Мұңды минор. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 2 - сабақ.
1-қосымша
Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар. Әкесі Қанат Айтбаев — облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева – облыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де музыкалық адамдар. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі бар. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.
Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастаған. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған.
2010 жылы “Байқонырдың Әсем дауыстары” Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды. 2013 жылы Димаш Құдайберген “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды.
Сонымен қатар Димаш Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар “Славян базары-2015” байқауында Гран-при жеңіп алған. Екі күн ішінде жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің “Опять метель” әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған “Sos dun terien un detresse” әнін орындады.
2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген “Abu TV” Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.
Димаш Құдайберген 5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренген. Балалар хорында ән айтқан. Ол 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетіне түсті.
Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс тағы басқа тілдерде ән орындайды.
Димаш Құдайбергенов Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың бірінші күнінде қазылар алқасы тарапынан ең жоғарғы ұпай жинап жүлделі 2 орынға ие боолды
Димаш Қытай көрерменінің алдына алғаш рет шыққан соң, жас әнші туралы Қытай баспасөзі жаза бастаған. Тіпті кейбір басылым оны “Димаш – Тәңір өзі назарына алған жас әнші” деп бағалаған. Ал, Қытайдың жаңалық порталдары мен энциклопедиялық сайттарында Димаш Құдайбергеннің өмірбаяны толыққанды жарияланған. Қытайлар тіпті Димаштың киім үлгісіндегі киімдерді сатылымға шығарып үлгерген.
2-қосымша
Қалыптатырушы бағалау.
Тақырып | Мұңды минор | ||||||||||||||
Оқу мақсаты | 3.1.3.6 -нотамен қарапайым әуендер орындау | ||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| ||||||||||||||
Орындау уақыты | 20 минут | ||||||||||||||
Тапсырма | Музыкалық сауат 1. Бос торкөздерді толтырыңыз. 2. Берілген өлшемдегі ноталардың ырғағын соғып көрсет. 3. Қысқа әуенді нотамен орындаңыз. | ||||||||||||||
|
| ||||||||||||||
|
|
3-қосымша
Бір бала
Талдан таяқ жас бала таянбайдыБала бүркіт түлкіден аянбайды
Угәй-айӘн салшы-айБір бала-айҚос етек бұраң белҚуалай соғар қоңыр жел
Елдің көркі, ақ тоты бір баласыңҚай дұшпан көзі қиып жамандайды
Қайырмасы:
Айналайын қарағым келдің қайданАлма мойын ала үйрек ұшар сайдан
Қайырмасы:
Айналайын қарағым келдің қайданАлма мойын ала үйрек ұшар сайдан
Қайырмасы
Мекеніңді қарағым айтып қойшыЖат болмағы адамның осындайдан
Қайырмасы:
Бір бала
Талдан таяқ жас бала таянбайдыБала бүркіт түлкіден аянбайды
Угәй-айӘн салшы-айБір бала-айҚос етек бұраң белҚуалай соғар қоңыр жел
Елдің көркі, ақ тоты бір баласыңҚай дұшпан көзі қиып жамандайды
Қайырмасы:
Айналайын қарағым келдің қайданАлма мойын ала үйрек ұшар сайдан
Қайырмасы:
Айналайын қарағым келдің қайданАлма мойын ала үйрек ұшар сайдан
Қайырмасы
Мекеніңді қарағым айтып қойшыЖат болмағы адамның осындайдан
Қайырмасы:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?