Электр тогы. Ток күші. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақтың жоспары

  • САБАҚ:
  • Бөлім : 8.3А Тұрақты ток
  • мектеп: НЗМ ХББ
  • Күні: 09.01.2018ж
  • Оқытушының аты-жөні: Оспанова Е.Е.
  • Сынып: 8
  • Қатысушылар саны:

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

  • Электр тогы. Ток күші

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

  • 8.4.3.1 - электр тогының пайда болуы және бар болуының шарттарын түсіндіру
  • 8.4.3.3 -ток күшінің формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар білуі тиіс: Электр тогының пайда болу шарттарын, электр тогының әрекеттері электр тогы көздерін, электр тогын өндіру тәсілдерін, электр тізбегі символдарын біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Электр тізбегі символдарын қолданып, қарапайым электр тізбегінің схемасын сызады және қарапайым электр тізбегінің элементтерін біле отырып, оны құра алады;

Кейбір оқушылар орындай алады: Қалта шамын жасай алады;

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғарғы деңгейдегі дағдылар

Электр тогының пайда болу шарттарын білу;

Электр тогы зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы екендігін түсіну;

метал өткізгіштегі электр тогы, сол токқа кері бағыттағы электрон деп аталатын теріс зарядталған бөлшектердің ағынынан пайда болатындығын білу;

Тоқты зарядталған бөлшектер ағымы ретінде анықтай алады;

ток күшінің уақыт бірлігінде ауысқан зарядталған бөлшектердің мөлшеріне тәуелді екендігін түсінеді;

тізбек элементтерінің шартты белгілерін біледі;

тізбек сызбаларын сала алады;

жүйелі тізбектің әртүрлі бөліктеріндегі ток күшінің мәндерін салыстыра алады.

Электр тогының анықтамасын біледі;

электрондардың өткізгіш арқылы қозғалатынын біледі;

ток күшінің бірлігін біледі;

ток күшін өлшейтін құралды біледі;

амперметрді тізбекке, яғни жүйелі түрде қалай дұрыс қосуды біледі;

шартты тоқ бағытын (оң полюстен теріс полюске қарай) және электрондар ағымын (терістен оңға қарай) сызбаларда дұрыс көрсетеді;

тоқ бағытын және электрондар ағымын анықтауда екіден артық (бес мысал ішінен) қателік жібермейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындайды

Электр тогының пайда болу шарттарын біледі

Өздері жоспарлап қалта шамдарын (фонарик) жасайды және жасау жолдарын түсіндіре отырып, ауызша айтып беру

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Электрлік құбылыстар-электрические явления- phenomena

Заряд- заряд-charge

Оң заряд- положительный заряд-positive charge

Теріс заряд-отрицательный заряд- negative charge

Электр өрісі –электрическое поле- Electric field

Электр өрісініӊ кернеулігі-напряженность электрического поля-Tension of electric-field

Электр тогы- электрический ток- electric current

Тұрақты электр тогы-постоянный электрический ток- constant electric current

Ток көздері-источники тока-current sources

Еркін зарядтар-свободные заряды-free charges

Ток тасымалдаушылар-носители тока-carriers

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы тіркестері:

Ең алдымен, біз (келесі деталдарды жинадық)…

Одан кейін, біз….

Ең соңынан, біз…

Диаграмма көрсетуі,бойынша… 

 Электр тізбегінде шам, кілт, ток көзі еӊ қарапайым элементтер есептеледі.

 Ток көзі – электр тізбегінде электр тогыныӊ тұрақты болуын қамтамасыз ететін қондырғы.

 Кілт – электр тізбегін тұйықтайтын (электр тогы болады) және ажырататын (ток болмайды) қондырғы.

Құндылықтарды дарыту

Қоғамдық қатынасКомандалық жұмысты ұйымдастыру және командалық жұмыстарды жоспарлау қажеттілігі оқушылардың достық қарым-қатынастарын және олардың бірлескен оқу ортасында жұмыс істеу үшін коммуникативтік қасиеттерін қамтамасыз етеді: бірлескен жұмыста басқа студенттермен әлеуметтік, мәдени, этикалық және интерактивті дағдыларды дамыту. Студенттерге өз бетінше, жұппен және топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту; жолдастардың пікірін құрметтеу; білім көздерін өз бетімен іздестіру қабілеті.«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясыБалалардың академиялық білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, өмір бойы Отанымыздың игілігі үшін оқыту. Сабақтың элементтері өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі тануға, студенттер арасында сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағытталған.Сабақтың моральдық әсері мыналарды қамтиды: оқуға деген жауапкершілікті сезіну; басқаларға құрметпен қарау; білім беру және танымдық қызметті ойдағыдай жүзеге асыру үшін түрлі көздерден ақпаратты қабылдау және пайдалану дағдыларын және қабілеттерін дамыту; оқушыларға мектептің меншігіне мұқият қарауға мүмкіндік беру; өз іс-әрекетін жоспарлау дағдылары мен дағдыларын қалыптастыруға және өз іс-әрекеттерін басқаруға қабілетті болу керек.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі (терминдер), химия (электрондардың алмасуы)

АКТ қолдану дағдылары

АКТ-да мәліметтер алу, деректермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, графикалық бағдарламалармен жұмыс жасау

Алдыңғы білім

Оқушылардың электр заряды, электр өрісі және оның сипаттамалары туралы білімдері бар. Электр өрісінің бірлік зарядты тасымалдау кезіндегі жұмысы кернеу деп аталатындығын біледі.

Жоспар

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 5

  • Ұйымдастыру бөлімі

 (W/D) Сыныппен жұмыс. Демонстрация.

    • Тұрақты электр тогы. Тәжірибе1:

Зарядталған және зарядталмаған электрометр, металл стержень, лампа.

  Біз білеміз өткізгіш арқылы электр зарядтары бір денеден екінші денеге берілетіндігін. Осы кезде өткізгіште электр тогы туындайды.

Сабақ мақсаттарымен таныстыру

https://www.youtube.com/watch?v=VkfVn57mqLg

Сабақтың ортасы

50-78 мин

 (Т) Мұғалім түсіндірмесі.

  Электр тогы - зарядталған бөлшектердің реттелген (бағытталған) қозғалысы.

 Электр тогының бағыты ретінде шартты түрде оң зарядтардың қозғалыс бағыты қабылданған. Электр тогыныӊ бағыты электр өрісі кернеулігініӊ бағытымен сәйкес келеді.

 

Тұрақты ток- модулы және бағыты өзгермейтін ток.

 Электр тогының пайда болу шарттары:

  • еркін ток тасымалдаушылар (еркін зарядтар) болу керек
  • электр өрісі болу қажет (ток көзі)
  • Тізбекті тұйықтау керек

Электр өрісінде орналасқан өткізгіште еркін зарядтардыӊ реттелген қозғалысына зарядтардыӊ хаостық жылулық қозғалысы қосылады.

 

 Өткізгіштік электр тогы – электр өрісінің әсерінен өткізгіштегі еркін электр зарядтарының реттелген қозғалысынан (оң зарядтар электр өрісі бағытында, теріс зарядтар өріске қарсы бағытта қозғалады) туындайтын ток. Мс: металдардағы, жартылай өткізгіштердегі, электролиттердегі электр тогы.

 

 Металдарда ток тасымалдаушылар еркін электрондар болып табылады.

  • Электр тогының әрекеттері
  • Жылулық;
  • Магниттік;
  • Химиялық;
  • Физиолгиялық;

Металдардан ток өткен кезінде жылулық және магниттік әрекеттері байқалады.

 Электролиттерден ток өткен кезінде жылулық, магниттік және химиялық әрекеттері байқалады.

 

    • Электр тогы көздері:
  • Гальвани элементі батарея
  • Аккумулятор
  • Генератор

 18-ғасырдыӊ аяғына дейін ғалымдар негізінен үйкеліс арқылы «электр зарядын алып келді», яғни үйкеліс арқылы денелерді электрледі.

 18- ғасырдыӊ аяғында италян ғалымы А.Вольта алғашқы ток көзін жасады. Ол мыс және цинк пластиналарын қышқылға түсірген кезінде мыстан жасалған пластинка оӊ, ал цинктан жасалған пластинка теріс зарядқа ие болғандығын бақылайды. Бұл жағдайда оӊ және теріс зарядтардыӊ бөлінуі жүзеге келеді.

 Егер өткізгіш арқылы мыс және цинк пластинкаларын қоссақ, онда электр тогы туындайды.

 Электр тогын күшейту үшін Вольта мұндай пластинкалардан «столб» жасайды.

 

 Химиялық реакция негізінде жұмыс жасайтын ток көздері гальваникалық (италян ғалымы Луиджи Гальвани) элементтер деп аталады.

 

 Оӊ және теріс электродтар полюстар деп аталады.

    • Электр тогын өндіру тәсілдері:
  • Механикалық энергияның электр энергиясына түрленуі

Тәжірибе 1: Электрофор машинасы

  • Жылу энергиясының электр энергиясына айналуы. Термоэлемент

Тәжірибе 2: табиғаты әртүрлі өткізгіш екі сым, амперметр, қыздырғыш шам

  • Жарық энергиясының электр энергиясына айналуыотоэффект
  • Электр тізбегі символдары

3.1 Қарапайым электр тізбегі

  • Электр тізбегініӊ негізгі элементтері:
  • Ток көзі
  • Шам (ток тұтынушы)
  • Жалғастырушы сымдар
  • Кілт

Электр тізбегінде шам, кілт, ток көзі еӊ қарапайым элементтер есептеледі.

Ток көзі – электр тізбегінде электр тогыныӊ тұрақты болуын қамтамасыз ететін қондырғы.

Кілт – электр тізбегін тұйықтайтын (электр тогы болады) және ажырататын (ток болмайды) қондырғы.

  • Электр тізбегі схемасы:

 

 Электр тогын мөлшерлік сипаттау үшін ток күші деген арнайы физикалық шама енгізіледі.

 Өткізгіштіӊ көлденеӊ қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерініӊ (зарядтыӊ) сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды.

 

Ампер – ХБЖда негізгі бірліктердіӊ бірі.

Параллель токтардыӊ өзара әрекеттері

1 Ампер – вакуумде бір-бірінен қашықтықта орналасқан, қолденеӊ қимасыныӊ ауданы өте аз, шексіз ұзын өткізгіштіӊ әр бір метр ұзындығына 2·10-7Н ға теӊ өзара әрекеттесу күшін тудыратын өткізгіштердегі токтыӊ күші (1948 ж).

Андре Мари Ампер (1775 – 1836 ж.) - француз ғалымы.

1 Ампер бұл өте үлкен ток. Адам үшін қауіпсіз ток 1мА (0,001 А) ге дейін. Тұрмыстық электр тізбектерінде 6 А дейінгі ток қалыпты есептеледі.

Амперметр - ток күшін өлшейтін құрал. Жұмыс істеу принципі токтыӊ магниттік әрекетіне негізделген. Амперметрді ток күшін өлшейтін құралмен тізбектеп қосады.

Амперметр және оныӊ шартты белгісі (символы)

Төмендегі элементтерден пайдаланып электр тізбегін құрастырыӊдар.

Тізбектегі токтыӊ күші 0,2 А.

(Р) Жұптық жұмыс.

Электр тізбегін жинау және тізбектің әр түрлі бөлігіндегі ток күшін өлшеу.

Жұптық жұмыстың мақсаты: Электр тізбегін жинау және тізбектің әр түрлі бөлігіндегі ток күшін өлшеу

(W) Сыныппен жұмыс

І. Жұптық жұмысты критерийлер бойынша өзара тексеру,

бағалау

ІІ. Қатемен жұмыс

ІІІ. Кері байланыс

(G) Топтық жұмыс. Есептер шығару.

Топтық жұмыстың мақсаты: ток күшінің формуласын есептер шығаруда қолдану.

Жұмыс парақтары беріледі. Жауабы:

15.16

15.18

15.20

15.23

15.24

15.25

0,4 Кл

0,25 А

3,75 А 2,75 А

А) 0,25 А

2,75 А

В) 0,1 А

2,3 А

0,2 А

2,2 А

300 с

(W) Сыныппен жұмыс.

І. Топтық жұмысты критерийлер бойынша өзара тексеру,

бағалау

ІІ. Қатемен жұмыс

ІІІ. Кері байланыс

(Іf) Жеке жұмыс. Тест тапсырмасын орындау

Жеке жұмыстың мақсаты: 8.4.3.1 - электр тогының пайда болуы және бар болуының шарттарын түсіндіру

Жауабы:

(W) Сыныппен жұмыс

І. Жеке жұмысты өзара тексеру, бағалау.

ІІ. Қатемен жұмыс

ІІІ. Кері байланыс

Аккумуляторлар және сәйкес шамдар,

мысалы 2В.

Қатты қағаз

және желім. Оқушыларға тексеруге арналған әртүрлі қалта шамдары

Тізбекті құрастырудың мысалдары:

http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/simple-electric-circuits

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba06a-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_8.swf

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba06d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_11.swf

Сабақтың соңы

78-80 мин

Кері байланыс

8.4.3.1 - электр тогының пайда болуы және бар болуының шарттарын түсіндіру

8.4.3.3 -ток күшінің формуласын есептер шығаруда қолдану

Рефлексия

Маған ұнады ... ...

Қиын болды ... ...

Қызық болды ... ...

Үйге тапсырма:

Физика және астрономия. 8-сынып.

§ 35-36 оқу, конспект.

Қалта фонарын жасау

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

БағалауОқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Барынша әлсіз оқушыларға қарапайым идеялар берілуі тиіс және олар осындай қабілеті бар балалармен жұп болып жұмыс жасауы тиіс.

Сіз барынша қабілетті оқушылардан үшінші заң күшінің басқа жұбын болжауды немесе зат жерге үдеп құлаған кезде Жердің жоғары үдеуін салыстыруды немесе электрондарға, протондарға, нейтрондарға әсер ететін күштің төрт әртүрлі түрлерін зертеуді сұрай аласыз.

Әрбір топ өздерінің жауаптарын басқа топтың жауаптарымен салыстырады, оқытушы содан кейін барлық жауаптарды есептейді.

Скейтбордтар немесе роликті конькилерді пайдалану кезінде абай болған дұрыс.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу