Рок-музыка ғарыш туралы. Музыка, 4 сынып, презентация. 1 – сабақ.


Тыңдалым және талдау

Музыкалық үзінді тыңдаңыз. Өз қиялыңызда әрбір музыкалық үзіндіге сурет салыңыз. Тыңдаған музыка туралы өз әсеріңізбен бөлісіңіз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Ғарыш дегеніміз не?

- Сіз қандай музыкалық аспаптарды естідіңіз?

- Электронды музыкалық аспаптарда орындалатын музыка қалай аталады?

- Рок-музыкада Ғарышты «бейнелеу» үшін қандай көркемдеуші құралдары қолданылады?

Рок-музыка ғарыш туралы

7-бөлім: Ғарышқа сапар

Бүгін сабақта

ғарыш туралы музыканы тыңдаймыз және талдаймыз;

рок-музыка ғарыш туралы ақпарат іздейміз;

тірек сөздер арқылы өлең құрастырамыз және музыкалық импровизация жасаймыз;

шығармашылық жұмысты көрсетіп, бағалаймыз.

2 тапсырма. Ақпарат іздеу

Келесі сұрақтар бойынша ақпарат тауып, дайындаңыз:

1 - топ: Рок-топ дегеніміз… Рок-музка жанрының ерекшелігі.

2 – топ: «Space» және «Зодиак» рок-топтарының шығармашылығы.

3 – топ: Рок-топтарының аспаптары мен құрамы.

3 тапсырма. Шығармашылық жұмыс

Тірек сөздерді қолданып, ғарышқа ұшу туралы қысқаша өлең құрастырыңыз. Құрастырған өлеңге әуен шығарыңыз.

Өлең құрастыру үшін келесі тірек сөздерді қолданыңыз:

1-топ: космодром, зымырантасығыш, скафандр, орбита;

2-топ: ай, ұшуларды басқару орталығы, ашық ғарыш, иллюминатор;

3-топ: ғарыш кемесі, планетааралық станция, салмақсыздық, ғарышкер.

4-тапсырма. Презентация және бағалау

Шығармашылық жұмысыңызды көрсетіп, бағалаңыз.

өлең үйқастығы;

әуен импровизациясы;

ансамбілді сақтау;

ұйымшылдық

Рефлексия:

- Бүгін сабақта не үйрендік?

- Қандай тапсырма сендерге қиын болды?

- Бүгін сабақта не құнды болды? Неге?

- Менің білуімше, бүгін сәтті болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу