Жобаны таныстыру. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 8 – сабақ.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсаттарын таныстырыңыз. Сабақтың басында берілген тапсырмаларды орындатыңыз. Жұмыстарды алмастырып, өзара тексеру жүргізіңіз. Бұл тапсырма алдыңғы сабақтарда алған білімдерін бекіту үшін көмегін тигізеді.

Жобаға дайындық жұмыстарын жүргізіңіз.

«Оркестр», «Опера», «Балет» тобындағы балалар алдынғы сабақтағы дайындықты жалғастырып жүргізу. Сыныпқа дайындалуға арнайы уақыт беріңіз. Жоба бойынша қайталау жұмыстарын жүргізіңіз.

1 топ – шулы аспаптар көмегімен оркестрге арналған композиция орындау;

2 топ - «Біржан- Сара» операсы негізінде құрылған қысқа көрініс көрсету;

3 топ - «Щелкунчик» балеті негізінде құрылған қысқа көрініс көрсету.

Бағалау критерийлері:

  • Жоба тақырыбына сай сюжет;
  • Сюжетке музыканың сәйкестігі;
  • Топтық жұмыс;
  • Топтағы ансамльдік орындау;
  • Музыканың көркемдеуші құралдарын ескеріп көрсету.

Қорғау, презентация және бағалау.

Музыкалық терминологияны пайдаланып, сұрақтар көмегімен өз жұмыстарын талдатыңыз:

  • Сюжеттің қысқаша мазмұны?
  • Әр қайсыңыздың рөлі (жұмыс графигі)?
  • Сәтті және қиындық туғызған кезеңдер? Неге?
  • Жұмыс графигіндегі көзделген мерзімді пайдалана алдыңыздар ма?
  • Қандай білім мен дағдыны ала алдыңыздар?
  • Осы жұмыстарыңыз көңілдеріңізден шықты ма?
  • Өз жұмысыңызды жақсарту үшін не істедіңіздер?
  • Жұмысты жасау барысында қойылған мақсатқа жеттіңіздер ме?
  • Әлі де нені жақсартуға болар еді?

Сынып алдында жобаны көрсетуді сұраңыз (декорация, шулы аспаптар, костюмдер және т.б).

Көрініске арналған декорация, костюм элементтерін, сонымен қатар оркестр дайындауға шулы аспаптарды алдын ала дайындау қажет.

Бірін бірі бағалауды ұйымдастырыңыз (таратпа кесте). Берілген бағалау парақшаларын оқушыларға таратқан жөн. Осы кестеде әр топқа берген бағасын белгілеп отыруы тиіс. Әр топтың көрсеткен жобасы бойынша мұғалім тарапынан кері байланыс бергеніңіз жөн.

Сабақ соңында, сабақ және тарау бойынша рефлексия жүргізіңіз.

  • Осы тарауда не үйреніп білдіңіздер?
  • Шығармашылық жобаны жасауда не ұнады?
  • Келесі жобаларға аларыңыз?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу