Экология және музыка. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Қоршаған ортаны қорғау

1 сабақ

Мектеп: Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г.Ғ.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Экология және музыка

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.3.3 - қарапайым әуендерді немесе музыкалық шығармалар үзінділерін нотамен орындау;

4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • экология мен музыканың байланысын зерттейді
  • жан экологиясы туралы біледі
  • Абай мен Шәкарімнің жан экологиясына арналған өлеңдері мен шығармалары туралы ақпарат іздейді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Нотамен қарапайым әуен құрастырады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және таладай;
  • өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Пәндік лексикасы мен терминологиясы

Экология

Жан экологиясы

Талқылау сұрақтары:

Құндылықтарды

дарыту

Табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Ұжымдық жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін құрметтеу

Пәнаралық

байланыстар

Информатика – оөушылар ноутбукпен, интернетпен, Киностудия бағдарламасымен жұмыс істейді.

Бастапқы білім

Оқушылар оттың, судың, барханның музыкалық бейнесі жайлы өтті. Классикалық музыкалық туындылдар мен композиторлармен танысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

Сабақтың ортасы

Оқушылармен сәлемдесу.

Экологиялық мәселелер туралы бейнематериал қарау.

  • Бейнеролик сюжетінде не туралы айтылып жатыр?
  • Экология дегеніміз не? Топырақ, су, ауа экологиясы ше?
  • Адамзаттың алдында қандай экологиялық мәселелер тұр?
  • Экологиялық мәселелермен күресетін ұйымдарды атаңыз.
  • Жердің флорасы мен фаунасын қорғау туралы қандай кітаптар білесіз?
  • Қазақстанның қандай жануарлары мен өсімдіктері Қызыл кітапқа енгізілген? Оларды атаңыз.

Оқушыларға презентацияда үш сөз көрсетіледі.

  • Экология
  • Жан экологиясы
  • Табиғат экологиясы

Тапсырма. Қасыңда отырған оқушымен ақылдасып осы үш ұғымның мағынасын ажырат. Талқылауға 1 минут уақыт беріледі. Кері байланыс.

Мұғалім бірнеше оқушылардан сұрап, оқушылардың айтқан жауаптарын қорытындылайды.

Оқушыларды 2 топқа бөлу

Оқушыларға интернет желісі қосылған компьютерлер мен Абайдың қара сөздері кітабы, Шәкәрімнің кітаптары беріледі.

Интернетті пайдаланып Абай мен Шәкәрімнің жан экологиясына байланысты туындыларын табу. Мағынасын ашу.

Оқушылар өз ойларын кластерге түсіреді.

Презентация

Әр топ өз кластерін таныстырады.

https://www.youtube.com/watch?v=M1P-9HPsffU

https://www.youtube.com/watch?v=uo4RZeHvaHU

Презентация

Алдын ала дайындалған ресурстар кітаптар, ноутбуктер.

Кагаз, маркер, фломастер, карындаштар.

3-тапсырма. Жаттау және орындау

Сөзі Е.Сейдахметов, әні Е. Умировтің «Қызыл кітап» әнін тыңдаңыз.

Әннің шумақтарын ноталар бойынша жаттаңыз.

Қызыл кітап

Сөзін жазған: Е. Сейдахметов,

әнін жазған: Е. Өміров

1.Түбіне адам жетіпті,

Тарпаң құрып кетіпті.

Жоғалтып ап жүрмейік,

Енді піл мен керікті.

2.Обал, обал, обал-ды,

Мамонт мүлдем жоғалды.

Тауды тесіп адамдар,

Тегістеуде орманды.

3.Тоғыз айға көк кеме,

Қыдыруға кетті ме?

Жағалауға өз-өзін,

Лықтырады кит неге?

4.Аңның жолы байланды.

Кімнің ұрты майланды?

Даладағы киік те,

Таусылуға айналды.

5.Тоғайда аң болмаса,

Ара гүлге қонбаса,

Не болады күніміз?

Өзен суға толмаса.

6.Біле ме адам кінәсін?

Біле ме адам күнәсін?

Қақпан құрып, аң атып,

Бұздық құстың ұясын.

7.Шөлге айналса даламыз,

Қайдан пана табамыз?

Кесіп алып ағашты,

Отын етіп жағамыз.

8.Мылтық алып оқтаймыз.

Қай жерге кеп тоқтаймыз?

Қырып-жойып аң-құсты,

Құрыды деп жоқтаймыз.

Ән шумағының әуенін ноталар бойынша орындаңыз.

Дескрипторлар. Білім алушы

-әннің әуенін дұрыс орындайды;

-әннің ырғағы мен екіпінін дұрыс сақтайды;

-әнді сипатын жеткізе отырып айтады.

Ноутбуктер, тышқан, тыңдауыштар

Сабақтың соңы

Рефлексия.

  • Мен бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдым?
  • Сабақ маған несімен қызықты болды?
  • Маған қай тапсырма қиын немесе түсініксіз болды?

Оқушылар топтарда ақылдасып мұғалімнің үш сұрағына ауызша жауап береді.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Компьютер құрылғысымен жұмыс жасау барысында кейбір оқушыларға қажет болған жағдайда көмек көрсету, көпіршелер орнату.

Дескрипторлар арқылы

Өзара бағалау арқылы

Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерді сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу