Стефан-Больцман және Винның ығысу заңын Күннің сәулеленуін сипаттауда қолдану. Физика, 11 сынып, презентация.
11.10.1.4 – Стефан-Больцман және Винның ығысу заңын Күннің сәулеленуін сипаттауда қолдану
Жұлдыздардың сәулеленуі
Жұлдыздың электромагниттік сәулеленуінің спектрін талдау- бұл жұлдыздарды зерттейтін тек жалғыз жол. Мысалы, Винның ығысу заңы, жұлдыздар абсолютті қара денелер сияқты сәулеленетін болса ғана, жұлдыздың температурасын шамамен анықтауға болады. Астрономиялық бақылау кезінде, әр түрлі температурадағы жұдыздардың сәулелену қуатының графигіндегі төбелері әр түрлі жерде болады.
Егер біз жұлдыздан таралған қуаттың төбесіне сәйкес толқын ұзындығын білетін болсақ, Винның ығысу заңын қолданып жұлдыздың температурасын анықтай аламыз.Күн көзінен корпускулярлық және электромагниттік сәулелер шығады. Корпускулярлық сәулелену күн желі деп аталады, оның құрамына электрондар, протондар, гелий ядролары және басқа бөлшектер кіреді. Күн сәулесінің электромагниттік спектрі өте кең, оған радиожиілік диапазонындағы сәулеленулер, инфрақызыл, көрінетін, ультракүлгін, гамма, және рентген сәулелері кіреді. Күннің электромагниттік сәулеленуі 300000 км/сек жылдамдықпен таралып, Жерге 8 минутта жетеді. Ал күн желінің бөлшектерінің жылдамдығы, электромагниттік сәулеленулердің жылдамдығына қарағанда, аздау - 300 км/сек болады. Сондықтан олар жерге бірнеше тәуліктен кейін ғана жетеді. Сәулелердің жылдамдығы мен қарқындылығы күннің белсенділігі жоғары кезеңдерінде күрт өседі. Күн белсенділігінің көріністеріне күн дағы және күн жарқылы жатады.
Күннің тұру биіктігі географиялық ендікке, жыл мезгіліне және тәулік уақытына байланысты. Географиялық ендіктің жоғарылауымен, яғни, экватордан алыстаған сайын, күннің тұру биіктігі төмендейді. Ол қыс айларында да төмендейді. Күннің тұру биіктігінің өзгеруі күн сәулесінің мөлшеріне ғана емес, сонымен бірге, оның сапалық құрамына да әсерін тигізеді. Мысалы, күннің тұру биіктігі төмендегенде, ультракүлгін және көрінетін сәулелердің үлесі азайып, инфрақызыл сәулелерінің үлесі көбейеді. Егер, күн тас төбеде (90 º) тұрғанда, ультракүлгін сәулесінің үлесі 4%, ал көрінетін сәуленің үлесі - 46% құрайтын болса, онда, күн көкжиекке жақындағанда, ультракүлгін сәулесі мүлдем жоқ болады, ал көрінетін сәуленің үлесі 28% дейін төмендейді.
Атмосферада үнемі күн жарығының сіңірілуі,таралуы және шағылысу үрдістері жүріп отырады. Сондықтан жер бетіне жететін жалпы жиынтық сәулелену күн көзінен тікелей түскен, көк аспаннан өткенде шашыраған және әр түрлі нысандар бетінен шағылысқан сәулеленулерден тұрады. Күннің тұру биіктігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тікелей түскен сәулеленудің мөлшері көбірек болады. Бұлт тікелей түскен күн сәулесін шағылыстырып, оның шашырауын күшейтеді, осыған байланысты, күн сәулесінің қарқындылығы 47-56% төмендеуі мүмкін.
Күн бетінің температурасы Вин заңының көмегімен анықталады.Күн сары жұлдыз, ол үшін л=480 нм
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру