Рок-музыка ғарыш туралы. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 – сабақ.


7-бөлім: Ғарышқа сапар

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рок-музыка ғарыш туралы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.1.1 - музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру;

4.2.1.2 - музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданып, қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизациялау;

4.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсете және бағалай білу.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • ғарыш туралы музыканы тыңдау және талдау;
  • рок-музыка ғарыш туралы ақпарат іздейді;
  • тірек сөздер арқылы өлең құрастыру және музыкалық импровизациялау жасау;
  • шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, бағалайды.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • ғарыш туралы музыканы тыңдайды және талдайды;
  • рок-музыка ғарыш туралы ақпарат іздей алады;
  • тірек сөздер арқылы өлең құрастырады және музыкалық импровизациялау жасайды;
  • шығармашылық жұмысын көрсетеді және бағалайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар :

тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және талдау;

өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Терминдер сөздігі:

- рок - музыка;

- рок – музыкант;

- рок – топ;

- электр музыкалық аспаптар;

- ырғақ, екпін.

Сұхбат/хат үшін сыныпта пайдаланылатын лексика:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Электронды музыкалық аспаптарда орындалатын музыка қалай аталады?
  • Рок-музыкада Ғарышты «бейнелеу» үшін қандай көркемдеуші құралдары қоланылады?

 Құндылықтар

Әлем композиторлардың шығармашылығының құндылықтарын оқушылардың бойына дарыту және құрметпен қарау.

 Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері.

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет желісінен ақпарат іздеу.

Бастапқы білім

Өткен сабақта оқушылар тоқсандық жиынтық бағалау жұмысын орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Стартер

Музыкалық сәлемдесу

Дауыс жаттығулары

1-тапсырма. Тыңдалым және талдау

Музыкалық үзінділерді тыңдаңыз. Өз қиялыңызда әрбір музыкалық үзіндіге сурет салыңыз. Тыңдаған музыка туралы өз әсеріңізбен бөлісіңіз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

- Ғарыш дегеніміз не?

- Сіз қандай музыкалық аспаптарды естідіңіз?

- Электронды музыкалық аспаптарда орындалатын музыка қалай аталады?

- Рок-музыкада Ғарышты «бейнелеу» үшін қандай көркемдеуші құралдары қолданылады?

Тақырыппен танысу

Оқушылармен сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен таңыстысу.

Таныстырылым.

«Space» рок-тобы. Magic Fly

https://music.yandex.kz/artist/2629174?from=serp_autoplay&playTrack=641051

«Зодиак» рок-тобы. Сиқырлы ұшу. Құпиялы галактика. https://xmuzic.me/a/519973-Gruppa_Zodiak/

Сабақтың ортасы

10 минут

14 минут

6 минут

2-тапсырма. Ақпарат іздеу. Топтық жұмыс

Келесі сұрақтар бойынша ақпарат тауып, дайындаңыз:

1топ: Рок-топ дегеніміз… Рок-музка жанрының ерекшелігі.

2топ: «Space» және «Зодиак» рок-топтарының шығармашылығы.

3топ: - Рок-топтарының аспаптары мен құрамы.

3-тапсырма. Музыкалық шығармашылық

Тірек сөздерді қолданып, ғарышқа ұшу туралы қысқаша өлең құрастырыңыз. Құрастырған өлеңге әуен шығарыңыз.

Өлең құрастыру үшін келесі тірек сөздерді қолданыңыз:

1-топ: космодром, зымырантасығыш, скафандр, орбита;

2-топ: ай, ұшуларды басқару орталығы, ашық ғарыш, иллюминатор;

3-топ: ғарыш кемесі, планетааралық станция, салмақсыздық, ғарышкер.

4-тапсырма. Презентация және бағалау

Шығармашылық жұмысыңызды көрсетіп, бағалаңыз.

  • өлең үйқастығы;
  • әуен импровизациясы;
  • ансамбілді сақтау;
  • ұйымшылдық

Рок-тобы дегеніміз не?

http://www.aquamorta.com/liubovnie-istorii/chto-takoe-rok-gruppa

Топпен жұмыс істеуге арналған ноутбуктар, ақпараттық парақшалар.

Музыкалық және шулы аспаптар.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

- Бүгін сабақта не үйрендік?

- Қандай тапсырма сендерге қиын болды? - Бүгін сабақта не құнды болды? Неге?

- Менің білуімше, бүгін сәтті болды?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады.

- алдын ала оқыту білімін қолдау;

- практикалық тапсырманы бір-бірін бағалау;

- сұрақтар арқылы;

- бағалау критерийлері бойынша.

Осы сабақта интертақтаны аз уақыт пайдалану.

Қауіпсіздік техникасының сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу