Электрсыйымдылық. Есеп шығару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Электростатика негіздері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электрсыйымдылық. Есеп шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.10 конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау

Сабақ мақсаттары

-электр сыйымдылығының және оның өлшем бірлігінің физикалық мағынасын білу және түсіну;

- C=Q/U формуласын білу және қолдану;

-жазық конденсатор формуласын білу және қолдану.

Бағалау критерийлері

- электр сыйымдылығының және оның өлшем бірлігінің физикалық мағынасын біледі және түсінеді;

- C=Q/U формуласын біледі және қолданады;

-жазық конденсатор формуласын біледі және қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электр сыйымдылығы, конденсатор, конденсатор түрлері

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

 Конденсаторларэлектр зарядын және электр өрісініӊ энергиясын жинақтайтын аспаптар.

 Конденсатор - диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш пластинадан құралады.

 Пластиналарының пішініне қарай конденсаторлар жазық, цилиндрлік және сфералық болып бөлінеді.

 Электр сыйымдылық – конденсатордың заряд сақтау қасиетін сипаттайды.

Электр сыйымдылығы – тек қана өткізгіштің (конденсатордың) пішініне және өлшемдеріне тәуелді.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында бір- бірін бағалау және бірігіп жұмыс жасай алу дағдысы қалыптасады.

 Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс есептер шығару және формулалар қорытып шығаруда.

Бастапқы білім

 

Электр сыйымдылығы. Конденсаторлар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 0-5 мин

1. Өткен сабақты еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар қоюға болады.

  • Конденсатор деп нені айтады?
  • Конденсатордың электр сыйымдылығы дегеніміз не?
  • Конденсатордың электр сыйымдылығын қалай анықтайды?
  • Жазық конденсатор сыйымдылығы қалай анықталады?
  • Конденсатор қай жерде қолданылады?

Әр оқушының жауабына мұғалім кері байланыс жасап түзетулер енгізеді немесе оқушыларды жауапты толықтыруға ынталандырады.

Презентация

Сабақтың ортасы 5-15 мин

15-30 мин

30-35 мин

2. Оқушылар қолдану дағдысын дамыту үшін есептер шығарады

  • Әрқайсысының ауданы S = 200 см2 болатын екі пластинадан тұратын, арасында қалыңдығы 0,1 см слюда парағы бар конденсатордың сыйымдылығын анықтаңдар.

Жауабы: 10,62 · 10-10 Ф

  • Жеке тұрған өткізгішке q = 1 · 10-9 Кл заряд беріп, оны φ = 100 В потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің фарадпен, микрофарадпен және пикофарадпен өлшенген сыйымдылығын анықтаңдар.

Жауабы: 10-11 Ф, 10 пФ, 10-5мкФ

Теориялық материалды қолдану дағдысын дамыту үшін оқушылар тест тапсырмаларын орындайды.

1. Оңашаланған өткізгішті 100 В потенциалға дейін зарядтап, 1,109 Кл электр зарядын жіберген өткізгіштің электр сыйымдылығы

A) 0,2 Ф.B) 0,011 Ф.C) 2 мкФ.D) 24 Ф.E) 40 Ф.2. Егер конденсатор астарларының арасы диэлектрик тұрақтысы  3 диэлектрикпен толтырылған болса, электр сыйымдылығы

A) 3 есе артады.B) 3 есе кемиді.C) 9 есе артады.D) 9 есе азаяды.E) 2 есе артады.3. Потенциалдар айырымы 1000В, конденсатордың заряды 5∙10-9 Кл. Осы конденсатордың электр сыйымдылығы.

A) 5∙10-12 Ф.B) 8∙10Ф.C) 3∙10Ф.D) 4∙10Ф.E) 5 Ф. 4. Жазық конденсатордың ауданы 520 см2. Конденсатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін пластина қашықтықтығы 

A) 0,02 м.

B) 0,01 м.

C) 100 м.

D) 4,1 м.

E) 5,1 м.

5. Зарядталған конденсатордың энергиясы 800 кДж. Конденсаторға 4 мкКл заряд берген. Сыйымдылығын анықтаңдар.

A) 100 мкФ.B) 10 мкФ.C) 40 мкФ.D) 200 мкФ.E) 20 мкФ.6. Конденсатор сыйымдылығы неге тәуелді? А)пластина ауданына ,пластина арақашықтығына,диэлектрик қасиетіне В)диэлектрик қасиетіне байланысты С) пластина ауданына D)өткізгіш кедергісіне байланысты E) пластина арақашықтығына 7.Халықаралық бірліктер жүйесінде сыйымдылық өлшем бірлігі не?А) 1 микрофарад B)1 милифарад C) 1 пикофарад D) 1 фарад E) 1 килофарад 

Бағалау критерийлері

Дескриптор

- электр сыйымдылығының және оның өлшем бірлігінің физикалық мағынасын біледі және түсінеді;

- C=Q/U формуласын біледі және қолданады;

-жазық конденсатор формуласын біледі және қолданады.

  • конденсатордың электр сыйымдылығын анықтайды;
  • электр сыйымдылығының қалай өзгеретінін талдайды;
  • пластина қашықтықтығы  анықтайды;
  • электр сыйымдылығының неден тәуелді екенін біледі:
  • электр сыйымдылығының өлшеим бірлігін біледі.

Оқушылар дұрыс жауапты қолданып, өзін өзі бағалау жүргізеді. қатемен жұмысты бір-біріне түсіндіре отырып жүргізеді. Барлық оқушыларда жіберілген қателікті мұғалім түсіндіреді.

Таратпа материал

35-40 мин

3 . Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

4. Үйге тапсырма:

§ 8.10 – 8.11

  • Кернеуі U = 120 В болатын ток көзінен q = 6 · 10-5 Кл заряд алатын конденсатордың сыйымдылығы қандай?

Жауабы: 0,5 мкФ

  • Слюдадан жасалған конденсатор астарларының ауданы S = 15 см2, ал астарлар арасындағы қашықтық d = 0,02 см. Конденсатордың сыйымдылығы қандай?

Жауабы: 400 пФ

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы, талдауға қатысуға көмектесу. Қабілетті оқушылар сыйымдылық формуласын қолданып есептер шығарады.

Өздік жұмысты бақылау, есептер шығарту арқылы формуланы қолдану дағдысын бағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу