Қазақ халық әнінің әуенділігі (жаңа тақырып). Музыка, 5 сынып, сабақ жоспары. 1 – сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пәні: «Музыка»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қазақ халқының музыкалық мұрасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халық әнінің әуенділігі (жаңа тақырып) №1 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.1 музыкалық жанр мен көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау

5.1.2.2 дәстүрлі әншілік мектептердің және халық композиторларының шығармаларын ажырату

 Сабақ мақсаттары

-тыңдалған шығарманы талдай білу;

- әншілік мектептердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін талдай білу;

- әншілік мектептер композиторларының шығармашылығымен танысу;

- жанрларды және көркемдеуші құралдарды анықтай білу;

- топта өз рөлін атқара білу.

 Бағалау критерийлері

  • тыңдалған шығарманы талдай біледі;
  • тыңдалған шығарманы салыстырады;
  • дәстүрлі әншілік мектеп пен халық композитор шығармларын ажырата біледі;
  • топта өз рөлін атқара біледі;
  • өз жұмысын бағалайды;
  • басқалардың жұмысын бағалай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Ақпарат іздеу, зерттеу әдістері бойынша өз идеяларын шоғырландырып, мақсатқа сай музыкалық мұраны жетілдіре алады.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Халық әні дегеніміз......
  • Берілген әнде..... қолданған.....жанр....
  • Әнде аспаптар ...............қолданған

Терминология: стиль, жанр, лад, интонация, аспап, безендіру.

Жахандылық

Халық дәстүрі

Концепт (тұжырымдама)

Әндер

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Топта ынтымақтастық құру арқылы, бір-біріне қол ұшын беру , халық дәстүріне, музыкасына деген сыйластық

 Пәнаралық байланыстар

Тарих, әдебиет

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар АҚТ дағдыларын жаңа мәлімет іздеу барысында білім сайттары арқылы дамыта алады.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда әртүрлі халықтар музыкасымен таныс болуы мүмкін.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

10 минут

Ұйымдастыру бөлімі. Организационная часть. Сәлемдесу. Сергіту сәті. Танысу шеңберін ұйымдастыру. Әр оқушы өз есімінің бірінші әрпіне сын есім ойластырады. Жаңа тақырыппен таныстыру. Оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерімен таныстыру.

Талдау:

«Халық әні» дегеніміз не? Сұрағына талдау жасағаннан кейін оқушыларға нақты жауабын беру (

Қазақ халық музыкасы – қазақ ұлтының дәстүрлі музыкасы, қазақ фольклорының маңызды саласы. Ауызша және жазба музыкалық дәстүрлерін бар. Халық әндері(folk music), Ауызша дәстүрмен сақталған және қоғамға таныс қандай да бір ұлт пен этникалық топ адамдарына арналған ерекше әуен.).

Тыңдау:

Берілген халық және дәстүрлі әндерін тыңдап, салыстырыңыз: «Қоғалы-ай» «Ой жайлау» (Жетісу мектебі), «Балқадиша» (Арқа мектебі), «Үлкен Айдай» (Батыс өңірі), «Қанекей тілім сөйлеші» (Сыр мектебі) (әндерде кездесетін әуенділік ерекшелігін, аспаптық сүйемелдеуін және тәрбиелік мәнін талқылаңыз).

Халық әндерінің шығу тарихы және тәрбиелік мәнін туралы қысқаша түсіндіру. Халық, дәстүрлі әндерін сонымен қатар, жырау дәстүрімен таныстырып, орындаушыларын анықтау. Асан қайғы мен Бұқар жырау шығармашылығымен қысқаша таныстыру.(Жырау––өз жанынан жыр шығарып айтатынжәне эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды)

Сабаққа арналған презентация

«Коғалы-ай»

www.elarna.com/estu_kk.php?id=93&bas...

«Ой-жайлау»

https://www.youtube.com/watch?v=_iu0rpGuuWg

«Балқадиша»

https://www.youtube.com/watch?v=nZdldflhiok

«Үлкен Айдай»

https://www.youtube.com/watch?v=1x_xp4WJV38

Сабақтың ортасы

10 минут

Карточка көмегімен топқа бөлу: f

Бірінші топ халық әндері және олардың шығу тарихын зерттейді.

Екінші топ «жырау» дәстүрімен таныстырады.

Үшінші топ Ақан сері мен Біржан сал шығармашылығымен таныстырады.

Төртінші топ Жетісу, Арқа, батыс және Сыр өңірінің дәстүрлі ән орындау ерекшеліктерімен таныстырады.

Сабақтың соңы

10 минут

5 минут

5 минут

Бір-бірін бағалау келесі критерийлер бойынша жүзеге асады:

  • Ақпараттың қолжетімділігі;
  • Мазмұндылық;
  • Келтірілген мысалдардың болуы.f

Бірінші тапсырманы бекіту мақсатында «Қоғалы-ай» әнінің шумағы мен қайырмасын орындау. f

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді :

  • Қандай жаңа мәлімет білдіңіз?
  • Берілген тақырып бойынша өз білімдеріңізді жетілдіргіңіз келе ме? f

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Талқылау барысында оқушының түсіну деңгейін анықтай келе, мұғалім оқушыға тыңдауға арналған шығарманы беріп, талқылай алады.

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Қабілеті жоғары оқушылар тереңірек меңгерген ақпаратпен бөлісе алады, қасындағы оқушыға қосымша талқылаған шығарма мәліметімен бөлісе алады.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Берілген оқу мақсатына жеткені туралы өз жұмысын топта бағалай алады.

Бірін бірі бағалау арқылы топтық жұмысты бағалай алады.

Мұғалім әр топқа кері байланыс беру арқылы бағалай алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қауіпіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу