Конденсатордан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегі үшін Ом заңы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.1С Айнымалы ток

Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каримова Н.Б.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Конденсатордан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегі үшін Ом заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

R, L, C -дан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегін есептеу

Сабақ мақсаттары

R, L, C -дан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегін есептеу.

Бағалау критерийлері

  • конденсатордан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегін сипаттай алады;
  • Конденсатордан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегі үшін Ом заңына есептер шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Тілді оқыту мақсаты

Оқушылар орындай алады:

Пәндік лексика және терминология

Индукция, айнымалы ток, магнит ағыны, фазалар айырымы.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Индукция

Индукция

Induction

Айнымалы ток

Переменный ток

Alternating current

Магнит ағыны

Магнитный поток

Magnetic flux

Конденсатор

Конденсатор

Capacitor

Ом заңы

Закон Ома

Оhm's law

Электр тізбегі

Электрическая цепь

Electrical circuit

Фазалар айырымы

Разность фаз

Phase difference

Сыйымдылық кедергі

Емкостное сопротивление

Capacitance

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Тізбектегі ток күшінің тербелістері кернеу тербелістерінен фаза бойынша ... озады.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау; Жұппен жұмыс істеу барысында бір біріне құрмет көрсетуді ұмытпау; Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс. Өлшеулер барысында өлшем бірліктермен жұмыс жасауда, қателіктерді есептеуде математикалық амалдар қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет желісі, интерактивті тақта, GLX және Pasco электронды құралдары, физикалық құралдар.

Бастапқы білім

10-шы сыныпта қарастырылған электр және магнетизм туралы оқушылардың білімдері өте маңызды. Олар P=UI және R=U/I формулалар көмегімен электр тогының кедергісін анықтауды білу керек.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру:

Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру, сабақтағы бағалау жүйесімен таныстыру.

Мен тілеймін (бас бармақтарымен түйістіру);

Сәттілік (сұқ саусақпен түйістіру – балан үйрек);

Жақсы нәтиже (ортаңғы саусақты түйістіру- ортан терек)

Жақсы көңіл-күй (шылдыр шүмек);

Барлық кезде (кішкентай бөбек );

Салем (алақанмен түйістіру)

7 мин

2 мин

15 мин

10 мин

Ой қозғау:

Фронтальды сұрақтар арқылы активті кедергісі, физикалық шамалардың фазалар айырымы, конденсатор туралы физикалық мағыналарын еске түсіру

1. Тек қана активті кедергісі бар тізбектерде қандай энергетикалық өзгерістер орын алады?

2. Неге біз айнымалы ток желісіне жалғанған шамдардың жыпылықтап жануын байқамаймыз?

3. Резисторы бар тізбекте ток пен кернеудің фазалар айырымы қандай?

4. Конденсатор дегеніміз не?

5. Конденсатордың құрылысы қандай?

Сабақ тақырыбын айту, мақсаттарын жариялау

Мағынаны тану:

Сыртқы периодты түрде өзгеретін кернеудің әсерінен тізбекте пайда болатын электр тогын айнымалы электр тогы деп атайды. Айнымалы электр тогы келесі заңмен өзгереді:

Токтың амплитудасы кернеудің амплитудасына, тізбектің параметрлеріне және жиілікке тәуелді:

мұндағы: - айнымалы ток тізбегінің толық кедергісі

Ток күші фаза бойынша кернеуден тізбектің параметрлерімен және жиілікпен анықталатын бұрышқа қалады.

Сыйымдылықтағы кернеу кемуінің сыйымдылық арқылы аққан токтан фаза жағынан -ге қалып отыратынын табамыз, Ток бір бағытта жүріп жатқанда конденсатор астарларындағы заряд көбейеді. Ток күші максимум арқылы өтіп, ол азая бастайды. Ал заряд өсе береді де, і-0 болғанда максимумға жетеді. Осының сонынан ток та бағытын өзгертеді, астарлардағы заряд азая бастайды. Кернеудің қалып отыратыны да осыдан.

Айнымалы ток үшін Ом заңы.

Айнымалы ток, кең мағынасында — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.

Айнымалы токтың үш фазалық жүйесі жиі қолданылады. Тұрақты токқа қарағанда айнымалы токтың генераторлары мен қозғалтқыштарының құрылымы қарапайым, жұмысы сенімді, мөлшері шағын әрі арзан. Айнымалы ток әуелі шала өткізгіштер арқылы, ал одан кейін шала өткізгішті инверторлар көмегімен жиілігі реттелмелі басқа айнымалы токқа түрлендіріледі. Бұл жағдай жылдамдығын бірте-бірте реттеуді талап ететін электр жетектерінің барлық түрі үшін қарапайым әрі арзан қозғалтқыштарын (асинхронды және синхронды) пайдалануға мүмкіндік береді.

Жаңа материалды бекіту (формативті бағалау)

Топпен жұмыс. Деңгейлік есептерді шығару.

Оқушыларға айнымалы ток тізбегіне арналған ОМ заңын қолдануға, толық кедергіні анықтауға есептер шығарту үшін жұмыс парағын ұсыныңыз.

Бағалау критерий

-Тапсырманы толық орындады – 3 ұпай

-Қателіктері болды – 2 ұпай

-Берілгенін жазады, бірақ мүлдем орындай алмады – 1 ұпай

Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау, шешімін табу.

Өзін-өзі бағалау. Мұғалімнің алдын ала дайындаған жауап парақшасымен әрбір бала жұмысын тексереді.

http://www.myshared.ru/slide/173546/

Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы:

https://bilimland.kz/ru/courses/physics-ru/ehlektrodinamika/peremennyj-ehlektricheskij-tok/lesson/zakon-oma-dlya-polnoi-czepi-peremennogo-toka

Қосымша

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«сабақтан алған әсерім»;

«сабақтың ұнамаған тұстары».

Үйге тапсырма: §2.5

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

конденсатордан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегін сипаттай алады.

Көпшілік оқушылар: Конденсатордан тұратын айнымалы токтың тізбектелген электр тізбегі үшін Ом заңына есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар: қүрделі есеп шығаруда керекті формулаларды түрлендіріп қолдана алады, сонымен қатар, сыныптастарына көмек көрсете алады.

ҚБ

Өз-өзін бағалау;

Физика кабинетіндегі ҚТ.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу