Қоршаған орта_Қоршаған ортаны танып білемін_Жануарлар туралы оқимын__ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Қоршаған орта | Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 2 А | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жануарлар туралы әңгімелер оқимын | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату 2.2.3.1мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және оған жауап беру. Мәтіндегі сөз таптарын ажырату. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Неліктен, себебі, менің ойымша, не себепті, өйткені, т.б. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
жалпы азаматтық құндылықтар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, математика, әдебиет | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жабайы және үй жануарлары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 мин 3 мин 2 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Сынып парталары төрт топқа бөлініп тұрады. 1- топ- зат есім. 2- топ-сын есім. 3-топ- сан есім. 4- топ – етістік. (Ұ) Шаттық шебері. Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, тақтадағы өлең жолдарын оқиды. Қазақ тілін білемінОқып біліп жүремін.Тыңдаймын, айтамынОқимын, жазамынБілімді боламын. -Өлең не туралы? /Оқушылардың жауаптары тыңдалады/. (Ұ, Ө) «Сыртқы және ішкі шеңбер» ойыны. Мақсаты: Оқушылардың өткен білімдерін қайта еске түсіру, топқа бөлу. Мұғалім сыртқы шеңберде тұрған оқушыларға сұрақтар таратып береді. Әрбір оқушы берілген сұрақты ішкі шеңберге қояды, олар сұрақтарға жауап береді. Сыртқы шеңбер мен ішкі шеңбер орындарып ауыстырып сұрақтарды қояды. (Ұ) Жұмбақты шеш. Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту,сабақтың тақырыбын анықтау. Оқушыларға жұмбақ жасырылады. Жауабын табу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі) Меңгіл-меңгіл, меңгілше, Меңгілде бар тарғылша. Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе табылмас. (Бөдене)- Балалар, қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. | Слайд 4 сөз табына байланысты жазылған қағаздар. Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Орта 15 мин 3 мин 3 мин 2 мин 2 мин 5 мин | (Ұ, Т) Мәтінмен жұмыс. Мақсаты: Оқушының айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын дамыту. Әр топқа ертегі мәтіні таратылып беріледі. (Ұ)Оқушылар ертегіні тізбектей оқып шығады. (Т) Әрбір топ белгіленген өздеріне берілген ертегі бөлігі бойынша мазмұндайды.
1- топ: Түлкі мен Бөдене Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні: - Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі. - Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, - депті бөдене. Сонымен бөдене ұшыпты да отырыпты, түлкі желе жортып, еріпті де отырыпты. Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұзауды ұстап тұр екен. Бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған кемпірдің басына қона кетіпті. Түлкі анадай жерде тығылып қарап тұрыпты. Бөдененікөре сала: - Кемпір, кемпір, қозғалма! Мен мына төбеңдегі бөдененісоғып алайын,- депті шал. - Жарайды. Бірақ қатты соқпа, - дептікемпір. 2-топ: Шал жерде жатқан күректі алып, салып қалғанда, бөдене ұша жөнеліпті.Күрек кемпірдің басына тиіп, кемпір құлапты. Шелектегі сүті төгіліп қалыпты. Түлкі ішек-сілесі қатып күліпті. - Досым, күлдің бе? - депті бөдене. - Күлдім, досым, күлдім. Разымын, досым, разымын! - депті түлкі. Күндердебір күн түлкі: - Ал, досым, енді мені бір мықтап тұрып қорқытшы! - депті. - Қатты қорқытайын ба, ашуланбайсың ба? -деп сұрапты бөдене. - Жоқ, ашуланбаймын, қатты қорқыт! – депті түлкі. - Жарайды, қорқытайын. Бірақ сен көзіңді тас қылып жұм. Мен сенің төбеңе қонып, екі қанатыммен көзіңді жабамын. Содан кейін сен жүр де отыр. Оңға десемоңға, солға десем солға жүр. Қашан мен төбеңнен ұшып: «Көзіңді аш!» дегенше, ашпа, - депті бөдене. 3-топ: Сонымен бөдене түлкінің төбесіне қонып, екі қанатыменкөзін жауыпты. Түлкі көзін тас қылып жұмып, бөдененің жүр деген бағытына жүріпті де отырыпты. Осылай жүріп келеді, жүріп келеді. Бір кездерде бөдене: - Аш көзіңді! - деп, ұша жөнеліпті. Түлкі көзін ашып жіберсе, тазы ерткен бір топ аңшыға таянып қалған екен. Аңшылар қызыл түлкіні көре сала қиқулап, куып беріпті. Түлкі қашып беріпті. 4-топ: Әрі-бері қашқан соң түлкінің алдынан қалың орман кез болыпты. Түлкі жалт беріп, орманға кіріп, өлдім-талдым деп аңшылардан әзер құтылыпты. Бір кезде бөдене келіп: - Қалай, досым, қорықтың ба?- деп сұрапты. - Қорқыт - қорқыт дегенде осылай қорқыт деп пе едім?! - деп, түлкі бөденені бассалып, жемек болыпты. Бөдене түлкінің аузында тұрып: - Досым! Ұзақ жылдар дос болып, ойнап-күлдік, талай қызық көрдік. Қазір мені жегелі тұрсың. Қайтем, жесең же! Бірақ осы күнге дейін аты-жөнімізді сұрап біліскен емеспіз. Жесең де, атымды айтып жесейші, ақырғы тілегім болсын! - Атым Маңғыт, еді - депті бөдене. Түлкі аузын ашып:Маңғыт дей бергенде: - Аузыңа саңғыт! - деп, бөдене ұша жөнеліпті. Осыданбылай түлкі мен бөдене достықтан айрылысыпты. (Ж) Мәтінмен жұмыс Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша нақты фактіні анықтауға бағытталған сұрақ құрастыруға, қойылған сұраққа жауап беруге дағдылану. * Оқушылар бір-біріне мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырады. * Қойылған сұрақтарға жауап береді. * Жұп бойынша мәтіннің негізі ойын анықтайды. (Т) Мақсаты: Бір-бінің ойын, көзқарасын тыңдауға, ортақ шешімге келуге, бірін-бірі құрметтеуге дағдылану. Әрбір топ өзара ойласып,өздеріне берілген мәтін бөлігінің мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырады. Топтар өазар сұрақтарымен алмасып, сұрақтарға жауап береді. Құрастырған сұрақтары мен жауаптарын негізге ала отырып, топтар бірін-бірі «Жұдырық» әдісі бойынша. өзара бағалайды. Сергіту сәті (Ұ,Ө) «Ой түйін» Мақсаты: Кейіпкерге сипаттама беру арқылы, адамгершілік құндылықтарды меңгеру.
Бірлесіп жазу әдісін қолдану арқылы оқушылар түлкі мен бөденені сипаттайды. «Түлкі мен бөдене» ертегісінің қысқа мазмұнын үш сөйлемді қолданып жазу үлгісін көрсетіледі, кейін оқушылар өздігінен жазады. (Ө. Қ) Кестемен жұмыс. Мақсаты: мәтіндегі сөздерді сөз таптарына қарай ажырату.
| Ертегі мәтіні жазылған қағаздар А4 форматындғы қағаздар Бейнежазба Тақтамен, дәптермен жұмыс Кесте сызылған қима қағаздар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы 3 мин | Өзін бағалау: «Блоб ағашындағы» өз орынын аты жазылған стикер арқылы табады, кері байланыс жасалады. Өзін бағалау бағалау критерийлеріне сүйене отырып жүргізіледі. | «Блоб ағашының» суреті, стикерлер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша мәліметтер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциациялау - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша түрделендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз? | Жоспардағы тақырыпты қиыстырыңыз. Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АҚТ-ны байланыстыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сұрақ-жауап | Өлшемдер бойынша | Сыйластық | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? (тапсырмалары сәйкес болды ма?) Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды баға Қандай екі әдіс өте сәтті болды (оқыту мен үйрену)? 1: 2: Қандай екі әдіс-тәсіл толықтырылуы тиіс (оқыту мен үйрену)? 1: 2: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?