Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.2 - табиғаттағы, тұрмыстағы және техникадағы жылу берілу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру;

 Сабақ мақсаттары

  • Табиғаттағы, тұрмыстағы және техникадағы жылу берілу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру;
  • Атмосферадағы конвекциялық ағындардың пайда болуын білу;

 Бағалау критерийлері

1. Табиғаттағы, тұрмыстағы және техникадағы жылу берілу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіре алады;

2. Атмосферадағы конвекциялық ағындардың пайда болуын біледі;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар білуі тиіс:

Табиғаттағы, тұрмыстағы және техникадағы жылу берілу түрлерінің қолданылуына ауызша мысалдар келтіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жылу, жылу энергиясы, кинетикалық энергия, жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Радиатор жасалған металл жақсы өткізгіш болып табылады, сондықтан жылуөткізгіштік нәтижесінде жылу металдан сыртқы қоршаған ауаға жылдам беріледі.

Жылуөткізгіштік жолымен жылу энергиясын жоғалтпау үшін үйлердің төбесін түйіршік немесе талшық түріндегі жылуоқшаулағыш материалмен жабады.

 Құндылықтардыдарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті- мақал-мәтелдерді талдауда.

География – желдің соғуын сипаттауда.

Бастапқы білім

Жылу берілу түрлері: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5мин

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Мысалы, Жылу өткізгіштік дегеніміз не? Конвекция дегеніміз не? Сәуле шығару дегеніміз не? т.с.с.

Оқушылар мақал –мәтелдердің мағынасын және жылу берілудің қай түріне қатысты екендігін анықтайды.

«Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен» «Көсеу қысқа болса, қолың күйеді» «Қазан отпен, адам іс-әрекетпен қызады»

2. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • табиғаттағы, тұрмыстағы және техникадағы жылу берілу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру;

Мақал-мәтелдер

Сабақтыңортасы

5-16 мин

16-26 мин

26-36 мин

3. Жаңа сабақ.Сынып үш топқа бөлінеді.Әр топ жылу берілудің түрлерінің табиғаттағы, тұрмыстағы және техникадағы қолданысына мысалдар келтіреді.Шағын таныстырылым дайындайды.

І топ Жылу өткізгіштік

ІІ топ Конвексия

ІІІ топ Сәуле шығару

Әр топ таныстырылымды қорғайды. Топ мүшелеріне басқа топ мүшелері сұрақтар қояды. Оқушыларды тыңдап болған соң, мұғалім кері байланыс ұйымдастыруына болады.

Оқушылар радиатордың неліктен металлдан жасалатынын, үйлердің төбесіне неліктен түйіршік тас төселеді, самал жел қалай пайда болатынын түсінулері тиіс.

Бағалау критерийлері:

1. Қоршаған ортадан мысалдар келтіру.

2. Баяндау шеберлігі.

4. Эксперименттік тапсырмалар. Мұғалім тәжірибе көрсетеді, ал оқушылар талқылауға қатысып, өз болжамдарын ұсынады.

Тәжірибе №1

Ауамен толтырылған баллон шарды және суы бар баллон шарды отқа қыздыруын салыстыру.

Қағаз пакеттің және суы бар қағаз пакеттің қыздырылуын салыстыру.

Бағалау критерийлері:

1.Тәжірибені сипаттап, түсіндіре алады.

Оқушыларды тыңдап болған соң, мұғалім кері байланыс ұйымдастыруына болады.

5. Топтық жұмыс.

Термосты қалай жасауға болады?

Бағалау критерийлері:

Оқушылар термостың құрылысын сипаттап түсіндіреді.

Оқушылар сәулеленудің әсерін болдырмау үшін термостың ішін және сыртын жылтыр заттан жасайтынын түсінулері тиіс

Сабақтың соңы

36-40 минут

6. Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

7. Үйге тапсырма:§ 8 №1,2 тапсырма 43-бет

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулы және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сырттай бақылай отырып, кері байланыс беріп, орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойып, қолдау көрсетіп отыру. Әрбір топ таныстырылым жасағаннан кейін оларға қабілетті оқушылар сұрақтар қояды.

Материалды меңгергендігін тексеру үшін бағалау критерийлерін қолдану. Топтық жүмысты және эксперименттік тапсырмалардың орындалуын сырттай бақылау арқылы бағалау.

Топтық жүмысты және эксперименттік тапсырмалардың орындағанда қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұры сжүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу