№ 7 зертханалық жұмыс: «Зарядталған бөлшектердің іздерін дайын фотосуреттер арқылы зерделеу». Физика, 11 сынып, презентация.


№ 7 зертханалық жұмыс:

«Зарядталған бөлшектердің іздерін дайын фотосуреттер арқылы зерделеу»

11.8.2.6 - магнит өрісіндегі зарядталғанбөлшектердің қозғалыс сипатын түсіндіру

Жұмыстың мақсаты:

Зарядталған бөлшектердің Вильсон камерасындағы, көпіршікті камерадағы, фотоэмульсиядағы іздерінің фотосуреттері

Құрал жабдықтар:

Бөлшек ізі неғұрлым ұзын болса, оның энергиясы көп(ортаның тығыздығы аз),

Бөлшек ізі неғұрлым қалың болса, оның заряды үлкен және соғұрлым оның жылдамдығы аз

Түсіндірмелер:

Зарядталған бөлшек магнит өрісінде қозғалғанда оның ізі қисаяды, қисықтық радиусы неғұрлым үлкен болса, оның массасы мен жылдамдығы соғұрлым көп. Ал оның заряды мен магнит өрісінің индукциясы соғұрлым аз деген сөз.

Бөлшек басында үлкен радиуспен қозғалып, соңында кіші радиуспен қозғалады. Себебі орта кедергісінің арқасында бөлшек жылдамдығы біртіндеп азаяды.

Түсіндірмелер:

Тапсырма 1. Берілген үш фотосуреттің екеуінде магнит өрісінде қозғалған зарядталған бөлшектер ізі көрсетілген (суреттер 188, 189, 190). Қай суреттерде екенін көрсетіңіздер. Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.

Тапсырма 2. Вильсон камерасындағы қозғалған α-бөлшектердің ізінің (сурет 188) фотосуретіне қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

а) α-бөлшектер қай бағытта қозғалған?

б) Суреттегі α-бөлшектер ізінің ұзындығы шамамен бірдей. Бұл нені білдіреді?

в) Бөлшектер ізінің қалыңдығы қозғалыс бағытына қарай қалай өзгерді? Оған қарап не айтуға болады?

Тапсырма 3. Төменде 189 суретте Вильсон камерасында магнит өрісінде қозғалған α-бөлшектердің ізі көрсетілген. Осы суретке қарап анықтаңыз:

а) Неліктен α-бөлшек қозғалысының қисықтық радиусы мен іздердің қалыңдығы өзгерді ?

б) Бөлшектер қай бағытта қозғалды?

Тапсырма 4. Төменде 190 суретте көпіршікті камерадағы магнит өрісіндегі электронның ізі көрсетілген. Осы суретке қарап анықтаңыз:

а) Неліктен бөлшек іздері спираль формалы?

б) Электрон қай бағытта қозғалған?

в) 190 суреттегі электрондардың ізі 189 суреттегі α-бөлшектер ізінен ұзын болуының себебі неде болуы мүмкін?

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Рефлексия:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу