Су әуендері. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 – сабақ.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
7 бөлім «Су – тіршілік көзі»
2 тақырып «Су музыкасы»
Сабақты музыкалық сәлемдесуден бастаңыз. Стартер ретінде оқушыларға https://twig-bilim.kz/ru/film/bottled-water-the-true-cost бейне материалын көрсетіңіз.
Оқушыларға суды құрметтеу, үнемдеу қажет екенін айтып өтіңіз. Оларға көрген видеоға байланысты сұрақтар қойыңыз.
Оқушылармен талқылауға арналған сұрақтар
- Не көрдік?
- Бұл экологиялық мәселені қалай шешуге болады?
- Судың күйін қандай аспаптар арқылы дыбыстауға болады?
- Қалай ойлайсыздар, су музыка жасай ала ма?
Ассоциация сөздер сабақ тақырыбын анықтау үшін өткізіледі. Оқушылар жылдам ойына келген сөздерді айтып жан жақтан өз қалам, фломастерлерімен қағазды толтыруы тиіс.
Бұл тапсырма оқушылардың алдыңғы білімдерін жаңғырту үшін өткізіледі.
Кейін мұғалім оқушыларға сабақ мақсаты мен тақырыбын атайды.
Бейне материал қарау. Оқушылар музыканттардың хрусталь бокалдарында классикалық музыка ойналып тұрған видеоны көреді. Әр хрусталь бокалдары өз көлемі мен су мөлшеріне толтырылып тұр. Бокалдың көлемі мен су мөлшеріне быдыстың биік немесе төмен болуы тәуелді деп оқушыларға қойылған, сұрақтарға жауап берген соң мұғалім оқушы ойларын бекітеді.
Зерттеу және аспап жасау шығармашылық тапсырмасын дұрыс ұйымдастыру үшін, музыка мұғалімі алдын ала оқушылардың сынып жетекшісі мен ата аналарына бір апта бұрын әкелуге қажет құралдар жазылған таратпаны беруі қажет. Әр оқушы бірдей екі шыны стақан әкелу керек.
Мұғалім түсіндірмес бұрын алдымен оқушылардың өз ойларын білуі керек, олар жұптық талқылауды су мен шыны ыдыстан қалай аспап жасауға болатыны жөнінде айтады.
Содан кейін балаларға мультфлильмнен суды толтыру арқылы нота жасаған үзінді көрсетіледі. Мұғалімге оқушылар талқылауға қатысу кезінде алдын ала бейне материалдың көрсетілетін жерін уақытына сай дайындап қоюы керек.
«Фиксики» мультфильмінен «Ноты» сериясы /2.37-3.28 уақытын көру/
Әр жұпқа металлофон, шыны стакан, су құятын тағы бір кішігірім ыдыс беріледі.
Тапсырма: Судың қажет мөлешерін құю және металлофонмен дыбысын келтіру арқылы аспап жасау. Музыкалық аспапты жасау кезінде мұғалім оқушыларға судың мөлшері көп болған сайын дыбыстың төмендейтінін түсіндіру қажет.
Дифференциация: Зерттеушілік жұмыс барысында мұғалім әр жұптың қасына келіп аспаптың күйін келтіруге көмектеседі, себеі күй келтіру музыкалық есту қабілеті жоғары оқушыларда ғана қолдан келуі мүмкін, қалған оқушыларға қосымша көмек қажет. Егер кейбір жұптар аспапты тезжасаса оқушцылар арасында өзара оқытуды ұйымдастыруға болады.
7. Презентация
Әр топ өз нотасын металлофонда ойнайды. Содан кейін металлофон таяқшасымен стаканын соғады.
Сынып дыбыстың сәйкес немесе сәйкес емес екенін айтады.
8. Аспапта ойнау /оқушылар жасаған стакандарда/
Мұғалім тақтада нотаның түстерін көрсетеді, қай түс көрсетілсе сол жұп өз стакандарын таяқшамен соғады.
Оқушылар мұғалімнің дирижерлік қимылына назар аударып мұқияттылықпен орындауы керек.
Сұрақтар:
- Сіздер қалай орындадыңыздар?
- Неге бізде белгілі бір әуен шықты?
- Мен қандай қимылдар жасадым?
Оқушылар мұғалімнің дирижерлік қимылына қарап, уақытында қосылып тұрғандықтан әуен шықты деп жауап береді.
Мұғалім оқушыларға оркестр құрып болған соң дирижер сөзіне сұрақтар кою арқылы оқушыларды жетелейді. Оқушылар дирижер музыкалық терминіне түсініктеме беруі қажет.
Сабақ қорытындысын сабақтың мақсаттарына оралу арқылы өткізу қажет. Оқушылар әрбір сабақтың мақсатына жетті ме, әлді жеткен жоқ па екені жөнінде ойланады.
Рефлексия
«Идея қорабы»
Оқушыларға сабаққа қатысты өз идеяларын стикерлерге жазып, бір қорапқа салады. Мұағлім ішінен таңдалған стикерлерді алып, сыныпқа оқиды және оқушылардың жазылған пікірлері сыныппен талқыланады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?