Радиобайланыс. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік толқындар | Мектеп: Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кастуганова А.А. | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Радиобайланыс. | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.5.1.2-жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің модуляциясын және детектрленуін сипаттау; 11.5.1.3-радиобайланыс жұмысының принципін түсіндіру | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Амплитудалық модуляция (АМ) мен жиіліктік (FM) модуляцияның айырмашылығын түсініп, олардың артықшылығы мен кемшіліктерін білу; Радиоқабылдағыштың жұмыс принципін түсініп, қарапайым радиқабылдағыштың құрамындағы қондырғылардың атқаратын қызметін талдау; | |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Модуляция, амплитудалық модуляция (АМ), жиіліктік модуляция (ҒМ), детектрлеу, қарапайым радиоқабылдағыш Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жиілікті модуляцияның басты артықшылығы.... Амплитудалық модуляцияның жиіліктік модуляциямен салыстырғандағы негізгі кемшілігі.... | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, өзге оқушыларға көмек беруге тәрбиелей отырып, өз бетінше жұмыс жасауына ықпал жасау | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика: Графиктермен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, Дүние жүзі тарихы Американдық радиоинженер Эдвин Армстронг туралы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://bilimland.kz | |||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Жоғары жиілікті электромагниттік толқындарды модуляциялау және детектрлеу | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ұйымдастыру. Сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысын қадағалау
Оқушыларға оқыту мақсаты мен бағалау критерийлерін тақтада көрсету Сыныпты топқа бөлу | Қосымша (Бағалау критерийлері) | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-20 минут 21-24мин 25-34 мин
35-38 мин 38-40 мин 41-42 мин 43-47 мин 48-53 минут 54-65 мин 66-70 мин 71-74 мин | 1. «Ой қозғау» Қазіргі заманда, мысалы әлемде болып жатырған оқиғаларды жаңалықтардан тыңдап, тіпті оқиға барысын көре де аламыз. Ойланайық, осы үрдіс қалай жүзеге асты? Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар тақтада көрсетілген суретті пайдаланып жауап береді
Оқушылар тақтада көрсетілген суретті пайдаланып жауап береді
Екі видео көрсетіледі Видеокөрсетілімді талқылау арқылы жаңа тақырыптың мазмұнын ашу. Амплитудалық модуляция (АМ) – бұл тасымалдаушы толқын өзгерісі амплитудасындағы акустикалық тербелістерді кодтау әдісі.Жиіліктік модуляция (ЖM) - бұл тасымалдаушы толқын өзгерісі жиілігіндегі акустикалық тербелістерді кодтау әдісі. Эдвин Армстронг
Эдвин Говард Армстронг ( 1890-1954 ) - американдық радиоинженер. Ол радиоқабылдағыштар құрастырушысы болған. Армстронг АМжүйесі бойынша кодталған радиохабарларды тарату барысында туындайтын кедергілерден құтылу жолдары туралы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Алайда, ол сол кезде танымал болған АМ жүйесін жетілдірудің орнына жоғары сапалы дыбысты жаңа, FM деп аталатын кодтау жүйесі арқылы алуға болатынын дәлелдеді. 1918 жылы ол супергетеродиндік қабылдағышты құрастырды және 1933 жылы FM жүйесінде кодталған радиотолқын көмегімен дыбыс таратуға патент алды. Модульденген кіріс сигналының FM кодтау жүйесінде қалай пайда болатынымен танысыныздар. Жұптық жұмыс
Әрбір қадамнан кейін оқушылардан кері байланыс алынып отырады. Симуляторды пайдаланып, дыбыс толқынының жиілігі өзгергенде ҒМ модуляцияланған толқын жиілігінің өзгеруін бақылау Оқушылар 3 топқа бөлініп берілген сұрақтарды толық ашу үшін постер жасайды 1-топ АМ кезінде тербелісті сипаттайтын қандай шама өзгермейді және қай шама өзгереді? Қалай өзгереді? Графикте көрсетіңіз 2-топ ҒМ кезінде тербелісті сипаттайтын қандай шама өзгермейді және қай шама өзгереді? Қалай өзгереді? Графикте көрсетіңіз 3-топ ҒМ –ның АМ –ға қарағанда қандай артықшылығы бар? АМ-ның артықшылығы бар ма? Болса қандай?
Әр топтан бір оқушы шығып, постер арқылы өз жауаптарын қорғайды Радиобайланыс принципін талдау. Сұлба бойынша әр бір қондырғының қызметін оқушылар талдайды Қарапайым радиоқабылдағыш жұмысын талдау Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде жаңалық таратуда ең шапшаң, жедел құрал Радио екені баршамызға мәлім. Күнделікті тірлігінді істеп жүріп-ақ өзіңе керекті ақпаратты алуға болатын радионың адамзат баласы үшін маңызы зор. Жалпы, радионың шығу тарихы туралы сөз болғанда екі ғалымның атауы аталады. Олар профессор Александр Степанович Попов екінші ғалым, физик Гульельмо Маркони. Кронштадтағы электр мина мектебі Ресейдегі электротехника мен оны пайдаланудың курстары өтетін бірінші оқу орны болатын. Бұл мектепте сол кездегі электротехника жөніндегі білікті мамандардың басы қосылған еді. Осында жұмысқа тұрысымен Попов бірқатар техникалық мәселелерді шешуге қатысады. Кеме жақтауындағы электр өткізгішінен ұшқын шашырау жағдайын зерттей жүріп ол жылдам электр тербелістер саласын зерттеуге кіріседі. Осылайша радиотелеграфты ойлап табады. 1895 жылы Попов тәжірибе жасап жатқан кезде аяқ астынан Петербург маңында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал, осының бәрі Попов жасаған қабылдау стансасына дыбыстық белгі берді. Әлемдегі алғашқы радиоқабылдағыш осылай пайда болды. Ад 1895 жылдың 7 мамырында жас физик А.Попов Санкт-Петербург университетінде өткен Орыс физика-химиялық қоғамының физика бөлімшесінде өзінің жаңалығын ғалымдар арасында жария қылды. Сөйтіп, бұл күн радионың дүниеге келген күні деп белгіленеді. Әр түрлі жиіліктегі радиотолқындардың қолдану аясына шолу | Презентация Қосымша 5 https://bilimland.kz №5897509110022144 №5441203597213696 Қосымша 6 Презентация Қосымша (электромагниттік толқындарды қолдану 3-сабақ) Қажетті оқу құралдары (түрлі-түсті маркерлер, флипчарттар, сызғыш) Презентация Қосымша 5 Қосымша 1-4 | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 75-80 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Мұғалім тарапынан кері байланыс | |||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығыОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру