Күй құдіреті. Музыка, 5 сынып, сабақ жоспары. 7 – сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пәні: «Музыка»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қазақ халқының музыкалық мұрасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Күй құдіреті № 7 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.2.2 компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау

Сабақ мақсаттары

  • Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия бағдарламаларында интерпретация жасап, жұмыс жасай білу;
  • Өзінің және өзгенің жұмысын бағалай білу .

Бағалау критерийлері

  • Audacity, Soundation, WindowsMovieMaker, Киностудия бағдарламаларында композицияларды редакциялай алады, интерпретациялайды;
  • өз интерпретация үлгісін ұсынады;
  • композицияны бағалайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

-Ақпарат іздеу, зерттеу әдістері бойынша өз идеяларын шоғырландырып, мақсатқа сай музыкалық мұраны жетілдіре алады.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Интерпретацияда мен .....қолдандым.

Композиция шығару үшін ... қостым ..... фото, видео...

Композиция ойдағыдай шықты, себебі............

Терминология:

Музыкалық компьютерлік бағдарлама, , импровизация,

интерпретация, аранжировка, композиция.

Жахандылық

Халық мәдениеті және дәстүр

Концепт (тұжырымдама)

Жанр

 Құндылықтарды дарыту

 

Тапсырмаға жауапкершілікпен қарау, халық дәстүріне сыйластықпен қарау, бір біріне қол ұшын беру.

Пәнаралық байланыстар

Информатика

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта оқушылар композиция шығару үшін «Audacity», «Soundation», «Windows Movie Maker», «Киностудия» компьютерлік бағдарламаларды қолданады.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта күй өнерімен, олардың түрлерімен танысып, тыңдау барысында талдап үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыға сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында активити өткізу. Алдыңғы сабақта алған білімін тексеру жұмыстары. Жаңа тақырыппен танысу. Оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерімен таныстыру.

Тыңдау және талдау:

Скрипка аспабына аударылған Ж. Серкебаеваның орындауындағы Таттімбеттің «Сарыжайлау» күйін тыңдаңыз. (күйдің орындау мәнеріне көңіл бөліңіз).

Сонымен қатар, Таттімбеттің «Сарыжайлау» күйін домбыра аспабында орындауын тыңдаңыз.

  • Орындау мәнерінде қандай ерекшеліктер мен ұқсастықтар бар?
  • Негізгі әуен өзгерді ме?
  • Орындаудың қандай үлгісін сіз ұсынар едіңіз?

Презентация

Таттімбет «Сарыжайлау» Ж.Серкебаеваның орындауында https://www.youtube.com/watch?v=vQeM2rNY2Uk

Домбыра аспабында

https://www.youtube.com/watch?v=_Q5D-unFreI

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

10 минут

  • Жұппен «Audacity» бағдарламасында сіз білетін күйлерден интерпретация жасаңыз. .
  • WindowsMovieMaker, Киностудия бағдарламасы көмегімен жасаған композицияға слайд-шоу құрыңыз.
  • Өз композицияңызды қорғаңыз. .

Бағалау критерийлері:

  • Өз интепретация үлгісін көрсетеді;
  • «WindowsMovieMaker», «Киностудия», «Audacity» бағдарламаларын қолданады;
  • Композицияға редакциялау жұмысын жүргізеді;
  • Композицияға сәйкес фотолар жинақтайды;
  • Күйдің негізгі әуенін анықтайды;
  • Өз жұмысны бағалайды.

Сабақтың соңы

10 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Композиция сәтті шықты ма?
  • Күй интерпретациясын қалай жетілдірер едіңіз?

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Композиция шығаруда бағдарламаны қолдану білімін тереңдету

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Қабілеті жоғары оқушылар тақырыпқа байланысты видеоролик жасай алады.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бағалау критерийлері бойынша бір бірінің топтық жұмысын бағалау.

Өз композициясын бағалау – өзін-өзі бағалау

Мұғалім кері байланыс беру арқылы топтарды бағалай алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу