Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. Математика, 6 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Қозғалыстың орташа жылдамдығын

табуға есептер шығару.

Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық

есептер шығару

Оқу мақсаттары:

6.5.1.5 қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару;

6.4.2.1 іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығару;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

арифметикалық орта, сандық деректер қатарының құлашы, медианасы, модасы ұғымдарын біледі;

арифметикалық ортаны таба алады;

сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады.

Психологиялық ахуал

«Көрші»

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі сабақ барысы,

Біз үшін үлкен қуаныш.

«Ой-түрткі»

С-1: Қозғалыстың орташа жылдамдығын қалай табамыз?

С-2: Егер дене жолдын жартысын v1, ал қалған жартысын v2 жылдамдықпен жүрсе, онда орташа жылдамдықты қалай табамыз?

С-3: Егер дене уақыттың жартысын v1, ал қалған жартысын v2 жылдамдықпен жүрсе, онда орташа жылдамдықты қалай табамыз?

С-4: Есеп шешуінің мүмкін нұсқалары қандай тәсілдермен іріктеледі?

С-5: Жылдамдық пен уақыт белгілі болса, арақашықтықты қалай табамыз?

С-6: Жылдамдық пен арақашықтық белгілі болса, уақытты қалай табамыз?

С-7: Арақашықтық пен уақыт белгілі болса, жылдамдық қалай табамыз?

«Кім жылдам»

№1. Жылдамдықтың 36 км /сағатпен берілген мәнін м /с-пен өрнекте.

№2. Велосипедші 150 м жолды 1,5 м /с жылдамдықпен жүрген. Осы арақашықтықты велосипедші қанша уақытта жүріп өтеді ?

№3. Велосипедші 30 минут ішінде 9 км жол жүрді. Велосипедшнің жылдамдығын табу керек.

№4. Автомобильдің 2 сағат ішінде 120 км /сағ жылдамдықпен жүрген жолын тап.

№5. Назерке, Меруерт, Әлихан, Жандос, Бауыржан бір-бірімен қол алысып сәлемдесті. Олар неше рет қол алысып сәлемдесті?

Жұптық жұмыс

А деңгейі

№1. Римнің Х, V және І цифрларын пайдаланып, неше екі таңбалы сандарды жазуға болады?

№2. Мектепте спорттық үйірмелер, жас натуралистер үйірмесі, көркемөнерпаздар үйірмесі және жас математикатер үйірмесі бар. Марат осы үйірмелердің екеуіне ғана қатыса алады. Мараттың мектептегі осы үйірмелерді неше нұсқада таңдау мүмкіндігі бар? Сен осы нұсқалардың қайсысын таңдер едің?

В деңгейі

№1. Дәптерге үшбұрыш сызып, оның қабырғаларын қызыл, сары және жасыл түспен бояудың неше нұсқасы бар? Үшбұрыштың әрбір қабырғасы әр түспен боялады және бір түс қайталанбайды.

2. 3, 4, 5 және 6 цифрларынан бірінші цифры екінші цифрынан артық және тең емес екі таңбалы неше сан құрастыруға болады?

С деңгейі

№1. Шофер машинамен А пунктінен В пунктіне 1, 2 және 3 көшелерімен бара алады, одан с немесе d көшелерімен қайта алады. Шофер А пунктінен В пунктіне неше нұсқадағы көшелермен барып қайта алады?

2. Математикадан болған аудандық олимпиадада 6 оқушы бірдей балл нәтижесін жинап, жеңімпаз болды. Облыстық олимпиадаға осы жеңімпаз оқушылардан 2 оқушы жіберудің неше нұсқасы бар?

«Мен саған, сен маған»

Қатар отырған жұптар бір-біріне өмірмен байланысты қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға және іріктеу тәсілмен комбинаторикалық есептерді шығаруға есептер құрастырып шығару және оны екінші жұпқа беріп, оның дұрыстығын өздерінің шығарған жауаптарымен тексеру.

Сергіту сәті:

Жеке жұмыс

«Кім жүйрік

№1. Дельфин жылдамдығын 20 м/с-қа дейін жеткізе алады. Осы жылдамдықты км/сағ-пен өрнектеңдер.

№2. Автобус 2 сағат ішінде 180 км жол жүреді. Автобустың жылдамдығы қандай? Ол 3 сағатта бірқалыпты қозғала отырып, қандай ара қашықтықты жүріп өтеді?

№3. Трактор 500 м жолды 2 минут ішінде жүріп өтті. Ал келесі 5 минут ішінде 2 км жол жүрді. Трактордың барлық жол бойындағы орташа жылдамдығын анықтаңдар.

№4. Трамвай бірінші 55 м-ді 6 м/с жылдамдықпен жүріп өтті, ал келесі 560 м-ді 10 м/с жылдамдықпен жүрді. Трамвайдың барлық жолдағы орташа жылдамдығын табыңдар.

№5. Трактор бірінші 12 минутта 1,2 км жол жүрді. Ол 0,5 сағат ішінде сондай жылдамдықпен қанша жол жүріп өтеді?

№6. Егер мотоциклдың жылдамдығы 20 м/с; ал автомашинанікі 60 км/сағ болса, онда мотоциклші автомашинаны қуып жете ала ма?

№7. Жаяу адам 20 секундта30 м, келесі 40 секундта 58 м, сонан соң тағы 30 секундта 45 м жол жүрді. Адамның осы жолдағы орташа жылдамдығы қандай?

Үйге тапсырма: №666.

Рефлексия:

«Чемодан, еттартқыш, себет»

Келешекте бәрі керек.

Ақпаратты өңдеймін.

Бәрін лақтырамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу