Аңыз - ертегілерді оқу ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ


Дидактикалық материал

Қазақ тілі және әдебиет

2 сынып 3 тоқсан

6 – бөлім «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Сабақтың тақырыбы: «Аңыз-ертегілерді оқу»

Әбілмансұр

 Абылай әкесінен кішкене күнінде жетім қалған екен. Ол Төле бидің қолында малшы болыпты. Абылай басына үлкен сеңсең тымақ киіп, түйе жаяды. Үсті-басы алба-жұлба, қалай болса солай жүреді екен. Сонда Төле би мұның аты Сабалақ болсын депті.

Бір күні Төле би ауылдан келе жатса, Сабалақ қол-аяғын жан-жаққа жазып, шалқасынан ұйықтап жатыр екен. Сонда Төле би жолдастарына айтыпты: «Мынау Сабалақ қалай ұйықтап жатыр, мұны білдіңдер ме? » - депті. Жолдастары: «Біз қайдан білейік», - депті. Төле би: «Бұл түбі ел билейді екен», -депті. Содан Төле кешке келгеннен кейін Сабалақты түйеден шығарып, жылқы бақтырыпты.

1)Әбілмансұрға Сабалақ атын кім қойды?

2)Сабалақ деп неге атады?

3)Абылайдың ел билейтінін кім бірінші байқады және қалай?

4)Суреттегі Абылай хан мен мәтіндегі Сабалақтың киім үлгілерін салыстырыңдар, айырмашылығын айтыңдар.

2. Сөйлемдерді сөз құрамына талда. Түбір мен қосымшаны ажырат.

Абылай әкесінен кішкене күнінде жетім қалған екен. Ол Төле бидің қолында малшы болыпты.

3. Сурет бойынша сөйлем құрастырыңдар.

Суреттерді мақал-мәтелге сай таңдап, сәйкестендір.

*Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол. 

*Басшысыз ел жетім, жаңбырсыз жер жетім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу