Қазақ тілі мен әдебиеті 2 сынып Менің туған өлкем. Ескерткіштер. ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім. Менің туған өлкем

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дереккөздермен жұмыс. Сөздік, анықтамалық, энциклопедия, кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау.Ескерткіштер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтемеу)

2.2.9.1 Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу.

Сабақ мақсаттары

Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу.

Бағалау критерийлері

Дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтайды, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алады және үлгі/ кестеге салады.

 Тілдік мақсаттар

«Табиғат және адам», «Жерұйық», «Өлең құрастырамын, каллиграмма жасай аламын», «Туған өлкемнің өзен- көлдері», «Туған өлкем туралы жазамын»

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сурет бойынша әңгіме құраймын

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Армысың, ару Күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

/оқушылар бір-бірімен амандасады/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

3 мин

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

(МК, Т). Кел, сөйлесейік

Сұлу ғимараттар Бас қалаАстана Еліміздің астанасыГүлденген қалаБәйтерекСенат үйі Мәжіліс үйі Үкімет үйіАстана ( картадан орналасқан орнын көрсету )Есіл өзенінің жағалауы Темір жол вокзалыӘуежай Үш биПарламент үйіЕуразия университеті

Бәйтерек

Нұр астана мешіті

Оқиық

Өлеңді мәнерлеп оқу

Сарыарқа төсінде,

Сән беріп Есілге.

Жас қала – Бас қала,

Астана өсуде. 

Астана тарихы ескерткіштер арқылы мәңгілікке жазылып жатыр 

«Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда» дегендей, Астана астана болғанда, Арқаға Ақорда тігілгенде Ақмоланың айналасы алақандағыдай ғана жер еді.

Осы орайда Астананың әр күнін, әр сәтін, әр айын көнекөз тарихтың қойнауына жетелейтін басты ерекшелік бар. Ол – ескерткіштер тарихы.

Астана – қазақ мәдениетінің, қазақ ескерткіш өнерінің жауһары. Оған осы 19 жылда бой көтерген 50 жуық өнер туындысының, тарих қатпарынан жеткен куәгер келбеттердің жиынтығы айғақ.

Бүгінде Астанада мемлекеттік тізімге енген Республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштер саны - 46, тарихи-мәдени құндылығы анықталған және болашақта ескерткіштер қатарын толықтыратын объектілердің саны - 37, археологиялық ескерткіштер саны -12. Құрылыс шекарасы күннен-күнге кеңейіп отырған жаңа қала-астанада археологиялық ескерткіштерді қорғау аймақтарымен бірге сақтап қалу жолындағы іс-шаралар ерлікпен тепе-тең болды десек қателеспеспіз.

Астанадан бұрын, ел тәуелсіздігімен түйдей құрдас мәңгілік бейненің бірі – С.Сейфуллин ескерткіші. Осыдан жиырма бес жыл бұрын қалада ұлт тарихына байланысты жалғыз С.Сейфуллиннің ескерткіші тұрды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Астанада Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің монументі (2001 ж.) бой көтерді.

2002 жылы жас және сұлу Астананың өзіне арналған «Астана» мүсіні ашылды. «Астана» мүсіндік композициясы - ұлттық киім киген, қолында домбыра ұстаған жас қазақ қыздың бейнесінде орындалған.

2007 жылы «Бөгенбай батыр» қоры XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғауда қамал бұзар қайратымен ерекшеленген батыр, әрі дана елші Қанжығалы Бөгенбай ескерткішін орнатты.

Оқушымен кері байланыс. Не қиын, не жеңіл болды?

Сабақтың мақсатына оралу, осы мақсаттты орындай алдық па?

https://baq.kz/kk/news/ruhaniyat/astana_tarihi_eskertkishter_arkili_mangilikke_zhazilip_zhatir20170706_095900

Сабақтың соңы

Рефлексия:

-Сабақ ұнады ма?

-Не қызықты болды?

-Не қиын болды?

-Өздеріңнің түсініктеріңді басбармақ арқылы көрсетіңдер.Сабақтағы іс-әрекеттеріңді смайлик таңдау арқылы көрсетіңдер.

Әртүрлі іс-әрекеттегі смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

 Топтық жұмыс барысында

Қалыптастырушы бағалау арқылы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Денсаулық сақтау технологиялары.Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу