Қызықты әуендер. Музыка, 2 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Менің мектебім»

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А.Б.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қызықты әуендер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 түрлі мәдениет пен жанрдағы қарапайым музыкалық материалдарды, ырғақ пен екпінін сақтай отырып жатқа ойнап ән айту

2.2.2.1 импровизация және шығарма арқылы музыкалық идеяларды қарапайым түрде ұйымдастырудың түсінігін көрсету

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • санамақтарды нотамен жазуға болатынын біледі
  • санамақтардың ырғағы оның буынына сәйкес келетінін түсінеді
  • төрттік және сігіздік ырғақтарын, ми, соль ноталарын пайдаланып, мектеп туралы өз санамақтарын шығарады

 Бағалау

 критерийлері

  • қарапайым музыкалық материалдарды, ырғақ пен екпінін сақтай отырып орындайды
  • музыкалық идеяларды қарапайым түрде ұйымдастыру арқылы өз музыкалық санамақтарын шығарады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • дыбыстардың қалай шығарылатынын,
  • дыбыстардың қалай өзгеретіндігін,

дыбыстарды салыстыруды білуі тиіс.

Пән лексикасы мен терминологиясы

қатты (форте) ақырын пиано

соль, ми, до

  • Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері
  • Дыбыс қалай шығады?
  • Ол қалай өзгерді? Ол немен ерекшеленеді?

- бұл әуендердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтастық- ұжымда жұмыс жасау

Құрмет- өзге топтардың және жұптардың жұмысына құрметпен қарау

Еңбек және шығармашылық- әр тапсырманы қызығушылықпен орындау, топтық жұмысқа қатысу

 Пәнаралық

 байланыстар

Өнер, қазақ тілі мен әдебиет

 АКТ қолдану

 дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды

Бастапқы білім

Оқушылар металлофонда ойнау және ми, соль ноталарын қол белгілерін қолдану дағдыларын пайдалана біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Музыкалық сәлемдесу

  • Қайырылы күн, балалар!

Оқушылар:

  • «Қайырлы күн, мұғалім!»
  • Балалар, сәлемдесуімізде қандай ноталарды қолдандық?

/Оқушылар анықтайды до, ми, соль/

  • Жарайсыңдар, балалар! Келесі кезекте біз сіздермен үзіліске көңіл бөлеміз. Демек бүгін біздің сабағымызда музыкалық үзіліс. Ал, бұл үзілісте біз сіздермен санамақ жасаймыз.

Санамақ дегеніміз не?

/Оқушылар естеріне түсіріп білетін санамақтарды айтып береді./

  • Жарайсыңдар, балалар! Санамақ жайлы мына бір бейне роликті тамашалайық!

Музыкалық санамақ сайыс ойыны.

Оқушыларды түрлі түсті карточкалар арқылы екі топқа бөлеміз.

«Қай топ санамақтарды көп біледі?» ойынын ойнату. Әр топ санамақтар айтып жарысады.

Сұрақтар:

  • Қай санамақ сіздерге ұнады?
  • Неге?
  • Әнге салғанда не өзгерді?

Орындаушылық.

Ә.Әбдінұровтың «Санамақ» әнін үйренеміз.

Үйренген кезде ырғағын талдап, оның ұзақтықтарын тыңдап шапалақтауды ұсынамыз.

Ырғақтық карточкалар қолдана отырып санамақтың ырғағын жасаймыз.

  • Балалар, келесі кезекте сіздер өздеріңіз музыкалық санамақтар жасайсыздар.

Жұмыстарының презентациясы

Бір топ орындаған кезде келесі топ бағалап отырады

  • Санамақтың әні мен мәтіні сәйкестігі
  • Әндер мен санамақтарды мәнерлі орындады
  • Санамақ шығарудағы белсенділігі мен өз бетінше жұмыс жасады

Рефлексия

  • Сабақта сізге не қиын болды?
  • Сабаққа толығымен қатыса алдыңыз ба?

синтезатор металлофон

https://www.youtube.com/watch?v=S0cqNXx6kUY

Түрлі түсті карточкалар

/қызыл, көк/

Презентация

Мәтін

Санамақ көрсетілегн схема

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады

Әр топқа жеке барып бағыттайды, қажет ырғақтар мен ноталарды көрсетеді.

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері мен дексриптор бойынша бағалау

Оқушылармен әңгіме барысында әр баланы бақылау

Топтық, жұптық жұмыс кезінде бақылау

Қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу