Электр өрісінің энергиясы. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2А бөлім – Электр өрісі

Күні:

Сынып: 10

Мектеп: ФМБ НЗМ Семей қаласы

Мұғалімнің аты –жөні: Ахтанбердина А.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр өрісінің энергиясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.10 – электр өрісінің энергиясын есептеу

Сабақ мақсаттары

  • Зарядталған конденсатор энергиясын есептеуге арналған формуланы білу және оны есептер шығаруда қолдана алу

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Электр өрісі энергиясының физикалық мағынасын түсіндіреді;
  • Зарядталан конденсатордың энергиясын есептейді

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша арнайы сөздер мен терминдер:

Электр заряды, электр өрісі, өріс сызықтары, кернеулік, өткізгіш, диэлектрик

Ауызша және жазбаша сөзге арналған қажетті сөйлемдер

Конденсаторға электр заряды берілгенде....

Кернеу артқан кездегі конденсатор астарларындағы заряд .....

Конденсатор сыйымдылығы тәуелді.....

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды өз бетімен орындау)
  • Оқушылардың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
  • Оқушылар арасында бір-біріне деген құрметті қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Математика және техника

АКТ қолдану дағдылары

Презентация Power Point

Бейнефрагменттерді көру және анализ жасау

Бастапқы білім

Заряд, электр өрісі, өріс сызықтары, өріс кернеулігі, электр өрісі энергиясы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаттарымен таныстыру

Өткен материалды қайталау

  • Электрсыйымдылық деп нені атайды?
  • Электрсыйымдылықты анықтауға арналған формула
  • Электрсыйымдылықтың өлшем бірлігі қандай?
  • Электрсыйымдылық неге тәуелді және тәуелсіз?
  • Шардың электрсыйымдылығын анықтауға арналған формуланы жазыңыз
  • Конденсатор дегеніміз не?
  • Зарядталған конденсатор дегеніміз...
  • Конденсатордың қандай түрлерін білесіз?
  • Жазық конденсатордың электрсыйымдылығын анықтауға арналған формуланы жазыңыз.
  • Конденсаторлардың қолданылу аясы

Білімдерін шыңдау.

Қайталауға арналған есептер (ауызша).

  • Конденсатор сыйымдылығы 40 пФ-қа тең. Осы сыйымдылықты фарад және микрофарадпен өрнектеңіз.
  • Жазық конденсатордың астарлары арасындағы арақашықтықты 3 есе арттырса электрсыйымдылығы қалай өзгереді?
  • Сыйымдылығы 20 мкФ конденсаторды 100 В кернеуге дейін зарядтайды. Конденсатор заряды неге тең?
  • Жазық конденсатордың платиналарының ауданы және олардың арасындағы арақашықтығы бірдей уақытта 2 есе артса, онда электрсыйымдылығы қалай өзгереді? (өзгермейді).

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру

  • Конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын қорыту.
  • Зарядталған және зарядталмаған конденсатордың энергиясын анықтауға арналған формуланы қорытып шығару.
  • Энергия тығыздығы формуласын қорытып шығару.
  • Конспект жазу

Сабақты бекіту (Есептер шығару)

  • Электрсыйымдылығы 500 пФ жазық конденсаторға 2*10-6 Кл заряд беріледі. Конденсатордың электр өрісі энергиясын анықтаңдар.
  • Конденсаторлардың электрсыйымдылықтары бірдей және әрқайсысы 600 мкФ болса, суретте көрсетілген конденсатордың қуат көзінің (батарея) электрсыйымдылығын анықтаңдар.

  • Бірінші конденсатрдың сыйымдылығы 200 пФ, ал екіншінің – 1 мкФ.Осы конденсаторларда жиналған зарядты анықтаңдар. Бұл екі конденсаторда бір тұрақты кернеу көзінің полюстеріне қосылған.
  • Сыйымдылығы 50 мкФ конденсатор потенциалдар айрымы 60В –қа дейін зарядталған. Конденсатор зарядын есептеңдер. Конденсатор энергиясын есептеңдер. Астарларындағы кернеуі 120 В –қа жеткен кездегі конденсатор энергиясын есептеңдер.
  • Сыйымдылығы 1000 мкФ конденсатор 2 Дж энергия дейін зарядталған. Конденсатор астарлары арасындағы потенциалдар айырымын есптеңдер.

Презентация, мұғалімнің ддактикалық материалы

Сабақтың соңы

Рефлексия

Рефлексия – «кері байланыс»;оқушылар өз іс- әрекеттерін бағалайды. (өзін – өзі бақылау).

Үйге тапсырма: конспекті оқу, есептер шығару

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мектеп құндылықтарын іске асыруға қандай мүмкіндіктер бар?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу