Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика, 10 сынып, қосымша материал.


Оқушының аты-тегі ______________________________________ сынып ___________

Қалыптастырушы бағалау

Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну: электрондық теория тұрғысынан металл өткізгіштердің зарядталуын, электростатикалық индукция құбылысын біледі

Қолдану: телриядан игерген білімдерін құбылыстың сырын түсіндіруге қолданады.

Талдау: сапалық есептерді шығару барысында сраптау және талдау жүргізе алады.

1. Жібек жіпте алюминий гильза ілулі тұр. Гильза зарядталғанын немесе зарядталмағанын қалай тексеруге болады? Егер зарядталған болса, оның зарядының таңбасы қандай болғаны?

№2. Зарядталған электрометрге бірталай алыс қашықтықтан теріс зарядталған денені жақындатады. Денені жақындату барысында электрометрдің көрсетуі басында азайып, біраз уақыттан кейін қайтадан арта бастайды. Электрометрдің зарядының таңбасы қандай?

№3. Қандай жағдайда зарядталмаған металл фольга жапырақшасы алыс қашықтықтан зарядталған таяқшаға тартылады: ол жерлестірілген болат жапырақшасының үстінде жатқанда ма, әлде құрғақ шынының үстінде жатқанда ма?

4. Зарядының модульдері бірдей, бірдей және әртүрлі таңбамен зарядталған, көлемдері бірдей шарлардың өзара әрекеттесу күштерін салыстырыңыздар. Шарлардың арақашықтығы олардың радиустарымен өлшемдес.

4. Зарядының модульдері бірдей, бірдей және әртүрлі таңбамен зарядталған, көлемдері бірдей шарлардың өзара әрекеттесу күштерін салыстырыңыздар. Шарлардың арақашықтығы олардың радиустарымен өлшемдес.

№5. Зарядталған таяқша бар болса, оның көмегімен оқшаулағыш тағанға орналасқан екі металл шарларды сан мәндері жағынан тең, таңбалары жағынан қарама-қарсы етіп қалайша зарядтауға болады?

№6. Біртекті электр өрісіне металл шарды енгізген. Шар бетіне жақын жерде электр өрісі біртекті болып қала бере ме?

№7. Зарядталған электрометрге жақындатады: а) оқшауланған, зарядталмаған өткізгішті; б) жерлестірілген өткізгішті. Әр жағдайда электрометрдің көрсетуі қалай өзгерді?

№8. Зарядталмаған алюминий гильзаға зарядталған денені жақындатады. Гильза әлі де денеге тартылмай тұратын, бірақ оған саусақты тигізген сәтте-ақ денеге тартыла қалатындай арақашықтықтың мәнін таңдап алуға бола ма? Құбылысты түсіндіріңіздер.

№1. Жауабы: тексеру үшін оған қандай да бір зарядталған денені жақындату керек. Заорядының таңбасын жақындатқан денеге тартылды ма, тебілді ме, соған қарап анықтайды.

2. Жауабы: оң таңбалы

№3. Жауабы:

Егер зарядталмаған металл фольга жапырақшасы жерлестірілген болат жапырақшасының үстінде жатса, онда оған зарядталған таяқшаны жақындатқанда осы жапырақшаның бойында таяқшаның зарядына қарама-қарсы таңбалы, сан мәні таяқша зарядынан анағұрлым жоғары болатын электр заряды индукцияланады. Сондықтан, болат жапырақшасының үстінде жатқан жапырақша зарядталған таяқшаға тартылады.

4. Жауабы:

шарлар әр аттас зарядталғанда олардың арасындағы әрекеттесу күші көбірек болады, себебі, бұл жағдайда r1 < r2. Ал, кулондық әрекеттесу күшінің мәні арақашықтықтың квадратына кері пропорционал.  №5.жауабы: Шарларды бір-біріне тиістіріп қойып, зарядталған таяқшаны жақындату. Содан кейін шарларды қайтадан ажырату. Екі шар да сан мәндері жағынан тең, таңбалары жағынан қарама-қарсы болып зарядталады.

6.жауабы: жоқ, біртекті болып қалмайды.

7.жауабы: Әр жолы кеміді, бірақ екінші ретте көбірек кеміді.

8.жауабы: Адамның саусағы / қолы жерлестірілген болып есептеледі.Сондықтан, саусақты жақындатқанда индукцияланған зарядтың біраз бөлігі жерге ағады да, олардың арасындағы тартылу күшінің мәні артады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу