Аңыз - ертегілерді оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 – бөлім «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан:3 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Аңыз – ертегілерді оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме)

2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді

2.2.2.1 Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды

2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды

 Сабақ мақсаттары

Түрлі көркем сөздер мен термндерді таңдап жазады. Зат есімнің жекеше және көпше түрін, сөз таптарын ажыратуды біледі.

 Бағалау критерийлері

Әңгіменің жоспарына сүйене отырып, оқиғаны ретімен баяндай алады; мұғалімнің көмегімен мәтіннің негізгі ойын анықтай алады.

 Тілдік мақсат

 

Аңыз, ертегі, батыр, Абылайхан, Әбілмансұр, сұлтан, ұлтан, басшы сияқты аңызда кездесетін сөздер.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, туған еліне деген сүйіспеншілік және патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

(Ұ) Шеңберге тұрып, «Біз де» ойынын ойнайды.

М: -Мен сабаққа қатысамын

-Біз де

М: - тәртіпті боламын

-Біз де

М:-бестік баға аламан

-Біз де

М: -балаларды оқытамын

-Біз де

Деген жауап болса, ойын аяқталады. Мұғалім оқушылардан олардың міндетін сұрайды. Оқушылар жауабы (оқу)

Сабақ ортасы

25-30 минут

) Батыр бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі, - мақалы слайд арқылы шығады. Оқушылар оқып, түсінгендерін айтады.

Қанша?неше? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сызып, қай сөз табына жататынын анықтайды.

Қорқақ, батыр сын есімдерімен ауызша сөйлем құрады.

-Балалар, батыр деп кімді айтамыз?

-Кім қандай батырды біледі?

-Батыр адам ел басқара ала ма?

-Қазақта өзі батыр, өзі хан болған адамды кім біледі?

(МК) Сілтеме арқылы Абылайхан туралы мультфильм көрсетіп, сабақ тақырыбына жүйелі түрде келеді.

(Ұ) Мультфильм бойынша сұрақтарға жауап береді.

(Ұ) Абылай хан туралы мәтінді оқып, түсінгендерін ауызша айтады.

 Әбілмансұр

 Абылай әкесінен кішкене күнінде жетім қалған екен. Ол Төле бидің қолында малшы болыпты. Абылай басына үлкен сеңсең тымақ киіп, түйе жаяды. Үсті-басы алба-жұлба, қалай болса солай жүреді екен. Сонда Төле би мұның аты Сабалақ болсын депті.

 Бір күні Төле би ауылдан келе жатса, Сабалақ қол-аяғын жан-жаққа жазып, шалқасынан ұйықтап жатыр екен. Сонда Төле би жолдастарына айтыпты: «Мынау Сабалақ қалай ұйықтап жатыр, мұны білдіңдер ме? » - депті. Жолдастары: «Біз қайдан білейік», - депті. Төле би: «Бұл түбі ел билейді екен», -депті. Содан Төле кешке келгеннен кейін Сабалақты түйеден шығарып, жылқы бақтырыпты.

  • Әбілмансұрға Сабалақ атын кім қойды?
  • Сабалақ деп неге атады?
  • Абылайдың ел билейтінін кім бірінші байқады және қалай?
  • Суреттегі Абылай хан мен мәтіндегі Сабалақтың киім үлгілерін салыстырыңдар, айырмашылығын дәптерлеріңе жазыңдар.

(Ұ) Абылай хан кім? Тақтаға кластер құрғызу.

батыр, еңбекқор, хан, ақылды, сабырлы, ел билеген, қазақтың басын қосқан т.б.

(Т) 1. Төмендегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді мәтіннен теріп, топтастырып жазыңдар.

кім? не?

не істеді?

қандай?

қанша?

2. Сөйлемдерді сөз құрамына талда. Түбір мен қосымшаны ажырат.

Абылай әкесінен кішкене күнінде жетім қалған екен. Ол Төле бидің қолында малшы болыпты.

3. Сурет бойынша сөйлем құрастырыңдар.

(Ж) Суреттерді мақал-мәтелге сай таңдап, сәйкестендір.

*Кісі елінде сұлтан болғанша,өз елінде ұлтан бол. 

*Басшысыз ел жетім, жаңбырсыз жер жетім

Абылай туралы мультфильм көсрету https://www.youtube.com/watch?v

=dwEOZHhpA_c

https://www.youtube.com/watch?v

=1IOm2zKBYVc

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия.

Егер мен хан болсам, халқым үшін ... деген ойды жалғастырып шағын эссе жазыңдар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылардан аңызды ретімен мүдірмей баяедаулары, берілген тапсырманы қатесіз орындаулары күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмаларды орындаулары арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу