Термисторлар және фоторезисторлар. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3 А – Тұрақты ток | Мектеп: Талдықорған қаласындағы НЗМ | |||||||
Күні: 3/02/20 | Мұғалімнің аты-жөні: Бейбитов Б.С. | |||||||
Сынып: 10 А, В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Термисторлар және фоторезисторлар. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | - термисторлар мен фоторезисторларды қолдануды түсіндіру; - фоторезистор мен термистордың кедергілерін график түрінде кескіндеу. | |||||||
Сабақтың мақсаттары | - термистордың кедергісінің температураға тәуелді екенін білу; - фоторезистордың кедергісінің жарық интенсивтігіне тәуелді екенін білу; - фоторезистордың және термистордың кедергілерін график түрінде кескіндеу; - практикалық дағдыларды дамыту. | |||||||
Жетістік критерийлері | - оқушы термистордың кедергісінің температураға тәуелді екенін біледі; - оқушы фоторезистордың кедергісінің жарық интенсивтігіне тәуелді екенін біледі; - оқушы фоторезистордың және термистордың кедергілерін график түрінде кескіндеуді біледі және түсінеді; - оқушы есеп шығаруда фоторезистор және термисторлар жайлы алған білімдерін қолданады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Терминология және пәндік лексика Термистор/терморезистор (thermistor) – температураға байланысты кедергісі өзгеретін жартылайөткізгішті аспап. Температура артса термистордың кедергісі кемиді./ Thermistors have a high resistance when cold but a much lower resistance when a hot. They contain semiconductor materials. Some electrical thermometers use a thermistor to detect temperature change. Фоторезистор (light-dependent resistor/LDR) – түскен жарықтың шамасына байланысты кедергісі өзгеретін жартылайөткізгішті аспап. Қараңғыда кедергісі үлкен мәнге ие болады, бірақ жарық түссе кедергісі кемиді./ LDRs have a high resistance in the dark but a low resistance in the light. They can be used in electronic circuits which switch lights on and off automatically. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Көптеген әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау қабілеті. Тиімді ынтымақтастық пен пікір алмасудың қажеттілігі мен маңызын түсінуді қалыптастыру. Қоғамның дамуы үшін физиканың маңыздылығын түсіну. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия және математика пәнінен алған білімдерін қолданды. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сынып оқушылары есеп шығару кезiнде калькулятордан пайдаланады. Оқушылар қажет болған жағдайда интернет ресурстарынан пайдаланады. | |||||||
Бастапқы білім | Резистордың, қыздыру шамының және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 4 мин. | Ұйымдастыру. Өткен сабақтағы материалдарды еске түсіру. Вольт-амперлік сипаттамаларды сипаттау: Оқушылар резистордың, қыздыру шамының және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасын тұрғызады. | Жұмыс парағы | ||||||
Сабақтың ортасы 3 мин. 1 мин. 16 мин. 7 мин. 4 мин. 16 мин. 5 мин. 4 мин. 18 мин. | Оқушыларға презентация арқылы екі термометрді және автоматты түрде жанатын көше шамдарын көрсетеміз. Термометрлердің арасындағы айырмашылықты, олардың бір-бірінен артықшылықтарын сұраймыз. Көше шамдарының жұмыс істеу принципі жайлы сұраймыз. Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Проблемалық сұрақ №1: Қазіргі таңда термисторлар үлкен сұранысқа ие. Оның қандай артықшылықтары бар? Кедергісі қандай физикалық шамаға тәуелді? Сынып оқушылары жұп болып жұмыс жасайды. Зерттеу арқылы оқу. Оқушыларға термистор, мультиметр, суы бар ыдыс, қыздырғыш элемент және термометр беріледі. Оқушылар зерттеу жүргізеді. Термистордың температураға тәуелділік графигін тұрғызады. Термистордың кедергісінің өзгеру себептерін болжайды. Қорытынды жасайды. Мұғалім оқушылардың оқу үдерісін бақылайды, бағалайды, кері байланыс жасайды, қажет болған жағдайда көмек көрсетеді. 1- проблемалық сұрақ бойынша қорытынды жасау. Рефлексия. Термистор туралы бейнежазба (ағылшын тілінде) Проблемалық сұрақ №2: Көше шамдары күн батқанда автоматты түрде қосылады және таң атқанда автоматты түрде ажыратылады. Мұнда негізгі функцияны атқаратын фоторезистор болып табылады. Фоторезистордың жұмыс істеу принципі қандай құбылысқа негізделген? Сынып оқушылары жұп болып жұмыс жасайды. Зерттеу арқылы оқу. Оқушыларға фоторезистор, мультиметр және жарық көзі беріледі. Оқушылар фоторезистордың жарықтың интенсивтігіне тәуелділік графигін тұрғызады. Фоторезистордың кедергісінің өзгеру себептерін болжайды. Қорытынды жасайды.
2- проблемалық сұрақ бойынша қорытынды жасау. Рефлексия Фоторезистор туралы бейнежазба (ағылшын тілінде) Жеке жұмыс. Оқушылар Cambridge IGCSE_0625 Physics тест сұрақтары және құрылымдық тапсырмаларымен жұмыс жасайды. Оқушылардың оқу үдерісін бақылау, бағалау, кері байланыс жасау, қажет болған жағдайда көмек көрсету. | Презентация Термистор Қажетті құрал жабдықтар. Физикадан қысқаша анықтамалық Бейнежазба Фоторезистор Қажетті құрал жабдықтар. Физикадан қысқаша анықтамалық Бейнежазба Жұмыс парағы | ||||||
Сабақтың соңы 2 мин. | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | |||||||
үлестірме материал
Фоторезистор және термистор
1 | Фоторезистор (light-dependent resistor/LDR) - фоторезисторға түсетін жарықтың интенсивтігі артса кедергісі кемитін жартылайөткізгішті аспап. Қараңғыда кедергісі үлкен мәнге ие болады, бірақ жарық түссе кедергісі кемиді. LDRs have a high resistance in the dark but a low resistance in the light. They can be used in electronic circuits which switch lights on and off automatically. | фоторезистор | ||
2 | Термистор/терморезистор (NTC thermistor) – температураcы артса кедергісі кемитін жартылайөткізгішті аспап. Thermistors have a high resistance when cold but a much lower resistance when a hot. They contain semiconductor materials. Some electrical thermometers use a thermistor to detect temperature change. | термистор | ||
3 | Термистордың және фоторезистордың кедергілерінің өзгеру графиктері | |||
Оқу мақсаты | Қорытынды |
10.4.4.4 термисторлар мен фоторезисторларды қолдануды түсіндіру |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру