Сүйемін сені, туған өлкем! Музыка, 4 сынып, презентация.


Сүйемін сені, туған өлкем!

Сабақ мақсаттары:

күйді тыңдап және оны талдаймыз;

оркестрдің орындауын тыңдап, музыкалық аспаптарды топтастырамыз;

музыкалық және шулы, ұрмалы аспаптармен оркестр құрамыз.

«ХАССАҚ» этно фольклорлық ансамбль

2010 жылы құрылған

Құрамында 5 өнерпаз бар. Әр бір музыкант бірнеше қазақтың фольклорлық аспаптарын меңгерген. Бұл ансамбль қазақ музыкасын әлемге танытып жүр, күйлер мен музыкалық шығармаларды заманауи форматта орындап халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүр.

Түркеш Қалқаұлы(1832, қазіргі Батыс Қазақстан облысы - 1875, сонда) -халық күйшісі. Түркеш жасынан ән-күйге бейім болды. Байбақты, Баламайсан, Байжұма, Есжан күйлерін орындаған домбырашыларды тыңдап, олардың өнерінен үлгі-өнеге алды. Өз өмірін, өнерін әділетсіздік пен озбырлықка қарсы күрес жолына жұмсады. Сол үшін атқа мінерлердің қудалауына үшырап, Орал, Астрахан түрмелеріне қамалды. Түркеш шығармаларының негізгі арқауы азаттықты аңсаған халық өмірі болды. Оның "Қарабас", "Қоңыр ала", "Салық өлген", "Аңшылық", "Теріс какпай", "Көңіл ашар", "Байжұма", "Аксақ құлан" т.б. күйлері бар. Түркештің күйлері Қазақ академия халық аспаптар оркестрінің репертуарынан берік орын алды

«Көңілашар» күйі

1 топ – қазақ халық аспаптар оркестрінде бар аспаптарды атау, жазу

2 топ симфониялық оркестр аспаптарын атау және жазу

Тапсырма

Видео материалда

көрген аспаптарды анықтаңыздар.

1 топ – металлофондар

2 топ – ұрмалы аспаптар

3 топ – шулы аспаптар

Рефлексия

- Орындауда не жақсы шықты?

- Не жаман шықты?

- Тағы нені жақсартуға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу