№1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау». Физика, 10 сынып, қосымша материал 1.


Зертханалық жұмыс № 1. «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау»

Мақсаты: физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау.

Құрал-жабдықтар: өлшеуге арналған арбаша, арбашаға арналған кішкене жалауша, тіреуші болт, жүк 50 г, штатив негізі, штативті өзекше (100 мм), штативті өзекше (250 мм), штативке арналған ұстағыш (муфта), 2-1 таймер, фотоворота, фотоворота үшін адаптер, сары, көк, қызыл сым (32 А, 1000 мм). Екі рельс (500 мм-ден).

 Қажетті материал: Өлшеу кезінде орын алатын қателіктер үш типті болады – жүйелік, кездейсоқ және дөрекі қателер.

 Егер эксперимент барысында құралдардың құрылысында ақаулар болса немесе аспаптар дұрыс орналастырылмаса, өлшеу тәсілдұрыс таңдалмай немесе формула дұрысқорытылмаған болса, онда жұмыс нәтижесінде жүйелік қателер орын алу мүмкін.Бұл қателер барлық қайталанатын тәжірибелерде кездеседі. Практикалық жұмыс барысына сыртқы факторларға тәуелді өзгертулерді енгізіп, жүйелік қателерді азайтуға болады.

 Жүйелік қате шаманың нақты мәнін арттыру немесе кеміту мүмкін. Сол себептен абсолют қателік « ± » арқылы жазылады.

 Кездейсоқ қателердің себептері әр түрлі: температураның өзгеруі, жер сілкінісі, жел, мұндай жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес.Кездейсоқ қателергеэкспериментатордың көру, есту қабілетіндегі ақаулар әсер ету мүмкін. Өлшенетін заттың өзіндік қасиеттерімен байланысты болатын қателер де кездейсоқ деп саналады.

Кездейсоқ қателердің эксперимент нәтижесіне әсерін азайту үшін тәжірибелерді бірнеше рет қайталаған дырыс. Егер кездейсоқ қате аспап қателігінен төмен болса, көп рет қайталаудың қажеті жоқ. Ал егер кездейсоқ қате аспап қателігінен үлкен болса, тәжірибені ең кемінде 5 рет қайталағаны дұрыс.

 Дөрекі қателер экспериментаторың аспаптан өлшемді дұрыс жазып алмауынан, есептеулерде қате жібергеннен пайда болу мүмкін. Мұндай қателерді өте тез байқауға болады, өйткені олардың басқа өлшеулер мәндерінен айырмашылығы өте үлкен болады. Дөрекі қателерді түзету үшін өлшеулерді қайтадан жасау керек. Сонымен, нақты мәндер жатқан интервал жүйелік және кездейсоқ қателермен анықталады.

 Жұмыстың орындалуы:

1-сурет. Теңайнымалы қозғалысты зерттеу үшін арналған қондырғының жалпы түрі

2-сурет. Таймер 2-1.

1-суретке сәйкес рельстің екі бөлігін қосыңыз, қондырғыны жинаңыз. Фотоворотаны таймерге қосыңыз. Фотоворотаны таймерге қосыңыз. Фотоворота және таймердің корпусындағы сымдарды түстері бойынша жалғаңыз. Арбашаға кішкене жалаушаны кигізіңіз. Арбашаға 50 г жүкті бекітіңіз. Тimer 2-1 аспабының сөндіргішін (2) оң қалпына қосыңыз, (6) қосқышты солдан үшінші қалыпқа қосыңыз. Бұл жағдайда аспапбірінші және екінші бөгетті өту уақытын өлшейді.

  • Өлшеу алдында Тimer 2-1 аспабының Reset нүктесін басуды ұмытпаңыз.
  • Арбашаны еңіс жазықтығының жоғарғы нүктесінен жіберіңіз, оны итермеңіздер.
  • Фотоворотаны бір-бірінен 10 см, 9 см ... т.б арақашыққа қойып, арбашаның жүрген уақытын есептеңіз де, 1-кестенің үшінші бағанына жазыңыз.
  • Тimer 2-1 аспабының абсолютті қателігін 1-кестенің төртінші бағанына жазыңыз.
  • Сызғыштың бөлік құнын тауып, бөлік құнын екіге бөлу арқылы абсолютті қателігін табыңыз және оны 1-кестенің екінші бағанына жазыңыз.
  • Лездік жылдамдықтың формуласы .
  • 2-кестені толтырыңыз.
  • 3-кестені толтырыңыз.

1-кесте.

S. см

Сызғыштың абсолютті қателігі

, см

t.c

Таймердің абсолютті қателігі

, c

, м/с

Абсолютті қателік, м/с

Үдеу, a=v/t

м/

Абсолютті қателік,

a=v/t

м/

10

9

8

7

6

5

4

3

2-кесте

Физикалық шама

Қателікті ескере отырып, физикалық шаманың мәні

Мысалы: V=

Жол

Уақыт

Жылдамдық

Үдеу

3-кесте

Физикалық шама

Салыстырмалы қателіктің формуласы

Салыстырмалы қателіктің мәні

S=S1 +S2 +S3

  • 1-кестеден жылдамдық пен уақыттың мәндерін алып, жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңыз.
  • Пайда болған түзу нені білдіреді?
  • Үдеудің пайда болуының басты себебі не болды?
  • Оның өлшем бірлігі қандай?
  • Өлшеу нақтылығын ескеріп, физикалық мәндердің соңғы мәндерін жазыңыз.
  • Тәжірибеде қателіктердің қай түрі кездесті?
  • Қорытынды жасаңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу