Қазақ тілі мен әдебиеті 2 сынып Менің туған өлкем. Астана жас қала. ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім. Менің туған өлкем

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Астана жас қала.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтемеу)

2.2.5.1* Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау, азат жолдың рөлін білу.

Сабақ мақсаттары

Сұрақ қою арқылы мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау, азат жолдың рөлін білу.

Бағалау критерийлері

Сұрақ қою арқылы мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтайды, азат жолдың рөлін біледі.

 Тілдік мақсаттар

«Табиғат және адам», «Жерұйық», «Өлең құрастырамын, каллиграмма жасай аламын», «Туған өлкемнің өзен- көлдері», «Туған өлкем туралы жазамын»

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сурет бойынша әңгіме құраймын

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Армысың, ару Күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

/оқушылар бір-бірімен амандасады/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

3 мин

«Құрастырайық» өлеңін тексеру

Астана туралы өлең құрастыру

------------------------------ Астана,

------------------------------ бас қалам.

--------------------------------------------

----------------------------- жас қалам.

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

(МК, Т). Кел, сөйлесейік

Сұлу ғимараттар Бас қалаАстана Еліміздің астанасыГүлденген қалаБәйтерекСенат үйі Мәжіліс үйі Үкімет үйіАстана ( картадан орналасқан орнын көрсету )Есіл өзенінің жағалауы Темір жол вокзалыӘуежай Үш биПарламент үйіЕуразия университеті

Бәйтерек

Нұр астана мешіті

Оқиық

Өлеңді мәнерлеп оқу

Сарыарқа төсінде,

Сән беріп Есілге.

Жас қала – Бас қала,

Астана өсуде. 

Мұғалім сөзі: бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады? Неліктен?

Мұғалім: қазір сендермен бір ақпаратты тыңдаймыз. Ақпаратты тыңдап, тапсырманы орындайсыңдар.

Оқылым тапсырмасы. «Туған жер»

Жеке жұмыс.

А) мәтіннің басын, негізгі бөлімін, соңын оқиды.

В) мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарды қорапқа салады.

Д) қораптағы кез келген сұрақты алып жауап береді.

Мұғалімнің сөзі:ндеше біз өзіміздің туған жеріміз туралы тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырып көрелік. Критерий бойынша әңгіме құрастырасыңдар.

Тірек сөздер: туған жер, ғажап ел, сұлу табиғат, ештеңе жетпейді, сағынамын, мақтанамын, бәрінен артық, атақты адамдар, ыстық сезім

Жеке жұмыс. «Менің туған жерім» тақырыбына әңгіме құрастырып айтады.

А) тірек сөздерді пайдалану;

В) бір-бірін бағалайды, сұрақтар қояды.

Талдықорған қаласы оңтүстік шығыста орналасқан. Қала сұлу табиғатымен атақты. Ауа райы қыста жайлы, жазда жылы болады. Талдықорған жерінен атақты жазушы, ақындар шыққан. Талдықорғанды «Жетісу» деп те атайды. Жетісу- жер жаннаты деп есептеледі.

Критерий

Дескриптор

Балл (1)

Әңгіме

айту

Тірек сөздерді қолдана алады;

Тақырып бойынша 5-6 сөйлем айта алады;

Өз ойын толық жеткізе алады.

Оқушымен кері байланыс. Не қиын, не жеңіл болды?

Сабақтың мақсатына оралу, осы мақсаттты орындай алдық па?

Презентация

Сабақтың соңы

Рефлексия:

-Сабақ ұнады ма?

-Не қызықты болды?

-Не қиын болды?

-Өздеріңнің түсініктеріңді басбармақ арқылы көрсетіңдер.Сабақтағы іс-әрекеттеріңді смайлик таңдау арқылы көрсетіңдер.

Әртүрлі іс-әрекеттегі смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

 Топтық жұмыс барысында

Қалыптастырушы бағалау арқылы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Денсаулық сақтау технологиялары.Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу