Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару
6.2.1.13
сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;
6.5.1.7
мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Бүгінгі тапсырмалар толық орындалуы үшін, оқушылар сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.
Өткен материалды өзектендіру мақсатында «ыстық орындық» ұйымдастыру. Бір оқушы отырады, қалған оқушылар сұрақ қояды, сұраққа отырған оқушы жылдам жауап беруі керек. Өз еркімен шыққысы келген бірнеше оқушы шығады.
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қандай әдістері бар?
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қосу әдісі;
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің алмастыру әдісі; т. с . с.
Жаңа материалды сыныппен бірігіп оқып, түсіну.
Бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатын баяндау, талдау.
Құрамында а жүздік, b ондық және с бірлігі бар үш таңбалы санды түрінде жазады. Бұндай сандарды мына түрде жазуға болады;
Екі таңбалы сан:
Үш таңбалы сан: .
Мысалы: .
Есіңе сақта!
Санның формуласын қолданып шығарылатын есептердің үлгісі:
- белгілеулер енгізу: х – ондықтар цифры;
у – бірліктер цифры.
- Ізделінді санда формула бойынша жазу;
- теңдеулер жүесін құру;
- теңдеулер жүйесін шешіп, ізделінді санды табу.
Мысал-1
түріндегі үш таңбалы санды көпмүше түрінде жазып, шыққан қосынды мен айырманы ықшамдаңыз:
Мысал-2
Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 10-ға тең. Егер осы цифрларының орындарын алмастырып, шыққан санның бірлік цифрын 1-ге арттырсақ, онда берілген саннан екі есе үлкен сан шығады. Осы екі таңбалы санды табңыңдар.
Шешуі:
, . Жауабы: 37 және 74.
Мысал-3
үш таңбалы саны мен сандарының жарты қосындысына тең, ос ыүштаңбалы санды табыңыз.
Жауабы: 407; 518; 629 ... ( бірнеше шешімі бар).
Жұптық жұмыс
Оқушылар бір-біріне кеңес беріп, түсіндіріп, өз алдарына мақсат қойып, алынған нәтижелерді бірігіп қадағалап жұмыстануы үшін жұпқа біріктіріңіз.
№1. Есептеңіздер.
a) abc-cba
b) mnk- nkm
c) abc- ac
d) mnk- mn
№2.
Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 9- ға тең. Егер оның цифрларының орындарын ауыстырсақ, алғашқы саннан 63- ке кем сан шығады.
Жауабы: 81
№3.
Егер үш орынды санның бірінші цифрын п-ге арттырсақ, ал екінші және үшінші цифрларын п-ге кемітсек, онда берілген саннан п есе үлкен сан аламыз. Берілген үш орынды санды және п-ді анықтаңыздар.
Шешуі:
89 жай сан, сондықтан n - 1 саны 1 – ге немесе n саны n – 1 санына бөлінеді. Демек, екі жағдайда да
n = 2 болады.
Жауабы: 178.
Дескриптор: Білім алушы:
- цифрдың анықтамасын қолданады;
- амалды орындайды;
- есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады және шешеді;
- шыққан санды жазады.
Тапсырмалар орындалып болған соң, дайын дескриптор арқылы бірін – бірі бағалауды ұйымдастыру.
Жеке жұмыс
Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушының қызығуын, талпынысын оятады, еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп жұмыстануына ықпал етеді.
№4.
Үш таңбалы санның бірінші цифрын санның соңына тіркеп жазыса, онда ол сан 441 – ге кемиді. Бұл қандай сан?
Жауабы: 506; 617; 728; 839, 950 (506-дан орнын ауыстырғаннан 065 шығады, ол-65).
№5.
Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 16-ға тең. Берілген екі таңбалы санның соңына 1-ді тіркеп жазсақ, алғашқы саннан 874-ке артық сан шығады. Екі таңбалы санды табыңыз.
Жауабы: 97.
№6.
Екі таңбалы санның цифрларының қосындысының мəні ең кіші екі таңбалы санға тең. Ал оның ондықтарын көрсететін цифр бірліктерін көрсететін цифрдан 4 есе артық. Бұл қандай сан?
Жауабы: 82.
Дескриптор: Білім алушы:
- цифрдың анықтамасын қолданады;
- амалды орындайды;
- есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құрады және шешеді;
- шыққан санды жазады.
Тапсырмалар орындалып болған соң, дайын дескриптор арқылы өзін – өзі бағалауды ұйымдастыру.
Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.
Сабақты қорытындылау:
- сандармен байланысты есептер шығаруда
жазуларын қолдануы туралы.
Үйге тапсырма
1) abc + bc; 2) abc – bа.
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
- Алгебра, 7-сынып, А.Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер, В.Е. Корчевский, З.Ә. Жұмағұлова, 2017ж.
- М .Л. Галицкий, А.М. Гольдман, Л.И. Звавич сборник задач по алгебре 7 – е издание, М. Просвещение 2001г.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру