Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері: аналитикалық, (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Шамалар арасындағы тәуелділіктердің берілу тәсілдері: аналитикалық, (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл

Оқу мақсаттары: 6.5.2.8 формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру

Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

 формуламен және графикпен берілген тәуелділіктерге кесте құрайды.

 

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

  • Аргументтің әрбір мәніне функцияның бір ғана мәні сәйкес келеді.
  • Функцияның графигі – координаталық жазықтықтағы абсцисалары аргументтің мәндеріне тең, ал ординаталары функцияның сәйкес мәндеріне тең нүктелер жиынынан тұратын сызбаны айтады.

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушыларды жұпқа бөлу.

2. Білімді өзектендіру

Топпен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру

Ой қозғау.

  • Координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталары қалай табылады?
  • Координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орны қалай анықталады?
  • Тік бұрышты координаталар жүйесінде бір-біріне тәуелді шамалардың арасындағы байланыс қалай кескінделеді?

3. Сабақ мақсатын қою

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады.

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сергіту сәті.

Бойды сергек тік ұста,

Емін еркін тыныста.

Деміңді ішке тез ал да,

Оң қолыңды соз алға.

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.

4. Жаңа сабақты түсіну

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 1.

Тапсырманы орындамас бұрын оқушылардан алдыңғы сабақта қарастырылған формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құруды еске түсірулерін талап ету керек.

№1.

y = формуласымен берілген функцияның графигін

-1х4 аралығында салу үшін:

1) y = формуласымен берілген функциясы үшін -1х4 аралығында кесте құрыңыз. Кесте қадамын 1 деп алыңыз.

2) Тік бұрышты координаталар жүйесінде кестедегі х-тің сәйкес мәндерін абсциссалары, ал у-тің сәйкес мәндерін ординаталары деп алып, оларды нүктелермен кескіндеңіз.

3) Нүктелерді жатық сызықпен қосыңыз.

Сонда y = функциясының координаталық жазықтықтағы

графигі салынады.

Жауабы:

Функцияның графигі – координаталық жазықтықтағы

абсцисалары аргументтің мәндеріне тең, ал ординаталары

функцияның сәйкес мәндеріне тең нүктелер жиынынан

тұратын сызбаны айтады.

№2.

х

-3

-2

-1

0

1

2

3

4

5

у

7

3,5

1

-0,5

-1

0,5

1

3,5

7

1) Берілген кесте бойынша функцияның графигін салыңыз.

2) График бойынша функцияның анықталу аймағын табыңыз.

3) График бойынша функцияның мәндер аймағын табыңыз.

Жауабы:

Оқушылар формуламен берілген тәуелділіктің графигін салуын түсіндіреді.

Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері есепті түсініп шығаруына жетелейді.

5. Жаңа сабақты меңгеру

Тапсырма 2.

№1.

Берілген функцияның графигін пайдаланып, келесілерді табыңыз:

1) функцияның х = 3 болғандағы мәнін;

2) у = 4 болғандағы аргументтің мәнін.

Жауабы:

№2.

Берілген функцияның графигін пайдаланып, келесілерді табыңыз:

1) График бойынша функцияның анықталу аймағын табыңыз.

2) График бойынша функцияның мәндер аймағын табыңыз.

Жауабы:

Оқушылар берілген тәуелділіктің графигінің анықталу аймағын және мәндер аймағын қалай тапқанын түсіндіреді.

Сергіту сәті.

5. Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс.

Тапсырма 3.

№1.

Адам орташа есеппен жаяу 1 сағатта 5 км жолды жүріп өтеді.

t сағат

0

2

4

6

8

10

S км

0

10

20

30

40

50

а) Төменде берілген кестені толтырыңыз:

b) Арақашықтықтың уақытқа тәуелділік формуласын жазыңыз;

c) Кестеге қарап тәуелділік графигін салыңыз.

Жауабы: s = 5t

Дескриптор: Білім алушы

- кестені толтырады;

- тәуелділікті жазады;

- тәуелділік графигін салады.

№2.

y = 2x + 5 функциясының мәндерінің қадамы 2-ге тең кестесін құрып, графигін салыңыз. Мұндағы -4 х 2.

  • Аргументтің қандай мәнінде функцияның мәні 0-ге тең?
  • Графикке А(1;7); В(3;0) және С(-3;-1) нүктелерінің қайсысы тиісті?
  • Графиктің Оу осімен қиылысатын нүктесін координаталармен жазыңыз.

Жауабы:

Дескриптор: Білім алушы

- кестені толтырады;

- тәуелділік графигін салады;

- функцияның мәні 0-ге тең аргументтің мәнін табады;

- Оу осімен қиылысатын нүктесін координаталармен жазады.

№3.

Берілген функцияның графигін пайдаланып, келесілерді табыңыз:

1) График бойынша функцияның анықталу аймағын табыңыз.

2) График бойынша функцияның мәндер аймағын табыңыз.

Жауабы:

Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Әр оқушы есепті өз таңдаулары бойынша шешеді. Тапсырманы шешу жолын жұбына түсіндіреді. Егер қате жасалса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі.

6. Сабақты қорытындылау.

  • Графиктен аргументтің берілген мәніне сәйкес функцияның мәні қалай табылады?
  • Қандай жағдайда график функцияның графигі болады?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма:

Ертеңгі ауа температурасының тәулік ішіндегі уақытқа тәуелділік функциясының графигін салыңыз. Функцияның анықталу аймағы мен мәндер аймағын анықтаңыз.

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика -6, Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011
  • https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/kinematika/lesson/birqalypty-zhane-birqalypty-emes-qozhalystar
  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2. – Изд. 2-е, перераб./ Г.В. Дорофеев, Л.Г. Петерсон. – М.: Издательство «Ювента», 2010. -128с: ил.
  • Алгебра -7, Ю.Н.Макарычев, К.И.Нешков, Н.Г.Миндюк, С.Б.Суворова

- Алматы: «Рауан»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу