👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиет 2 сынып 6 - бөлім Салт - дәстүр және ауыз әдебиеті Аңыз - ертегілерді оқу ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ


Дидактикалық материал

6 – бөлім «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Сабақтың тақырыбы: Аңыз – ертегілерді оқу

Жұмбақ

Көлде жүрген ақ үйрек,

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Күндіз күннен таярмын,

Түнде әлемге аянмын

 Бірде Ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші Айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.  - Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.    Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.

Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса

беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп,

қайтадан тігуге кіріседі.  Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің

түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі

есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы

ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба

алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.

Тапсырма 1 . Мәтінге ат қой.

Тапсырма 2. Сұрақтарға жауап беру.

  • Мәтінде не туралы айтылған?
  • Айдың неге осылай өзгергенін түсіндір?
  • Мәтінді басқаша қалай атауға болады?
  • Мәтінді ойларыңнан ары қарай жалғастырыңдар.

Тапсырма 3. Мәтіннің үшінші бөлігін дәптеріңе жазып, зат есімдерді тауып, олар зат есімнің қай түріне жататынын анықтаңдар.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы