Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Конденсаторлардың жалғануына есептер шығару. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
  • 10.3 A – Электр өрісі
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 10
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы
  • Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Конденсаторлардың жалғануына есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 10.4.1.8 – конденсатор сыйымдылығының параметрлерге тәуелділігін зерттеу;
  • 10.4.1.9 – конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Сабақ мақсаттары

Электрсыйымдылығының формуласын қолдану арқылы есептер шығару. Конденсаторларды тізбектей және параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері

  • Конденсатор түрлері мен оның қарапайым тізбектегі ролін сипаттайды;
  • C=q/U формуласын қолдану арқылы есептер шығарады;
  • Конденсаторлардың құрылысы және түрлерін меңгереді;
  • Конденсаторларды тізбектей жалғау формулаларын есеп шығаруда қолданады;
  • Конденсаторларды параллель жалғау формулаларын есеп шығаруда қолданады;
  • Электр өрісінің энергиясының формуласын қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: конденсатор конденсатордың сыйымдылығы электрлік потенциалдық энергия заряд жинайды зарядынан айырады босатады зарядтың бөлінуі

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Конденсатор

Конденсатор

Capacitor

Электрсыйымдылық

Электроемкость

capacitance

Параллель жалғау

Параллельное саединение

Parallel connection

Тізбектей жалғау

Последовательное соединение

Series connection

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Аккумулятор конденсаторды зарядтау үшін жұмыс істейді.

Конденсатор энергияны сақтайды.

Электрлік потенциалдық энергия конденсатор қуатынан айырылған (разрядталған) кезде босатылады

Зарядталған конденсаторда жинақталған электр энергиясы жарқылдаған шамнан жарық энергиясына түрленеді.

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жасау)
  • Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру

Оқушылар арасында бір-біріне деген құрметті қалыптастыру

 Пәнаралық байланыстар

математика

АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektrostatika/lesson/ehlektrsyi-ymdylyq

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektrostatika/lesson/kondensatorlar

https://learningapps.org/3112131

https://learningapps.org/4474985

Бастапқы білім

Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар.Конденсаторлардың жалғануы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөліну.

Оқушыларға «ABC» әдісін қолдана отырып, топтарға бөледі.

А,В және С әріптері

Сабақтың ортасы

2 мин

8 мин

10 мин

5 мин

10 мин

«Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторлардың жалғануы» тақырыптарын қайталауға арналған «Биржа» ойыны ойнатылады. Ойын 4 кезеңнен тұрады.

Әр фирманың старттық капиталы – 50$. Фирмаға берілген тапсырманы орындаса, онда фирманың капиталы тапсырма бағасына дейін ұлғаяды. Ал егер жауап дұрыс болмаса, онда фирманың капиталы тапсырма бағасына дейін азаяды. «Ақша бірлігі» жоғары болған фирма жеңімпаз атанады. Әрбір топ мүшелерінің жұмыс атқаруына қосымша 10 $ .

І кезең. Эрудиттер  сайысы

Топтар  «Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторлардың жалғануы» тақырыбына байланысты «Иә, жоқ» әдісін қолдана отырып, топтар шапшаң түрде берілген сұрақтарға дұрыс жауап берулері тиіс. Мұғалім сұрақтарды ауызша қояды, оқушылар тыңдай отырып өз жауаптарын айтады. Осы арқылы оқушылардың тыңдалым дағдысы бағаланады. Әр дұрыс жауап 10 доллармен есептеледі. Оқушылардың жауабын мұғалім бағалайды.

«А» тобына қойылатын сұрақтар:

  • Жерден оқшауланған өткізгішті алып, оны басқа өткізгіштерге қатысты орнын өзгертпей электрлегенде, мұндай өткізгіштің зарядының өткізгіштің потенциалына кері пропорционал екенін көрсетеді. (жоқ)
  • Өткізгіштің электрсыйымдылығы осы өткізгіштің потенциалын бір бірлікке арттыруға қажетті заряд мөлшерімен өлшенеді. (иә)
  • (иә)
  • Фарад өте кіші шама, практикада электрсыйымдылықты көбіне макрофарадпен және гегафарадпен өлшейді.(жоқ)
  • Екі пластинкадан тұратын жазық конденсатордың сыйымдылығы пластинканың ауданына, диэлектрлік өтімділік шамасына тура пропорционал және диэлектриктің қалыңдығына кері пропорционал.(иә)

