асыр салып, кең дала, күн нұры, тау етегі, бақытты, табиғат

Жазылған мәтіндерін оқып, кімге кімнің мәтіні ұнағанын айтады.

https://www.youtube.com/watch?v=XIvAdfVQ9q0

Мультфильм

Дәптерлері

Тірек сөздер мен сурет

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

Мультфильмдегі бай мен кемпіріне қандай ақыл-кеңес берер едің. Оларға хат жаз.

Бағалау

Кестені толтыру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды

ұнады

қиын болды

қызықсыз болды

Стикерлер

Смайлдар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.

Тірек сөздерді беру.

Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 7 минут қолдануды жоспарлаймын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу