Өлең жазу САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өлең жазу. Көптік жалғаулар.

Оқу мақсаты

3.7 Қатені табу және түзету

 Сабақтың мақсаттары

2.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру

2.4.2.2 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату және өзара салыстыру

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Сұрақтарға жауап беріп, түсінгенін айтады.
  • Грамматикалық ерекшеліктерді ажыратады.

 Тілдік мақсат

 

Бұл сабақтағы тірек сөздер «балалар күлкісі, тосынсыйлар, достар ойыны, күтпеген сыйлықтар». Осы сөздермен барынша көп жұмыс жүргізіледі.

 Құндылықтарды дарыту

Мейрімділік пен жақсылыққа ұмтылады. Достарын сыйлауға, сөзді бөлмей топта жұмыс жасауға үйренеді.

 Пәнаралық байланыстар

Музыка, дене шынықтыру

Алдыңғы білімдер

Денсаулық туралы өлеңдермен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Сілтеме бойынша «Күлегеш» балаларға арналған қысқа метражды фильмді көрсету,сұрақтар қою.

-Балалар фильм сендерге қандай көңіл-күй сыйлады?

-Күлкі адамға пайдалы ма?

Тақтаға кластер құру.

Көңілді көтереді Өмірді ұзартады

Денені сергітеді

https://www.youtube.com/watch?v=vaRzEclygiw

Сабақтың ортасы

(МК;Ө;Т) Сурет желісі бойынша бес жолды өлең жазу.

Оқушылар топта сюжетті суреттерді қолдана отырып әңгімелеседі. Суреттегі негізгі ойды анықтайды. Әрі қарай оқушылар сурет желісі бойынша өздеріне ұнайтын жаңа көрініс пен спортшыларды қосып, бес жолды өлең жазады. Өлеңге ат қояды.

Достарыңның көңілін көтеру үшін оларға қандай өлең жолдарын едіңдер? Төмендегі сөздерді қолданып, сурет бойынша қызықты оқиға құрастырыңдар.

Балалар күлкісі, тосынсыйлар, достар ойыны, күтпеген сыйлықтар

(Ж;Т) Өлеңде жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік тауып түзету және құраған өлеңін толықтыру.

Сергіту сәті. (Оқушылар тақтадағы өлеңді оқып тұрып, қимылмен көрсетеді.)

Бір, екі! Еңкей!

Бүгілмесін тізең.

Үш, төрт! Шалқай!

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға,

Саусақты соз жасқанба.

Орындықта тік отыр,

Бойыңды әркез тік ұста!

(Ж) Көп нүктенің орнына төл дыбыстардың тиістісін қойып, өлеңді мәнерлеп оқып шық. Зат есімдерге көптік жалғауларын жалғап, көшіріп жаз. Зат есімді 1 сызықпен, етістікті 2 сызықпен, сын есімді ирек сызықпен сыз.

Қозы м...ніп, қой ба...тым,

К...кте б...лттың үстінде.

Қардан қаймақ ...айнаттым,

Жерге қайтып т...стім де.

Қой бастайтын серкені

Ала қашты саршұнақ.

Қуып берд...м мен оны,

Қара санды қамшылап.

Ақылбек Қожаұлы

Сабақтың соңы

) Зат есім, сын есім, сан есім, етістік сөздерден тұратын, 1 шумақ қызықты өлең құрастырыңдар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.

Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 3 минут қолдануды жоспарлаймын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу