Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару. Іріктеу тәсілі арқылы комбинаторикалық есептер шығару. Математика, 6 сынып, презентация.
6.4.2.1
іріктеу тәсілмен комбинаторикалық
есептерді шығару
Бағалау критерийлері:
2 таңбалы неше сан бар?
Жауабы: 90
2) бірдей цифрлардан құралған 2 таңбалы неше сан бар?
Жауабы: 9
3) цифрлары әртүрлі болатын 2 таңбалы неше сан бар?
Жауабы: 81
Тапсырма 1.
№1.Дүкеннің сөресінде екі қонжық жатыр – сары және қоңыр, екі машина – қара және ақ және үш доп – қызыл, жасыл және көгілдір. Бекжанға 3 ойыншық сатып алу керек: бір қонжық, бір машина және бір доп. «Ағаштың» көмегімен Бекжан оны қанша тәсілмен сатып алатынын анықтаңыз.
№2.
Берікте әртүрлі түсті екі бейсболка, төрт футболка және екі джинсы бар. Егер ол бейсболка, футболка және джинсы кисе, Берік қанша түрлі киіне алады? Жауабыңызды нұсқалар ағашын құрып көрсетіңіз.
Тапсырма 2.
№1.
Сыныпта 6 үздік оқушы бар. Осы оқушылардың ішінен неше тәсілмен 4 оқушыны математикадан олимпиадаға жібере алады?
№2.
Би үйірмесіне 7 оқушы қатысады. Олардың 4-еуі қыз, 3-еуі ұл. Вальс биін билеу үшін, оқушылар қанша тәсілмен жұптаса алады?
Нұсқаулықтар ағашы
2,4,7 цифрларынан тұратын, бірақ ол 2-ден басталатын, бір цифр екі реттен артық қайталанбайтындай қанша үш таңбалы сандар құрастыруға болады?
Жаздың ыстық күнінде данышпан қария келе жатса ауыр құрылыс тастарын тасып алып келе жатқан үш адамды кездестіреді. Данышпан олардың әрқайсысына «бүгін немен айналыстың» деп сұрақ қояды? 1-шісі былай деп жауап береді: «Күні бойы тастарды тасумен болдым» депті, 2-шісі: «Мен тек өз міндетімді адал атқардым» деп күрсініпті, ал 3-шісі: «Мен мешіттің тастарының қалануына ат салыстым» деп күлімсіреп өзінің атқарған жұмысына баға берген екен .
Балалар, сіздерде өздеріңіздің бүгінгі жұмыстарыңызға баға беріңіздер.
1-ші адам сияқты жұмыс атқарғандарымыз стикерлерімізді қызыл түске апарамыз;
- жұмыстарын адал атқарғандар– сарыға;
- тастардың қалануына ат салысқандар– жасыл түске стикерлерімізді жапсырамыз.
Қолданылған әдебиеттер және ақпарат көзі
Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Жұма.ұлова З.Ә., Корчевский В.Е., Алгебра 12 жылдық мектепке арналған. 2010 ж.
Шыныбеков Ә.Н. Алгебра – Алматы «Атамұра» 2012.
Матақаева Ғ. «Ықтималдықтар теориясына арналған есептерді шешу» Алматы «Қазақ университеті» 1991.
Зубарева И.И,Мордкович А.Г - Методическое пособие. Математика.5-6кл_2008.
Математическая логика. Под редакцией А.А. Столяра. –Минск.: Высшая школа, 1991.
Марков А.А. Элементы математической логики.–М., 1984.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру