Зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозағалысы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зарядталған бөлшектердің магнит өрісіндегі қозағалысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар орындай алады:

зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу;

Сабақ мақсаттары

тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің токтың балансын қолданатын магнит өрістің ағын тығыздығын өлшеу үшін қалай қолдануға болатынын түсіну;

Магниттік өрісте қозғалатын зарядқа әсер ететін күштің бағытын анықтау;

F=qvBsinα формуласын білу және қолдану;

Бағалау критерийлері

Түсіну: Зарядтарға әсер ететін күштердің бар екендігін түсінеді, сипаттай алады.

Сыни ойлау: Магнит өрісінің күштік сипаттамасы ұғымын талдап, анықтама береді

Қолдану: Лоренц заңының формуласын біледі, қолдана алады.

Талдау: Әртүрлі ортадағы зарядтарға әрекет ететін күшті салыстырып, талдай алады. Формаулаларды қолданып, оларға әсер ететін күштерді таба алады

Математикалық сауаттылық: Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді, формуланы түрлендіре алады. Векторлар ережесін қолданып, қатесіз математикалық есептеулер жүргізе алады.

Тілдік мақсаттар

Лоренц күшінің анықтамасын айта алады. Мысалдар келтіре отырып, оның күнделікті өмірдегі қолданысын түсіндіре алады

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Глоссарий

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Заряд

Заряд

Charge

Магнит өрісі

Магнитное поле

Magnetic field

Сол қол ережесі

Правила левой руки

Left hand rule

Оң қол ережесі

Правила правой руки

Right hand rule

Магнит өрісінің күш сызықтары

Силовые линии магнитного поля

Magnetic field lines

Ампер заңы

Закон Ампера

Ampere's Law

Тілді оқыту мақсаты

Оқушылар орындай алады:

тогы бар өткізгішке магнит өрісінің тарапынан әсер ететін күштің бағытын түсіндіру үшін сол қол ережесін пайдаланады

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Сол қол ережесі…..

магнит өрісінің бағыты….

тогы бар өткізгіш…..

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Сол қолдың

бас бармағы … білдіреді

сұқсаусағы …білдіреді

ортаңғы саусағы … білдіреді

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)

Электр және магнит өрісінің көмегімен көптеген техникалық құралдар (телефон, радио, телевизор, компьютер, т.с.с) дамитынын түсіндіре келе, жаhандық азаматтық мәселелерді қарастыру.

Пәнаралық байланыстар

Есеп шығару барысында математикалық есептеулер жүргізеді.

АКТ қолдану дағдылары

Демонстрациялар мен тәжірибелер, сонымен қатар түсіндірмелі бейнематериалдар көрсетіледі.

Бастапқы білім

Электр заряды, Магнит өрісі, Ампер заңы – 8 - 9 сыныптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру (жағымды психологиялық ахуал туғызу).

Іс-әрекет: Оқушыларды топқа бөлу.

Әдіс-тәсіл: Оқушыларға «Кулон», «Ампер», «Вебер», «Тесла», «Ньютон» сөздері жазылған қағаздар таратылады, осы сөздерге байланысты топқа бөлінеді. Топ көшбасшылары таныстырылады. Топ аттарына берілген есімдерге сипаттама беру.

2 мин

Ғалымдардың аты жазылған парақшалар, стикерлер.

Іс-әрекет: «Сұрақ-жауап»

Әдіс-тәсіл: Үйге берілген есептің жауабын тексеру.

Бағалау: өзара бағалау, дайын марк схема бойынша тексеру

Дифференцияция: үлгерімі төмен оқушыны қабілетті оқушылармен біріктіру

6 мин

Слайд 1

Таратпа материалдар 1

Сабақтың ортасы

Іс-әрекет: «Электронды оқулық бойынша тәжірибе көрсету»

Әдіс-тәсіл: Қандай құбылысты бақыладыңдар?

Проблеманы шешу үшін Ампер заңын біле отырып, осы өрістегі белгілі бір жылдамдықпен қозғалған бірлік электр зарядқа магнит өрісінің әсер ету күшін анықтау.

Теориялық түсінік: Лоренц күшінің толық жұмысы нөлге тең. Fл = qvBsinά 1892 ж.

q- қозғалыстағы заряд

v-қозғалыстағы заряд жылдамдығы

B-индукция векторы

ά-жылдамдық вектры мен магнит индукция векторы арасындағы бұрыш

- шеңбер бойымен қозғалған бөлшек радиусы

– бөлшектің айналу периоды

Бағалау: оқушы және мұғалім комментарий

Дифференцияция: үлгерімі төмен оқушыны қабілетті оқушылармен біріктіру

7 мин

Интерактивті тақта, электронды оқулық

Іс-әрекет: «Ой қозғау»

Әдіс-тәсіл: жаңа сабақты қорытындылау сұрақтары.

Бағалау: сыныпішілік өзара бағалау.

Дифференцияция: үлгерімі төмен оқушыны қабілетті оқушылармен біріктіру

4 мин

Оқулық, оқушы дәптері

Таратпа 2

Іс-әрекет: топпен жұмыс «Мағынаны тану»

Әдіс-тәсіл: жаңа сабақты пысықтау мақсатында оқушыларға есептер беріледі, оқушылар бірлесіп есептер шығарады.

Бағалау: сыныпішілік өзара бағалау және мұғалім комментарийі

Дифференцияция: үлгерімі төмен оқушыны қабілетті оқушылармен біріктіру және үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыс жасау.Тапсырма жеңілден қиынға қарай бағытталған.

9 мин

Таратпа 3

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылардан «Аяқталмаған сөйлем» атты кері байланыс жүргізіледі:

Сол қол ережесі…..

магнит өрісінің бағыты….

тогы бар өткізгіш…..

Сол қолдың

бас бармағы … білдіреді

сұқсаусағы …білдіреді

ортаңғы саусағы … білдіреді

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

4 мин

Оқулық, күнделік

стикерлер

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Топтық тапсырманы түсінеді және орындайды

Оқушылардың көпшілігі:

Лоренц заңына арналған күрделілігі орта есептерді шығара алады.

Кейбір оқушылар:

Лоренц заңына арналған жоғарғы деңгей есептерін шығара алады.

Тексеру парақтары, бағалау парақтары арқылы бағаланады.

Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету арқылы, бағалау критерийлері арқылы бағаланады.

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау ;

Көз жаттығуларын орындау ;

Кабинетті желдету ;

Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау) жарықты қажет емес кезінде өшіру .

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қалыптастырушы бағалау

Оқу мақсаттары

Бағалау критерийлері

Нәтиже

ОМ 1: электр өрісі ұғымының физикалық мәнін түсіну және электр өрісінің күшін анықтау (кернеулік);

Түсіну: Зарядтардың өзара әсерлесуін түсінеді, сипаттай алады.

ОМ 5: электр зарядтарының арасындағы әсерлесу күшін анықтау..

Қолдану: Лоренц күшінің формуласын біледі, қолдана алады.

Талдау: Әртүрлі ортадағы зарядтарға әрекет ететін күшті салыстырып, талдай алады.

Математикалық сауаттылық: Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізеді, формуланы түрлендіре алады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу