«Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы. Автотербелістер. Транзисторлы генератор». Физика, 11 сынып, презентация.


«Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы.

Автотербелістер.Транзисторлы генератор»

 

Физика пәнінің мұғалімі:

Қабылов Марат Белсендіұлы

Көкшетау қ.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың тақырып бойынша білім алуға жұмысын ұйымдастыру. Автотербелістер,транзисторлы генератор

тақырыптары бойынша оқушылардың тәжірибелер жасау арқылы шешімге келуін ұйымдастыру, есептер шығару арқылы айнымалы ток тақырыбы бойынша білімдерін бекіту.

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Нұрын,сырын көруге

Көкірегінде болсын көз.

Абай Құнанбаев

Сабақтың құрылымы:

сабақты ұйымдастыру;

негізгі білімдерін жетілдіру;

жаңа білімді қабылдау;

эксперименталдық жұмысты ұйымдастыру;

тарихи мағлұмат;

жаңа тақырып бойынша алынған білімдерін

пысықтау;

үйге тапсырма.

Өткен тақырыпты пысықтау

Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі

R

Айнымалы ток тізбегіндегі

сыйымдылық кедергі

C

Айнымалы ток тізбегіндегі

индуктивті кедергі

L

Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы

№1. Сыйымдылығы 5мкФ конденсатор мен кедергісі 150 Ом өткізгіш жиілігі 50Гц, кернеудің әсерлік мәні 120В айнымалы ток тізбегіне тізбектей жалғанған.Ток күшінің әсерлік және амплитудалық мәндерін,ток пен кернеу тербелістерінің фазалар айырымын табыңдар.

Берілгені: ХБЖ

С=5мкФ 5*10-6 Ф

U=120В

υ=50Гц

R=150 Oм

I-? Im-? φ-?

Шешуі:

Берілгені: ХБЖ

С=5мкФ 5*10-6 Ф

U=120В

υ=50Гц

R=150 Oм

I-? Im-? φ-?

Шешуі:

Тербелістер

Еріксіз тербелістер.

Еріксіз тербелістер дегенімізсыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

Өшпейтiн тербелiстердi алудың жолы:

- тербелмелі жүйе;

- жүйеге сырттан периодты түрде өзгерiп отыратын күшпен әсер ету;

Автотербелістер – сыртқы периодты күштердің әсерінсіз жүйеде жүретін өшпейтін тербелістер.

Автотербелмелі жүйе мынадай бөліктерден тұрады:

1. Тербелмелі бөлік

2. Энергия көзі

3. Тербелмелі бөлікке оның тербелістеріне сәйкес керек уақытта энергия көзінен келетін энергияны жіберіп,не жауып отыратын кілт (клапан) .

4. Бұл процесті тербелмелі жүйенің өзі автоматты түрде кері байланыс қондырғысы арқылы реттеп отырады.

Энергия көзі

Кілт

Тербелмелі жүйе

Кері байланыс

Автотербелмелi жүйенiң қарапайым бiр мысалы- өзiмiзге жақсы таныс механикалық сағаттар.

Энергия көзі

Жүктің

потенциалдық

энергиясы

Кілт

Тісті дөңгелек

Тербелмелі жүйе

Сағаттың маятнигі

Кері байланыс

Анкерлік механизм

Анкер- сағат механизмінің негізгі бөлігі

Ол тербелістерді реттеу үшін энергияны қозғалтқыштан реттегішке периодты түрде беріп тұратын құрал.

Анкердің жұмыс істеу принципі тістері бар дөңгелектің маятникті белгілі бұрышқа бұруына негізделген.

Электромагниттік автотербелмелі жүйенің мысалы – өшпейтін электромагниттік тербеліс тудыратын транзисторлы генератор

Электромагниттiк автотербелмелі жүйе

Энергия көзі

Жүктің

потенциалдық

Энергиясы

Тұрақты

ток көзі

Кілт

Тісті дөңгелек

Транзистор

Тербелмелі жүйе

Сағаттың маятнигі

Тербелмелі контур

Кері байланыс

Анкерлік механизм

Индуктивті катушка

1. Тұрақты ток көзі.

Жүйенің энергия шығының

толықтырып, өшпейтін тербелістерді сүйемелдейді.

2

1

3

4

2. Тербелмелі контур.

Өшпейтін тербелістер жүретін жүйе.

3. “Клапан” (кілт)

Тербелмелі жүйеге көзден келетін энергияны реттейтін бөлік.

4. Индуктивті катушка.

Тербелмелі жүйе кілттін жұмысын катушка арқылы реттейді, яғни кері байланысты қамтамасыз етеді.

Транзистор деген не екенін еске түсірейік.

Бұл-өткізгіштігі әр түрлі үш жартылай өткізгіштен-эммиттерден,базадан және коллектордан тұратын триод.

Транзисторлар p-n-p немесе n-p-n типті болуы мүмкін.

Эмиттер мен коллектордың негізгі заряд тасушылары бірдей( кемтіктер),ал базаның негізгі заряд тасушыларының таңбасы оған қарама-қарсы(электрондар)

К

Б

Э

Электромагниттік тербелістер генераторларының даму тарихы

1887 жыл

Генрих Герц Румкорф катушкасының негізінде электромагниттік толқындардың ұшқынды генераторын ойлап тапты.

1913 жыл

Александр Мейснер (Германия)

Мейснер лампалық негізде трансформатормен тербелмелі контурға ортақ тор арқылы оң кері байланысатын катоды бар электронды генераторды құрастырды.

1914 жыл

Эдвин Армстронг (АҚШ) лампалық негізде трансформатормен тербелмелі контурға ортақ тор арқылы оң кері байланысатын катоды бар электронды генераторға патент алды.

1915 жыл

Американдық Western Electric Company фирмасының инженері Ральф Хартли,

«Хартли генераторы» деп аталатын лампалық сызбаны құрастырды.

Бұл лампалық генератор «индуктивтілік үшнүкте» деген атпен де белгілі.

1919 жыл

Эдвин Колпитц кернеудің сыйымдылық бөлгіші арқылы тербелмелі контурға жалғанған электронды лампаның негізінде

«Колпитц генераторын» жасады. Бұл лампалық генератор «сыйымдылық үшнүкте» деген атпен де белгілі.

1947 жылы 23 желтоқсанда, үш американдық физик

Уильям Шокли, Джон Бардин және Уолтер Браттейн әріптестеріне жаңа құрал-жартылай өткізгішті күшейткіш немесе транзисторды ұсынды. Осы жаңалығы үшін олар Нобель сыйлығына ие болды.

Уильям Шокли, Джон Бардин және Уолтер Браттейн

Транзисторлы

генератордың

қолданылуы

Есептер шығару

№1. Кернеудің әсерлік мәні 127В тізбекке индуктивтігі 0,16 Гн, активті кедергісі 2 Ом катушка мен сыйымдылығы 64 мкФ конденсатор тізбектей жалғанған.Тербеліс жиілігі 200 Гц болса, ток күшінің әсерлік мәні қандай?

Берілгені: ХБЖ

L=0,16 Гн

U=127 В

ν=200 Гц

R=2 Oм

С=64 мкФ 64* 10-6 Ф

I -?

Шешуi:

Жауабы: I=0,67 А

2.

Айнымалы ток тізбегі индуктивтігі 1,5 Гн,

активтігі 120 Ом катушка мен сыйымдылығы 1 мФ конденсатордан тұрады. Кернеудің амплитудасы

100 В, тербеліс жиілігі 50 Гц болса,тізбекте қандай қуат бөлінеді?

Шешуi:

Жауабы: 2,58 Вт

Берілгені: ХБЖ

L=1,5 Гн

Um=100 В

ν=50 Гц

R=120 Oм

С=1 мФ 1* 10-3 Ф

Р -?

Терминологиялық сөздік

Үйге тапсырма

Электр қоңырауының жұмыс істеу принципін қарастырып, оның автотербелмелі жүйе болатынын дәлелдеңдер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу