«Теңіз (Өзен, көлдер)». Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


4 - бөлім:

«Қоршаған әлем»

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А. Б.

Сынып: 1 А, В

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Тақырып:

«Теңіз (Өзен, көлдер)»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 тосыннан қосыла отырып, қарапайым музыкалық материалды жатқа ойнап ән айту

1.2.1.1 өз дауысы мен музыкалық шулы аспаптарды, дыбыстарды, әуендерді, ырғақтарды қолдана отырып еркін зерттеу жүргізу

1.2.1.2 түрлі дыбыс композицияларды шығармашылық түрде ұсыну және зерттей бастау (қарапайым соқпалы музыкалық аспаптар арқылы)

Сабақ мақсаты

Теңіздің көңіл күйіне сәйкес әуен шығару (тынық,тасқынды,буырқанған)

Ағылшын тіліндегі «Five Little Ducks Went Out One Day» әнін үйрену

 Бағалау

 критерийлері

Музыкалық шулы аспаптар арқылы теңіздің көңіл күйін көрсетінін әуен шығарады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • музыканың түрлі көңіл-күйін нақты жеткізе алады.

Пән лексикасы мен терминологиясы:

  • тынық
  • тасқынды
  • буырқанған

Диалог үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Музыкадан сіз қандай әсер аласыз?

Сіздер естіген дыбыстарды сипаттай аласыздар ма?

Неліктен... екенін айта аласыздар ма?

…солай ойлайсыз ба?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтасық- басқалармен жұмыс істеу, пікірлерді құрметтеу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану сабағымен байланыс- ауа райы құбылыстарын тыңдау, қимылмен бейнелеу.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Бейне көрсетілім қарау

Бастапқы білім

Оқушылар табиғаттың, табиғатта болатын дыбыстарды шығарып, металлафон аспабында ойнады. Жаңбыр туралы ән жаттып, әуеннің мажор және минор көңіл күйлерін ажырата алды

Жоспар

Сабақ кезендері

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Музыкалық сәлемдесу.

Сәлеметсіз бе, мұғалім!/соль-соль-ми-ми-соль-соль/

Сәлеметсіңдерме, балалар! /соль ми соль/

(Оқушылар мұғалім бірге соль ми соль айта отыра, диалогтар құрастырып айтады)

Бейнеролик қарау:

«Five Little Ducks Went Out One Day». (кішкентай бес үйрек бір күні серуенге шықты)

Five little ducks went out one day

Over the hills and far away

Mama duck said, "Quack, quack, quack, quack,"

but only four little ducks came back...

Оқушылармен әңгімелесу:

  • Балалар, бұл бейнероликте не көрсетілген?
  • Бұл ән санақ болып келеді. Әннің мәтінінінде тек сандар ғана өзгереді. Әнді орындап көрейік.

Әнді буындармен жаттау.

Әнді барлық сыныппен орындау.

Тапсырма

Топтық шығармашылық жұмыс:

Оқушыларды үш топқа бөлу.

Мұғалім әр топқа әр түрлі теңіздің суреттері бар карточкалар таратады. Топтар бір-бірінің суреттерін көрмейді және айтпауы тиіс. (тынық, тасқынды, буырқанған).

Әр топ қысқа музыкалық үзінділер шығарады. Өз теңіздерін дыбыстау үшін түрлі музыкалық аспаптарды пайдаланады және димакилақ белгілерді сақтайды.

Презентация

Әр топ өз үзіндісін орындайды.

Сынып орындауды тыңдап болған соң қандай теңіздің кейпі екенін табуы тиіс.

Ал орындаған топ өз жұмысына түсініктеме береді.

Жасалған шығармашылық жұмысқа байланысты оқушылармен әңгімелесу.

  • Неліктен осы аспаптарды таңдадыңыздар?
  • Теңіздің сипатын жеткізу үшін аспапта қалай ойнадыңыздар?
  • Тынық теңізге қандай динамика сәйкес келеді? Ал буырқанған теңізге қандай белгі сәйкес форте ма, әлде пиано ма?

Сабақтың соңында оқушылармен «теңіз толқындайды» ойынын ойнау

Ойын барысында оқушлар тынық, тасқынды, буырқанған теіңізді эмоция мен қимыл арқылы көрсетуі тиіс.

Теңіз толқындайды бір

Теңіз толқындайды екі

Теңіз толқындайды үш

Тынық (тасқынды, буырқанған) теңізді көрсетіңіз!

Рефлексия:

  • Өз көңіл-күйіңізді теңізбен сәйкестендіріңіз.

Оқушылар мимика арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік

Аспапта ойнаған кезде оқушылардан дыбыс күшін қадағалауды сұрау.

Бақылау, тыңдау

Оқушылар уақытында тоқтап, қосыла алама?

Дыбыстарды қайталап даусымен шығара ала ма?

дыбыстарды аспаптармен келтіре ала ма?

• сабаққа қажетті құралдарды алдын-ала қарап, оқушылардың денсаулығымен өмір қауіпсіздігіне қауіптің жоғына көз жеткізу

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақтағы көңіл-күй неге ұқсас болды?

Менің дифференциялық тұрғыдағы көзқарасым жақсы жұмыс істеді ме? Мен уақытында үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім?

Осы бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу