Жауабын шамалау. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Есептерді шығару тәсілдері № 139 сабақ. Тақырыбы: Жауабын шамалау | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.5.1.6 есеп жауабын алдын ала болжау,нәтиженің құрама есеп шартына сәйкестігіне түсіндірме келтіру . 3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойына білім алу | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Шамалар мен олардың өлшем бірліктері | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Психологиялық дайындық Математика сабағын, Жақсы ұғып аламыз. Сәулесі деп сананың, Мәнінен ой табамыз. Кіріспе. (Ұ.Ж) Суретті жұмбақ.Оқушылар суретті жұмбақтың шешуін табады.
Шешуі: «Жауабын шамалау» Өмірде кейбір жағдайларда сандардың дәл мәнін білудің қажеті болмайтынын,жуық мәнін қолдануға болатынын түсіндіру.Бұл жауабын шамалау деп аталады. *Санды дөңгелектеу — осы санды жуық мәнді дөңгелек санмен ауыстыру.≈ жуық мәннің белгісі. Оқылуы: «жуық мәні тең». Жүздікке дейін дөңгелектеу∙ *Егер үш таңбалы санның екінші цифры (ондық разряды) 5-тен кем болса, санды кемімен дөңгелектейді:823 ≈ 800; 246 ≈ 200; 539 ≈ 500.∙ *Егер үш таңбалы санның екінші цифры (ондық разряды) 5-тен артық немесе тең болса, санды артығымен дөңгелектейді: 962 ≈ 1000; 385 ≈ 400; 753 ≈ 800. Ондыққа дейін дөңгелектеу∙ *Егер үш таңбалы санның үшінші цифры (бірлік разряды) 5-тен кем болса, санды кемімен дөңгелектейді; ал егер санның үшінші цифры (бірлік разряды) 5-тен артық немесе тең болса, онда артығымен дөңгелектейді: 623 ≈ 620; 876 ≈ 880; 595 ≈ 600. Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б. Сандарды дөңгелекте (Т.Ж) Әрбір топқа тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсыр-маны алдымен жұпта талқылап, орындайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қалай орындағанын түсіндіреді. Дайын жауап арқылы қалған оқушылар өз жұмыстарын тексереді. Тапсырма: 1,3- топ Жүздікке дейін дөңгелекте: 372 552 883 205 879 659 987 333 249 2,4-топ Ондыққа дейін дөңгелекте: 458 583 824 306 646 183 812 473 943 «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау *Қосу және азайту арифметикалық амалдарының нәтижесін шамалау үшін келесі қадамдарды жасау керек: 1. Санды өрнектің компоненттерін жуық мәнді дөңгелек санмен ауыстыру (санды дөңгелектеу). 2. Шыққан өрнектің мәнін табу және шамалауды жазып көрсету. Мысалы: 459 + 195 ≈ 500 + 200 = 700 734 – 451 ≈ 700 – 500 = 200 Жауабын шамалап орында (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды және сандарды қайсы разрядқа дейін дөңгелектеу керек екенін түсіндіру. Бірнеше жұптан өз тапсырмаларын қалай орындағанын сұрау. Қалған оқушылар салыстыра отырып тексереді. Тапсырма:Сандарды жүздікке дейін дөңгелектеп, жауабын шамалап тап. 945 – 396 768 – 285 476 + 349 763 – 616 408 + 291 563 – 459 «Смайлик» арқылы бағалау «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Тапсырманы алдымен әрбір оқушы жеке орындайды. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын талқылайды, пікірлеседі. Екі-үш жұптан өз пікірлерін бөлісуді сұрау. Дайын жауап арқылы бірін –бірі тексеру. Тапсырма: Есептеудегі қателер Ондыққа дейін дөңгелектейміз 439 + 225 = 664 454 + 352 = 706 341 – 111 = 110 567 + 212 = 800 «Бас бармақ» арқылы бағалау Есепте (Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.Сандарды жүздікке дейін дөңгелектеп, қосындының мәнін ондыққа дейін дөңгелектеп, азайтын-дының мәнін шамалап табу. Тапсырма: 648 + 286 = 398 + 227 = 879 –56 = 754 – 364 = «Смайлик» арқылы бағалау Асханада (Ұ.Ж) Оқушылар тапсырманы сынып болып орындайды. Оқушылар өздерін асханада тұрмын деп елестетіп, тез ауызша жауап беруі керек. Ол үшін оқушылар шамалау әдісін пайдаланып есепті шығарады және түсіндіріп береді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар сабақта игерген дағдыларды күнделікті өмірде қолдануды үйренеді. Тапсырма: а) Айманның 300 теңгесі бар. Оның асханадан 65 теңгеге тоқаш, 120 тең- геге кампот, 110 теңгеге самса алуға ақшысы жете ме? Жауабын шамала. ә) Асқар 205 теңгеге гамбургер, 125 теңгеге сүт, 158 теңгеге кекс сатып алды. Оған 480 теңге жете ме? Шамалап көр. «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау Ақиқат немесе жалған (Ұ.Ж) Оқушыларға «Жауабын шамалау» тақырыбы бойынша сұрақтар қою, ал оқушылар оның ақиқат не жалған екендігін анықтайды. Өздерінің таңадауларын олар «А» - «ақиқат» - ақиқат бекіту, «Ж» - «жалған» - жалған бекіту таратпа қағаздары арқылы көрсетеді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар «Жауабын шамалау» тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтай түседі. Тапсырма: 1. Қапта 50 кг ұн болды. Оның 23 кг –нан нан пісірді, қалған ұнның массасы 20 кг аспайтыны рас па? (Ж) 2. Бөшкедегі 110 литр майдың 51 литрін сатты. Қалған майдың 60 кг-нан аспайтыны рас па? (А) 3. Бір машина қауынның массасы 342 кг болды. Оған тағы 274 кг қауын тиеді. Бір машина қауынның массасы 600 кг-нан кем болмайтыны рас па?(А) 4. 486 г кәмпит салған қалтаға тағы 275г кәмпит қосты. Қалтадағы кәмпиттің массасы 500 грамнан кем емес екені рас па? (Ж) «Бас бармақ» арқылы бағалау | Өзін-өзі бағалауға арналған кеспеқағаздар Слайд №2,3 Слайд №4 Слайд №5 Слайд №6 Слайд № 7 Слайд №8-12 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия «Кезбе тілші» әдісі арқылы Оқушылардың сабақты қалай түсінгенін анықтау анықтау үшін келесі сұрақтарды қою:
| Слайд № 13 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?