«В» тобына қойылатын сұрақтар:

  • Өткізгіштің потенциалы 1 В болу үшін оған қандай заряд беру қажеттігін көрсететін физикалық шама конденсатор деп аталады. (жоқ)
  • Оқшауланған өткізгіш шардың электрсыйымдылығы оның радиусына тура пропорционал (иә)
  • Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады (иә)
  • Жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйе конденсатор деп аталады (иә)
  • Конденсаторларды параллель жалғаған коненсаторлардың заряды тең болады(жоқ)

«С» тобына қойылатын сұрақтар:

  • Зерттеулер өткізгіштің электрсыйымдылығы өткізгіштің өлшемі мен пішініне және сыртқы жағдайларға тәуелі екенін көрсетеді (иә)
  • 1 Фарад дегеніміз – потенциалын 1 В-қа арттыру үшін 1Кл заряд керек болатын өткізгіштің электрсыйымдылығы.(иә)
  • Өткізгіштің электрсыйымдылығы оған екінші зарядталмаған өткізгішті жақындатқанда артады (иә)
  • Екі өткізгіштің арасында қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын кемітеді. (жоқ)
  • Тізбектей жалғанған конденсаторлардың сыйымдылығы жекеленген конденсатор сыйымдылықтарының қосындысына тең (жоқ)

ІІ  кезең. Білім  аукционы

Тақырыптар бойынша әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы әр топ өз ақша қорын жинайды. Әр дұрыс жауап құны – 50 доллар. Әр топ бір-бірін бағалайды.

«А» тобына арналған сұрақтар:

  • Өткізгіштің электрсыйымдылығы деп нені түсінеміз?
  • Шардың электрсыйымдылығы ондағы заряд мөлшеріне қалай тәуелді?
  • Конденсатор деген не?
  • Қандай жағдайда зарядталған металл өткізгіштер конденсатор бола алады, ал қандай жағдайда бола алмайды?
  • Конденсатордың электрсыйымдылығы: а)астарларындағы зарядқа,ә)оның астарлары арасындағы ортаның диэлектрик өтімділігіне қалай тәуелді?

«В» тобына арналған сұрақтар:

  • 1 фарад электрсыйымдылық деп нені түсінеміз?
  • Жекеленген шардың электрсыйымдылығы оның өлшеміне қалай тәуелді?
  • Конденсатордың қандай түрлерін білесіңдер?
  • Конденсатордың электрсыйымдылығының анықтамасын беріңдер.
  • Жазық конденсатордың екі астарындағы зарядтар 2 есе артса оның сыйымдылығы қалай өзгереді?

«С» тобына арналған сұрақтар:

  • Диэлектрик денелердің электрсыйымдылығы туралы не айтуға болады?
  • Шарды ауадан тазартылған суға салғанда, оның электрсыйымдылығы өзгере ма?
  • Конденсатор түрлерінің құрылысы қандай?
  • Конденсатор заряды дегенді қалай түсінесіңдер.
  • Жазық конденсатордың бір астарындағы заряд бастапқы күйінде қалып, ал екіншісіндегі заряд 3 есе артса оның сыйымдылығы қалай өзгереді?

ІІІ кезеңТаңдау-табыс. «Электр заряды, электрлену», «Кулон заңы», «Электр өрісінің кернеулігі», «Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер» және «Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар» тақырыптарына байланысты физикалық терминдер беріледі. Осы термин сөздер арқылы белгілі бір физикалық ойлауға негізделген сөздер тобын жинастырады, байланысы жоқ сөздерді табады. Әр топ орындап болған тапсырмаларын басқа топпен ауыстырып, жауабын презентация арқылы тексереді.Әр топ бірін-бірі бағалайды.

«А» тобына арналған тапсырма:

Поляризация, өткізгіш, электростатикалық индукция, электрометр, электрлену, зарядтар қозғалысы.

(Бұл терминдер физикалық құбылыстар мен процестер болып табылады. Физикалық құбылыстарға жатпайтыны - электрометр. Себебі, электрометр физикалық құрылғы болып табылады).

«В» тобына арналған тапсырма:

Кернеулік, потенциалдар айырымы, электрсыйымдылығы, потенциал, электр өрісі, диэлетрик өтімділігі, жұмыс.

(Жоғарыда аталғандар - физикалық шамалар. Физикалық шама болып табылмайтыны - электр өрісі. Себебі, электр өрісі физикалық түсінік болып табылады).

«С» тобына арналған тапсырма:

Электрон, микроскопиялық дене, электрлену, карандаш, молекула, дәптер, өткізгіш.

Берілген терминдер физикалық денелер деп аталады. Ал электрлену – физикалық құбылыс.

ІV кезең. Есептер  аукционы. Әрбір  топқа құны көрсетілген есептер жасырылады. Әр топ 2 есеп таңдау мүмкіндігі бар. Егер оқушылар таңдап алған есептерін дұрыс шығарса, құны көрсетілген есептің ақшасын алады. Оқушылар шығарған есептерін мұғалімге тексерту арқылы бағаланады.

  50$ тұратын есептер:

  • Оқшауланған өткізгіштің электр сыйымдылығы 25 мкФ кернеуінің шамасы 4В болатын конденсаторға жинақталған заряд шамасы қандай?
  • Кернеуі U = 120 В болатын ток көзінен q = 6 · 10-5 Кл заряд алатын конденсатордың сыйымдылығы қандай?
  • Заряды 8 мкКл конденсатордың энергиясы 600 кДж. Сыйымдылығын анықтаңдар.

100 $ тұратын есептер:

  • Жазық конденсатордың пластиналар арасында қалыңдығы d=0,1 мм слюда қабаты орналастырылады. Электр сыйымдылығы 1 мкФ болғанда, оның пластиналарының ауданы? (Ɛ =6 )
  • Жеке тұрған өткізгішке q = 1 · 10-9 Кл заряд беріп, оны φ = 100 В потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің фарадпен, микрофарадпен және пикофарадпен өлшенген сыйымдылығын анықтаңдар.
  • Слюдадан жасалған конденсатор астарларының ауданы S = 15 см2, ал астарлар арасындағы қашықтық d = 0,02 см. Конденсатордың сыйымдылығы қандай?

500 $ тұратын есептер:

  • Сыйымдылығы 470 мкФ, 100 мкФ және 47 мкФ үш конденсатор тізбектей жалғанып, кернеуі 12 В батерея полюстеріне қосылды. Бірінші, екінші және үшінші конденсаторлардың астарлары арасындағы кернеу қандай? Конденсаторлардың әрқайсысының зарядтарының шамасы мен тізбектегі жалпы сыйымдылық қандай? Тізбектің схемасын сызыңыз.
  • Сыйымдылығы 470 мкФ, 100 мкФ және 47 мкФ үш конденсатор параллель жалғанып, кернеуі 6 В батерея полюстеріне қосылды. Бірінші, екінші және үшінші конденсаторлардың астарлары арасындағы кернеу қандай? Конденсаторлардың барлық зарядтарының шамасы мен тізбектегі жалпы сыйымдылық қандай? Тізбектің схемасын сызыңыз.
  • Сыйымдылығы 47 мкФ және 100 мкФ параллель және оларға 470 мкФ үшінші конденсатор тізбектей жалғанып, кернеуі 12 В батерея полюстеріне қосылды. Бірінші, екінші және үшінші конденсаторлардың астарлары арасындағы кернеу қандай? Конденсаторлардың барлық зарядтарының шамасы мен тізбектегі жалпы сыйымдылық қандай? Тізбектің схемасын сызыңыз.

Презентация

Қосымша 1

Әр топқа тапсырма жазылған қағаздар таратылады, жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі.

Сабақтың соңы

2 мин

Үй тапсырмасы: Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Конденсаторлардың жалғануына есептер шығару

Рефлексия

Рефлексия – оқушылар өз іс- әрекеттерін бағалайды. (өзін – өзі бақылау, толқыныс).

Activity

«Бәрі сенің қолыңда»:

Оқушылар өз қолдарын параққа қойып, алақандарының бейнесін қағаз бетіне түсіреді. Әр саусақтың өзіндік пікірлерін білдіретін ұстанымдары бар. Олар:

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты;

Балан үйрек – маған қиын болды (ұнаған жоқ);

Ортан терек – мен үшін жеткіліксіз болды;

Шылдыр шүмек – менің көңіл-күйім;

Кішкентай бөбек – менің ұсыныстарым.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу