Электромагниттік толқындар. Олардың қолданылуы және қасиеттері. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1D бөлім: Электромагниттік тербелістер мен толқындар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электромагниттік толқындар. Олардың қолданылуы және қасиеттері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • электромагниттік толқындардың пайда болу жағдайлары мен қасиеттерін түсіну;
  • электромагниттік толқындардың шкаласына сәйкес электромагниттік толқындардың түрлері мен сипаттамаларын білу;
  • электромагниттік толқындардың қолданылуына мысал келтіру;

 Сабақ мақсаттары

Механикалық толқындарды қайталау, олардың сипаттамасы. Электромагниттік толқындардың түрлері, таратылуы, қолданылуы. Оқушылардың дүниетанымдылығын арттыру, дамыту.

Жетістік критерийлері

Электромагниттік спектрдің кем дегенде төрт саласының пайда болуы, құрамы (адам денсаулығына тигізетін қатерін қоса алғанда) бойынша және пайдаланылуы бойынша постер жасайды немесе ескертпелер жазады.

Электромагниттік спектрдің кем дегенде үш саласы үшін төмендегілерді анықтайды:

1) электромагниттік толқындардың көрінуі (пайда болуы) үшін шарттар

2) кем дегенде бір дұрыс қасиет (мысалы, толқынның енуі, толқын ұзындығы, жиілігі, адам денсаулығына қатері).

Электромагниттік спектрдің кем дегенде үш саласының пайдаланылу тәсілдерін дұрыс анықтайды;

Түсіндіру кезінде сызбалар мен графиктерді пайдалануға болады.

 Тілдік мақсаттар

Артықшылығы (арнаның) болып табылады…, бұл кезде артықшылығын (арнаның) ... құрайды

Көзқараспен (ақшалайқұны/өшу жәнет.б.), (арна) жақсы болып есептеледі.

  • Сыни көзқараспен бағалау (жалпы дискуссия):

Неліктен біз пайдаланамыз…?

Мысалы, Коаксиалды кабель сым өткізгіштерге қарағанда жақсы, себебі...

Онда оны … пайдаланған дұрыс па?

Оның қандай ерекшеліктері бар?

Ақшалай құны / өшуі және т.б. бойынша қандай арна жақсы болып табылады?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту бірге жұмыла жұмыс жүргізе отырып, тақырыпты талдау, кішігірім зерттеу туралы көз қарастарын, пікірлерін білдіре отырып, бір-бірін сыйлауға, бірлесе еңбектенуге дағдыланады, өзін және бір-бірін бағалауда әділеттілікке баулу.

Пәнаралық байланыстар

Бұл тақырып негізінен математика пәнімен тікелей байланыста жүзеге асырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Жалпы тақарыпты түсіндіруде АКТ қолданамыз, бейне материал қарастару. Әр оқушыда нотбук болуы тиіс.

Бастапқы білім

Электромагниттік тербелістер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Сабақ басында:

Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру, сабақтағы бағалау жүйесімен таныстыру.

Ой қозғау:

Оқушылар қысқаша бейне материалдар қарастырады. Бейнематериалды сыныпта талдау. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын анықтайды.

Білемін, білмеймін, білгім келеді кестесі ұсынылады. Оқушылар осы кестені тоықтыра отырып, сабақ барысында білгім келеді және білмеймін бағынына жазылған сұрақтарға баса назар аударады.

Бейнематериал, презентация

Сабақтың ортасы

5 мин

4 мин

8 мин

5 мин

7 мин

6 мин

Мағынаны тану:

Көрсетілім: Электромагниттік толқын қасиеттеріне көрсетілім дайындау:

А. Жарықтың жұтылуы және орта арқылы өтуі (жарық көзі, картон, шыны, пластмасса дене және т.с.с.);

В. Металл пластина арқылы жарықтың шағылуы;

С. Диэлектрик арқылы өткенде шекарада жарықтың бағытының өзгеруі (сыну);

D. Электромагниттік толқындардың көлдеңенділігі, металл шыбықтардың көмегімен, поляризацны көрсету арқылы ұсынуға болады.

Е. Интерференцияны бақылау.

Тапсырма:

Оқушылар көрсетілімнен кейін, электромагниттік толқындардың қасиеттерін жазады.

Жұмыс парағы:

1. Шағылады ...... (өткізгіштерден);

2. Жарық қандай орталар арқылы өте алды .... (диэлектриктер);

3. Қандай шекараларда сынады .... (диэлектриктерде);

4. Интерференция бақыланады ....

5. қандай толқындар ....

Топтық жұмыс: Оқушылар топтарға біріктіріледі (сыныптағы бала саны бойынша, топта оқушылар 3-4 оқушыдан артық болмауы тиіс).

Әр топқа сәкесінше ЭМ толқындарды жеке-жеке қарастыру ұсынылады. Әрбір топ оқушыларына жеке нотбуктар таратылады. Оқушылар ұсынылған сілтеме немесе басқа да дерек көздері арқылы ЭМ спектрінің белгілі бөлігін оқып үйренеді. Одан кейін олар өздері анықтаған маңызды ақпараттар туралы басқа топтарға есеп береді және төмендегі мағлұматтар көрсетілген мәліметтер жазылған постерлер дайындайды:

  • ЭМ толқыны қалай алынады?
  • Оның қасиеттері мен сипаттамалары
  • Оны қолдану

Постерлермен жұмыс: Дайындалған постерлер сыныпта ЭМ спектрі бойынша орналастырылады. Топтан бір оқушы тақтаға шығып, барлық постерлерді біраз уақыт қарайды, одан кейін топқа қайтып келіп өзінің не көргенін баяндап береді. Топтың қалған оқушылары өздерінің естігендерін параққа жазып алады.

Мұғалім мәліметтердің нақтылығын тексереді.

Сыныпта оқушылар әртүрлі толқын ұзындықтарын қарастыра отырып, толықндарды салыстырады, одан кейін суреттер неліктен әртүрлі болып шыққанын талқылайды.

Тапсырма орындау: оқушыларға тапсырмалар таратылады.

Тапсырманы тексеру:

Жұптар бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.

Дұрыс жауабы жеке парақтар арқылы беріледі.

Соңында мұғалім парақтарды жинап алады.

Жалпылау:

Мұғалім Вilimland.kz сілтемесі арқылы тақырып бойынша өткен білімді жалпылайды.

Презентация қарастыру.

https://www.twig-bilim.kz/search/?search=%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D0%B3%D0%BD%D0%B8%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA+%D1%82%D0%BE%D0%BB%D2%9B%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80&search-btn=

http://bilimland.kz/kk/content/structure/939-physics#lesson=10903

Презентация

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • қандай ұғымдарды біледі;
  • қандай түсініктер әлі де қиындық тудырады;
  • сұрақ туындаған жағдайлар

Сабақ соңында жұптар бір-біріне баға береді.

Үйге тапсырма: Электромагниттік толқындар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Постер дайындауда оқушылар мәліметтерді нотбуктарда қарастыра отырып, қажетті ақпараттарды дәл, әрі нақты түрде айқындай алды

Бір-бірін бағалау. Мұғалімнің ортақ бағасы.

Сынып бөлмесінің қауіпсіздік ережесін сақтау, құралдармен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сқтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Топтық жұмыс, постерлер дайындау..

2: Ақпаратты жинақтау. Жиналған мәліметтерді бір-бірлеріне түсіндіру..

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Тапсырмаларды көбірек дайындау. Тапсырмаларды орындауға уақыттың жеткілікті болуы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу