Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу
6.2.2.19
теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Сабақтың сапалылығын арттыру мақсатында, тапсырмаларды түсініп орындау үшін, сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.
Өткен сабақты өзектендіру.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілі арқылы шешу алгоритмі:
- жүйедегі теңдеулердің айнымалылардың біреуінің коэффициенттері қарама-қарсы сандар болатындай әр теңдеуді көбейткіштерге көбейту керек;
- жүйедегі теңдеулерді мүшелеп қосып, бір айнымалысы бар теңдеуге айналдыру керек;
- шыққан теңдеуді шешіп, айнымалының мәнін табу керек;
- осы айнымалының мәнін жүйедегі бір теңдеудегі орнына қойып, екінші айнымалының мәнін табу керек.
Үй тапсырмасы бойынша құрылған теңдеулер жүйесін, оның шешу жолын тексеріңіз.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілі арқылы шешуге есептер шығарту.
Жалпы сыныппен талдауға деңгейлік тапсырмалар.
1. а) ; b) .
Жауабы: (6; 8); (12; 35).
2. а) ;
Жауабы: (3; 5).
b) .
Жауабы: (1; 3).
3. а) ; b) .
Жауабы: (3; -2); (-3; -2).
Тақтада есептерді түсіндіріп шығарған оқушыларды критерий бойынша бағалауды ұсыныңыз.
сергіту сәтін ұйымдастыру.
«Математиктер биі»
Жұптық жұмыс тапсырмалары
Оқушылар бір-біріне кеңес беріп, түсіндіріп, өз алдарына мақсат қойып, алынған нәтижелерді бірігіп қадағалап жұмыстануы үшін жұпқа біріктіріңіз.
Жауабы:. (5; -3).
Жауабы: (4; 0,6).
Жауабы: (4; -3).
Жауабы: (5; 2)
Тақтада көрсетілген дайын жауап, дескриптор арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізу ұсынылады.
Оқушыларды шағын топтпрға біріктіріңіз.
ТАРСИЯ құрастыруды ұсыныңыз
Тарсияның дұрыс жауабын топтарға таратыңыз, өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз, өзіңіз қадағалаңыз.
Шығармашылық тапсырма жеке орындауға ұсыныңыз
Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушының қызығуын, талпынысын оятады, еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп жұмыстануына ықпал етеді.
№1.
Катер 3 сағат өзен ағысымен және 5 сағ ағысқа қарсы 76 км жол жүреді.Катер өзен ағысымен 6 сағатта жүрген жолын ағысқа қарсы 9 сағатта
жүреді. Ағыс жылдамдығын және катердің меншікті
жылдамдығын табыңыз.
Жауабы: 2 км/сағ; 10 км/сағ.
№2.
.
Жауабы: x = 1; y = 1.
Дескриптор: Білім алушы:
- мәтінді түсініп оқып, есеп шартына байланысты теңдеулер жүйесін дұрыс құрады;
- теңдеулер жүйесінің шешімін дұрыс табады;
- берілген теңдеуді дұрыс түрлендіреді;
- теңдеу шартына қарап, теңдеулер жүйесін дұрыс құрады;
- жүйенің шешімін табады.
Дайын дескрипторды әр оқушыға жеке беріп, өзін – өзі тексеріп, бағалауды ұсыну, мұғалім қадағалайды.
Сабақты қорытындылау:
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілі арқылы шешу алгоритмі:
Үйге тапсырма № 1. Теңдеуді шешіңіз:
Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
- https://www.youtube.com/watch?v=fbGl0f6K_9I
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру