Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


 Жарықтың түзу сызықты таралу заңы.

 Оқу мақсаты: Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу;

 Теориялық материал

 Жарық

 Күнделікті тұрмыстан жарық құбылыстарына мысалдар келтіреміз.

 (D) http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07c-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_1.swf

 Жарық құбылыстарына мысалдар

 Оптика – жарық құбылыстарын зерттейтін физиканыӊ бір бөлімі.

 Жарық - бұл жиілігі 7,5·1014 Гц – 4·1014 Гц (толқын ұзындығы ≈400 нм - ≈760 нм) интервалдағы адамда көру сезімін пайда ететін электромагниттік толқындар (көрінетін жарық) (Физикалық энциклопедия. М.1994.).

 

 Жарық көздері

 Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді: табиғи және жасанды жарық көздері.

 http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07c-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_1.swf

 Табиғи жарық көздері: Күн, жұлдыздар, найзағай, өзінен жарық шығарушы жәндіктер т.б.

 

 Жасанды жарық көздері екіге бөлінеді: жылулық және люминесценцияланатын (салқын жарық көздері).

 Жылулық жарық көздері:

 

 Люминесценцияланатын жарық көздері (салқын жарық көздері): күндізгі жарық шамдары, теледидар экраныныӊ жарығы т.б.

 

 

 

 Жарық сәулесі – жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық. Жарық сәулесі толқын шебіне перпендикуляр жүргізілген және толқын ұйытқуының таралу бағытын көрсетеді.

 

 Жарық шоғы және жарық сәулелері

 Нүктелік жарық көздері (физикалық модель) – қарастырылып жатырған жағдайда өлшемдері еленбейтіндей жарық көздері.

 Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық біртекті мөлдір ортада түзу сызық бойымен таралады (көленкенің пайда болуы).

 Жарықтың түзу сызықты таралу заӊын Евклид (б.э.д 325-265 ж.) тапқан.

  http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_2.swf

 

 Көлеӊкеніӊ пайда болуы жарықтыӊ түзу сызықты таралуыныӊ дәлелі болып табылды

 Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы: жарық шоқтары ортада бір-бірінен тәуелсіз таралады.

 

 Көлеӊке және жарты көлеӊке

 Көлеӊке – жарық сәулесі жетіп бармайтын аймақ.

 http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_2.swf

 

 Егер нәрсеге нүктелік жарық көзінен шыққан жарықты бағыттасақ, онда экранда шекаралары анық болған көлеӊке пайда болады.

Жарты көлеӊкеніӊ пайда болуы

 Егер нәрсеге нүктелік емес жарық көзінен шыққан жарықты бағыттасақ, онда экранда көлеӊке және жарты көлеӊке пайда болады.

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_2.swf

Көлеӊкеніӊ және жартылай көлеӊкеніӊ пайда болуы

Күнніӊ және Айдыӊ тұтылуы

(D) http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba07d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_2.swf

Күнніӊ тұтылуы: Ай Күнмен Жердіӊ ортасында орналасқан кезінде Айдыӊ көлеӊкесініӊ Жерге түсу құбылысы.

Айдыӊ тұтылуы: Ай Жердіӊ көлеӊкесінде қалу құбылысы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу