Есеп шығару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Оптикалық құралдар
  • Мектеп: НЗМ ХББ Петропавл қаласы
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 8
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы
  • Есеп шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.5.1.9 -жұқа линзада сәуленің жолын салу және алынған кескінге сипаттама беру;

8.5.1.11 -жұқа линза формуласын және линзаның сызықтық ұлғаю формуласын есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

-жұқа линзада сәуленің жолын салу және алынған кескінге сипаттама беру;

-жұқа линза формуласын және линзаның сызықтық ұлғаю формуласын есептер шығаруда қолдану;

 Жетістік критерийлері

Оқушы:

-жұқа линзада сәуленің жолын салады және алынған кескінге сипаттама береді;

-жұқа линза формуласын және линзаның сызықтық ұлғаю формуласын есептер шығаруда қолданады;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

- жұқа линзада алынған кескінді сипаттайды;

- алынған кескіндерді линзалардың және заттың өзара орналасуына байланысты дәлелдейді.

Пәндік лексика және терминология:

жалған, нақты, үлкейтілген, кішірейген, тура, кері, өлшемдері тең, бас оптикалық ось, фокустық арақашықтық, фокалді жазықтық, оптикалық центр.

Диалогқа / жазуға қажетті сөз тіркестері:

Заттың кескінін салуға екі сәуле пайдаланылады:

Бірінші сәуле заттың ең жоғарғы нүктесінен бас оптикалық оське параллель өтеді.

Сәуле линзада сынып фокус нүктесінен өтеді.

Екінші сәуле заттың ең жоғары нүктесінен линзаның оптикалық центрі арқылы линзаның центрінен сынбай өтеді.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Нәтижелі қарым-қатынас дағдысын дамыту ,сыныптастарының көзқарастық пікірлеріне сыйластықпен қарау

АЖ білу және түсіну: қоршаған ортаға қамқор беру

АЖ құндылығы: сыныптастарының ойларын құрметпен тындау

АЖ дағды: диалог жасай білу, шешу жолдарын ұсыну.

Тақырыптың шешуші сәттерін жұптық және топтық талқылау кезіндегі құндылықтарды дарыту

 Пәнаралық байланыстар

геометрия, математика

 Кілтті дағдылар

әлуметтік дағды

  • топтық жұмыс: жеке және жұпта шығарылған есептердің шешу жолын талқылау (топ ішінде оқушылар бірін-бірі тыңдап, ой-пікірлерін ұсынады, жұмысты тиімді жасау үшін оқулыр топ ішінде рөлдерді бөліп дайындалады)
  • жұптық жұмыс

Бастапқы білім

Жұқа линза, линзада кескін салу және оны сипаттау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылармен бірге сабақ тақырыбын және мақсаттарын қою

Сабақтың ортасы

1. Жинағыш линзада бағыттауыштың кескінің салыңдар. Шыққан кескінге сипаттама беріңдер.

2. Суретте линзаның MN бас оптикалық осі, дене АВ және оның кескіні А1В1 көрсетілген. Оптикалық центрдің және фокустардың орналусуын анықтаңдар.

3. Егер MN бас оптикалық ось, А – жарқыраған нүкте, А1 –оның кескіні болса, линзаның оптикалық центрін және фокустарын аныықтаңдар. Линза түрін және кескін сипаттамасын анықтаңдар.

4. MN – бас оптикалық ось, А – жарқырап тұрған нүкте, А1, - оның кескіні. Сәулелер жолдарын салып, линзанын және оның фокустарының орналасуын анықтаңдар. Линзаның түрі және кескін сипаттамасы қандай?

5. Суретте жарық көзі S, оның кескіні S’және О1О2 бас оптикалық ось көрсетілген. Оптикалық центрдің және фокустардың орналасуын анықтаңдар.

6. Суретте линзанның MN бас оптикалық осі және линзадан сынуға дейінгі және сынғаннан кейінгі сәулелер. Линзаның және фокустың орналасуын анықтаңдар. Линзаның түрі қандай – жинағыш немесе шышыратқыш?

7. Cуретте АВ бағыттаушы және жұқа линзадағы оның A1B1 кескіні көрсетілген. Линзаның орналасуын және оның фокусын анықтаңдар.

Bilimland.kz

Сабақтың соңы

Сабақ мақсаттарына қарай сабақты қорытындылау, әр оқушы өз жетістігін бағалайды

2 сабақ

Сабақтың басы

Сабақ мақсаттарына қарай екінші сабақтң жоспарын құру

Сабақтың ортасы

8. Жинағыш линзадан 30 см қашықтықта орналасқан нәрсенің биіктігі 15 см, дененің кескіні линзадан 20 см жерде тұр.

(і) Линзаның фокус қашықтығын есептеңіз.

(іі) Линзаның сызықтық ұлғаюын анықтаңыз.

(ііі) Кескіннің өлшемін анықта және кескінді сипаттаңыз.

9. 1. Биіктігі 2 см денені салыңдар, оның астыңғы нүктесі оптикалық осьте орналастырыңдар. Дене кескіні шын және кішірейтілген шығу үшін денені орналастырыңдар. Денені G әрібімен белгілеңдер.

2. Фотоаппарат объективі берген кескінді сипаттаңдар. Схемалық суретті салыңдар.

3. Линза дененің шын және екі есе кішірейтілген кескінің береді. Денеден кескінге дейін қашықтық 80 см.

A) Шын кішірейтілген кескінді алу үшін дене қайда орналасу қажет?

_________________________________________________________________________

B)Осы жағдайда қандай линзаны қолданады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер _________________________________________________________________________________________________________________________________________

C)Сызықтық ұлғаю тең______________________________________

D)Линзадан кескінге дейін қашықтық _____________________________

E)Денеден линзаға дейін қашықтық _________________________________

F)Линзаның фокустық қашықтығы_____________________________

G)Линзаның оптикалық күші ____________________________________

Ұлғайтылған жалған кескінді алу үшін кескінді қалай жылжыту қажет?

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу