қазақ тілі 2 сынып 3- бөлім Үзіліс кезіндегі тәртіп ережелері ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім:

Менің мектебім

Күні:

Сынып:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үзіліс кезіндегі тәртіп ережелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.6.1* мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер/калиграмма құрастыру/ хабарлама құрап жазу

2.1.2.2 мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау

Сабақ мақсаттары

Тірек сөздерді, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер,калиграмма құрастырады.Мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп, бастапқы бөліміне қарай отырып, оқиғаның соңын болжайды

Бағалау критерилері

Тірек сөздерді, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер,калиграмма құрастыра алады .Мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп,бастапқы бөліміне қарай отырып, оқиғаның соңын болжай алады.

 Сөздік қор

Мектеп тақырыбына байланысты сөздер мен сөз тіркестері. Ғажайып, үлгілі, болашақ, қиял

 Құндылықтарды дарыту

Жұпта бірлесе жұмыс істеу, бір-біріне қолдау көрсету.

 Пәнаралық байланыстар

Әдебиет пәнімен байланыс (өлеңді оқу)

Алдыңғы меңгерілген білім

Болашақтың мектебі туралы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

2 минут

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

10 минут

5 минут

«Кім бәрін біледі?» әдісі бойынша өткенді қайталау

-Сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Мәтіннің түрлерін ата

-Ы.Алтынсарин туралы не білесің?

Жақсы.Біз қазір қандай бөлімді өтіп жатырмыз?

(Ұ) - Қазір сіздер әр түрлі дыбыстарды тыңдайсыздар.

- Бұл ненің дыбысы және қайда естисіздер?

Аудио жазба (есік қоңырауының дыбысы, мектептегі қоңырау дыбысы, телефон қоңырауының дыбысы) қойылады.

-Біз мектепте жүргенде осы дыбыстардың қайсысын естиміз?

-Осы дыбыс нені білдіреді?

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін,қазір «Галереяны шарлау» әдісі арқылы «Дұрыс,бұрыс» ойынын ойнаймыз.

Қазір сынып ішінің әр жерінде жерінде жасырылған түрлі әрекеттерді білдіретін сөздерді тауып,тиісті бағанға жабыстыру.

Ендеше,бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Үзілісте не болу мүмкін?

-Қазір біз бір мәтінді оқимыз. Ол оқиға мектептегі үзіліс кезінде болған қызық жағдаят.

Мәтінмен жұмыс

-іштей оқу

-тізбектей оқу

Кеше үзіліс кезінде қызық оқиға болды. Қоңырау соғылғанда, біз дәлізге шықтық. Бір кезде үлкен, сұр мысықты көрдік. Бәріміз «Ол қайдан келді екен? Кімнің мысығы екен?» деп оның қасына бардық. Ол да бізге таңырқай қарады. Қайтадан қоңырау соғылды. Бізбен бірге мысық та сыныпқа кірді.

(Ж.Т)

Сұрақтар:

1.Оқиға қайда болды?

2.Олар нені көрді?

3.Мысық қайда кірді?

4.Қалай аяқталды деп ойлайсың?т.с.с

«Автор орындығы» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру

Дескриптор:

Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Сөйлем құрылымын сақтайды

Дәптермен жұмыс:

Мектепке қатысы бар сөздерді теріп жазу және сөйлем құрау.

Слайд

Сабақ ортасы

2 минут

10 мин

СЕРГІТУ СӘТІ

Шаршадым «Ух!»дедім,

Ренжідім «Тух!» дедім.

Қорықтым «Ой!» дедім,

Өкіндім «Ах!» дедім.

Шарасыз «Ех!» дедім,

Таңырқап «О!» дедім.

Біліп ап, «Ә!» дедім,

Қуанып «Ха-ха-ха!»дедім.

Топтық жұмыс

1.Ереже құрастыру

2.Сурет арқылы постер құрастыру

3.Каллиграмма құрастыру

4.Комикс құрастыру

Топ

Тақырыпқа сай орындады

Ұқыпты орындады

Сөйлемдердің құрлымын сақтайды

Сауатты жазады

1

2

3

4

5

Тірек сөздер мен сөз тіркестері, суреттер

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше толтыра алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу