Балқаш көлге барайық ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: 7-бөлім: Қоршаған орта | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні:17.04.18 | Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | ||||
Сынып: 2А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Балқаш көлге барайық | ||||
Оқу мақсаттары | 2.2.9.1 Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу. | ||||
Сабақ мақсаттары | Дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) пайдаланып, ақпаратты іздеу, іріктеп алу. | ||||
Бағалау критерийлері | Дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) пайдаланып, ақпаратты іздейді, іріктеп алады. Алынған мәліметтер бойынша мәтін құрастырады. | ||||
Сөздік қор | Ақпарат, дереккөз, сөздік, анықтама, энциклопедия, Балқаш, көл | ||||
Миссия және пайымдау | Өмір бойы білім алу | ||||
Жаһандық азаматтық | Табиғат адамзатқа ортақ екенін, өзін табиғаттың бір бөлшегі екенін түсіне білу | ||||
Құндылықтарды дарыту | Табиғатты қорғау, аялай білуге тәрбиелеу | ||||
Пәнаралық байланыстар | География, қазақ тілі, АКТ | ||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-дан ақпарат, деректер іздейді | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Дереккөздермен жұмыс жүргізуді біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақ басы 3 минут | І. Психологиялық ахуал. Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй тудыру. Ана тілін құрмет тұтуға баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды. Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!Туған тілім – анам тілі – өз тілім!Туған тілім – далам тілі – өз тілім!Туған тілім – адам тілі – өз тілім! |
| |||
Сабақтың ортасы 32 минут | Үй тапсырмасын сұрау Жазайық «Төлқұжатсыз саяхатшылар» Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау Балқаш көлге барайық Дереккөздерді (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) пайдаланып, ақпаратты іздеу, іріктеп алу. Дескриптор құру
Сөздік жұмысы Күбі Күбідей күп-күп пісу Күншуақ https://imektep.kz/kz/su-koymasi-osimdikteri-men-zhanuarlari Сұрақтарға жауап беру -Адам табиғаттан бөлек өмір сүре ала ма? -Сені табиғатта не қоршап тұр? -Балқаш көлі туралы не білесіңдер? -Балқаш көлі қайда орналасқан? -Балқаш көліне барып көрдіңдер ме? -Балқаш көлі қандай? Суы қандай? Өлеңді оқу -Өлең неге «Балқаш көлге барайық» деп аталды? Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру. Балығы таудай тулаған- балығы өте көп, секіріп шоршыған Бақасы қойдай шулаған- бақасы көп болып бақылдаған Күбідей күп-күп пісейік- күпілдетіп шомылайық Сен білесің бе? тапсырмасын оқу. Картадан Балқаш көлін, шектесетін облыстарын табу. Балқаш көлі Балқаш көлі туралы деректер іздеу. Топтық жұмыс І-топ. Балқаш көлі- Компьютермен ІІ-топ. Жетісу жеріндегі өзендер - Ноутбукпен ІІІ-топ. Қаратал өзені- Телефонмен ІҮ-топ. Қапшағай су қоймасы- Энциклопедиямен Топтар бірін- бірі бағалайды. Жазайық Жинақталған мәліметтер бойынша деректер жазу. Топтық тапсырма І топ. ІІ топ. ІІІ топ. І топ. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мәтінді оқы. Балқаш көлінде сазан, Амур балығы,........ , қая, шабақ, шұбаржон, ақбалық, табан, ақмаржан, жайын балықтары кездеседі. Жыл сайын Балқаш көлінде....... тонна балық ауланады. .......... құстың мыңнан астамы мекен етеді. Қажетті сөздер: алабұға, 8-10 мың, көлде. ІІ топ. «Балқаш көлі» тақырыбында Синквейн /бес жолды өлең/ құрастыр.
ІІІ топ. «Балқаш көлі» тақырыбында шағын әңгіме құрастыр. Тірек сөздер: демалу, балық, суы мол, ұнайды. Үйге тапсырма: Жетісу өзендері туралы өлең тауып жаттап келу. Ж.Д: 30-беті. | Компьютер, ноутбук, телефон, энциклопедия, таныстырылым | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақты қорыту. Бүгін не үйрендік? Қандай дыбыс түрлері бар? Кері байланыс Бағдаршам әдісі арқылы. Барлығы түсінікті Сұрағым бар Түсінбедім | Үлестірмелі материал | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар мәтінді өз бетінше оқып, қажетті ақпаратты таба алады. | Жеке өздік жұмыстарын бағалаймын. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | |||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?