Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Статистика. Комбинаторика | Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу; 6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
- сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: - екі (үш және т.б.) сандардың арифметикалық ортасы; - қатардың құлашы, модасы, медианасы; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - екі санның арифметикалық ортасын табу үшін ...; - сандық қатардың құлашын табу үшін ... ; - ... саны сандар қатарының модасы болып табылады; - ... саны сандар қатарының медианасы болып табылады, себебі ...; | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар |
| ||||||
Бастапқы білім | Сан құрамының разрядтарын біледі; «сан» және «цифр» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты түсінеді. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру. Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтер таратып, көңіл-күйлерін анықтау. Психологиялық ахуал Керемет Тамаша Орташа Кәне, кәне тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ енді шеңберге, Алақанды ұрайық. Үй тапсырмасын қатар отырған оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді. | Презентация | |||||
Сабақтың ортасы 4 – 10 мин | «Миға шабуыл» өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары: С-1: Статистикалық шамаларға қандай шамалар жатады? С-2: Сандардың арифметикалық ортасы дегеніміз не? Мысал келтір. С-3: Өзгеріс ауқымы дегеніміз не? Мысал келтір. С-4: Медиана дегеніміз не? Мысал келтір. С-5: Мода дегеніміз не? Мысал келтір. Сыныпты топтарға бөлу. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер» Топқа арналған ереже:
ынтымақтастықта жұмыс жасау. «Ой - қозғау» (ребусты шеше отырып тақырыпты ашу) Сандарда құпия көп жасырылған
Жауабы: Санды дөңгелектеу
Жауабы: Арифметикалық орта
Жауабы: Өзгеріс ауқымы. Мода. | Презентация Қосымша 1 | |||||
11 – 25мин | Топтық жұмыс Оқушылар топтық жұмыстарын постерде жазып, қорғайды. Оқушылар өткен сабақ бойынша өз түсініктерін постерге түсіреді. 1 топ №1. Бірнеше сандардың арифметиклық ортасы туралы айту, мысал келтіру. №2. Арифметикалық ортасын табуға өмірмен байланысты есеп құрастыру, сынып қыздарының шаштарының ұзындықтары бойынша. №3. Данияр аулаған балықтарын жеке-жеке өлшегенде, массалары: 1,2 кг; 3,24 кг; 1,9 кг; 2,16 кг; 2 кг болды. Даниярдың аулаған бір балығының орташа массасы неше килограмм? Балықтардың массаларының өзгеріс ауқымы неше килограмм? 2 топ №1. Сандардың өзгеріс ауқымы туралы айту, мысал келтіру. №2. Өзгеріс ауқымын табуға өмірмен байланысты есеп құрастыру, сынып оқушыларының бойларының ұзындықтары бойынша. №3. Комбайншы егін жинау кезінде: бірінші күні 15,2 га; екінші күні 16,2 га; үшінші күні 18,6 га; төртінші күні 16,2 га; бесінші күні 17,3 га жерден егін жинады. Комбайншының бір күнгі егін жинайтын егіс алқабының орташа ауданын табыңдар. Оның өзгеріс ауқымын есептеңдер. Модасы бар ма? Медианасы неге тең? 3 топ №1. Сандардың модасы, медианасы туралы айту, мысал келтіру. №2. Сандардың модасын, медианасын табуға өмірмен байланысты есеп құрастыру, сынып оқушыларының аяқ киімдерінің өлшемдері бойынша. №3. Қараша айының бір күнінде ауаның температурасы таңертенгілік 20С, түсте 60С, кешке 30С, түнде 00С болды.
| Математика Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, үшінші басылымы. Қосымша 2 | |||||
26 – 27 мин | Сергіту сәті: «Көңілді қалпақ» ойыны. Басына қалпақ түскен жеті оқушы жеті байлықты табады. Бірінші байлық - денсаулық.Екінші байлық - еркіндікҮшінші байлық - тіл байлықТөртінші байлық - қайрат-күшБесінші байлық - ақ жаулықАлтыншы байлық - балаңызЖетінші байлық - жүз саулық | Презентация | |||||
28 – 37 мин | Шығармашылық жұмыс Статистикалық шамалар бойынша топтарға әр түрлі суреттер бере отырып, есептер құрастыру. Құрастырған есептерді топтар арасында бір-біріне бере отырып шығарту және оларды өз шығарғандары бойынша тексеру. 1 топ 2 топ 3 топ | Қосымша 3 | |||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Үйге тапсырма: №659 Рефлесия: «Білім теңізіне кеме жіберіңіз» Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады,өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады
| Математика, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, үшінші басылымы. | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау тапсырмалары жалпы сыныптық және жұптық жұмыста көрінеді. Қабілеті жоғары оқушылар жалпы және жұптық жұмыста бір-біріне көмек жұмыстарын ұйымдастырады. | Бағалау сабақтың әр бөлімінде жүреді. Оқушыларды әр түрлі смайликтермен немесе ауызша мадақтау. | Көзге жаттығу жұмыстары жүргізіледі. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру