Қазақ тілі мен әдебиеті 2 сынып 2 бөлім Менің отбасым және достарым Шығарманың жанры туралы түсінік .ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқамерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Менің отбасым және достарым

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шығарманың жанры туралы түсінік (өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, санамақтар, ертегі, әңгіме, өлең). Ернардың басынан кешкен хикаялары. Адал достық.

Оқу мақсаты

2.6 Мәтін жанрын, стилін анықтау

2.2.6.1* мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

 Сабақтың мақсаттары

Шығарманың жанрлары мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңдерді таныстыра,олардың жанрлық ерекшеліктерін анықтауды үйрету.

 Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар

Жанрлық ерекшеліктері бойынша халық ауыз әдебиеті үлгілерін біледі

Жанрлық ерекшеліктері бойынша халық ауыз әдебиеті үлгілерін ажыратады

Жанрлық ерекшеліктері бойынша халық ауыз әдебиеті үлгісі өлеңді құрастыра алады.

 Миссия ,пайымдау

Білім алуға ұмтылдыру

 Тілдік мақсат

жанр ,өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, санамақтар, ертегі, әңгіме, өлең

 Құндылықтарды дарыту

Үлкенге құрмет, өзара сыйластық, мейірімділік сияқты отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы білімдер

Сұрақ қояды, сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ой қозғау

Балалар мына жолдарды бірге оқып, сабағымызды бастайық

Қайырлы күн, әлем!Қайырлы күн, аспан!Қайырлы күн, сен!Қайырлы күн, мен!Қайырлы күн, мұғалім!

Слайд

Ағаш суреті

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

Сабақ мақсаты

Мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, әңгіме, өлеңнің ерекшеліктерін анықтауды үйренесің

Ауыз әдебиетіндегі өлең ,ертегі,санамақ,мақалдар бізге өткен ғасырлардан келген.Оларды біздің ата бабаларымыз шығарып, жатталу арқылы біздің уақытқа жеткен. Ауыз әдебиеті халықтың байлығы деп есептеледі.Әр отбасы бұл байлықты білуі тиіс.

Өздері білетін өлеңдерді еске түсіріп,айтқызу.

(Т)Енді өткен сабақтардағы білімімізді пайдалана, «әдебиет» сөзіне дыбыстық талдау жасап көрейік.

Әдебиет -7 дыбыс, 7әріп, 4буын, 4дауысты, 3дауыссыз

Ә-жіңішке дауысты дыбыс

Д-ұяң дауыссыз дыбыс

Е-жіңішке дауысты дыбыс

Б-үнді дауыссыз дыбыс

И-дауысты дыбыс

Е-жіңішке дауысты дыбыс

Т-қатаң дауыссыз дыбыс

Топтық өзін- өзі бағалау жүргізіледі.

Дауысы бар, жаны жоқ,

Шертсең күйі, әні көп.

Құлағын он бұра.

Ол не?....

Мен не оқыдым?

(тақтаға «жұмбақ» сөзін іліп қоямын)

Жұмбақтың өлеңнен ерекшелігі неде ?

(Ө)Бір оқушыға оқыту.(слайдтан)

Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа.(тақтаға «мақал- мәтел» сөзін іліп қоямын)

Ертегіден үзінді тыңдату

(тақтаға «ертегі» сөзін іліп қоямын)

Отыр едім сабақта,

Қоян келіп шақырды.

Апарып бау – бақшаға,

Қарнымды ашырды.

Бұл не? (тақтаға «өтірік өлең» сөзін іліп қоямын)

Класта ақ бор бар, Көк бор бар, Көп бор бар. 

Бұл не? (тақтаға «жаңылтпаш» сөзін іліп қоямын)

(Ж)Тірек сөздер бере,әңгіме құрату.

Отбасы,көмектесу,ана,әке,бала,қамқорлық.

Бұл не? (тақтаға «әңгіме» сөзін іліп қоямын)

Сергіту сәті

Ауыз әдебиеті түрлерімақалдаржұмбақтарертегілермәтелдераңыз - әңгімелерайтыстаршешендік сөздер

(Ө)Синквейн әдісімен өлең құрастырту.

Балдырған журналдарынан тапқан ауыз әдебиеті жанрларын тауып оқыттыру.

Қалыптастырушы бағалау

Дескриптор

Білім алушы

− мақалды анықтайды;

− өлеңді анықтайды;

− жұмбақты анықтайды;

− шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін түсіндіреді.

Синквейн парағы

Балдырған журналдары

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту.

-Сабақта не үйрендіңдер?

«Баспалдақ» бағалау әдісін қолдану.

• Мен түсіндім – 3 баспалдақ

• Мен сенімді емеспін – 2 баспалдақ

• Мен толық түсінбедім – 1 баспалдақ

Баспалдақ бағалау парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.

.

Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 10 минут қолдануды жоспарлаймын.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу