Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Статистика. Комбинаторика | Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш | ||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу; 6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу; | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
- сандық деректер қатарының құлашын, медианасын, модасын таба алады. | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: - екі (үш және т.б.) сандардың арифметикалық ортасы; - қатардың құлашы, модасы, медианасы; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - екі санның арифметикалық ортасын табу үшін ...; - сандық қатардың құлашын табу үшін ... ; - ... саны сандар қатарының модасы болып табылады; - ... саны сандар қатарының медианасы болып табылады, себебі ...; | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру. | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
| ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сан құрамының разрядтарын біледі; «сан» және «цифр» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты түсінеді. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру. Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтер таратып, көңіл-күйлерін анықтау. Психологиялық ахуал «Әр елдің амандасу салты» Жұптарын тауып, бір –біріне қарама –қарсы тұрады. Әр елдің амандасу салтын жасайды. Қазақтар - қол алысады, Италияндықтар – құшақтасады, Бразилиялықтар - бір бірінің иығын қағады, Зимбабалықтар –арқасымен амандасады, Македониялықтар – шынтақпен, Никарагулықтар - иықпен амандасады, Австралиялықтар - шапалақ ұрып серкіреді Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды. | Презентация | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4 – 10 мин | «Ереже» толықтыру. Оқушылар жұптаса отырып ережені толықтырулары қажет. Тапсырмаларын сағат тілі бағытымен ауыстырып тексереді. Төмендегі сөздермен ережені толықтыр: 1) Бірнеше санның ........................................деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады. 2) Санның ең үлкенін берілгендер қатарының .........................деп атайды. Санның ең кішісін берілгендер қатарының ........................деп атайды. 3) ............................дегеніміз берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырымы. в) Берілген сандар қатарындағы ең көп қайталынатын сан, сол сандардың ................. болады 4) Сандар қатары өсу немесе кему ретімен орналасқан жағдайда және сандар қатары тақ болғанда сандар қатарының ортасында орналасқан сан ............. деп аталады. 5) Сандар қатары өсу немесе кему ретімен орналасқан жағдайда және сандар қатары жұп болғанда сандар қатарының ортасында орналасқан екі санның арифметикалық ортасына тең сан ................ деп аталады. | Презентация Қосымша 1 | |||||||||||||||||
11 – 20 мин | Жұптық жұмыс 1 жұп №1. Сандардың арифметикалық ортасы мен ауытқу өзгерісін анықта: 7,381; 5,004; 6,118; 8,019; 7,815; 5,863. №2. Екі санның арифметикалық ортасы 4,6-ға тең. Бірінші сан 5,4. Екіншісін тап. 2 жұп №1. Сандардың арифметикалық ортасы мен модасын анықта: 42,165; 0,61; 3,42; 22,165; 8,36; 17,84 №2. Екі санның арифметикалық ортасы 3,1-ге тең. Бірінші сан 3,8. Екіншісін тап. 3 жұп №1. Сандардың арифметикалық ортасы мен медианасын анықта: 23,65; 18,21; 62,75; 1,25; 7,83; 5,35. №2. Екі санның арифметикалық ортасы 4,9-ға тең.Бірінші сан 5,2.Екіншісін тап. | Математика Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, үшінші басылымы. Қосымша 2 | |||||||||||||||||
21 – 28 мин | Шығармашылық тапсырма №1. Төменде белгілі бір аймақтың қант зауыттары күнделікті орташа (мыңдаған) қантты өңдеу нәтижелері берілген: 12,2; 13,2; 13,7; 18,0; 18,6; 12,2; 18,5; 12,4; 14, 2; 17,8. Берілген сандар қатары бойынша арифметикалық ортасын, модасын, өзгеріс ауқымын және медианасын табыңдар. №2. Бір ұжымда бір айда түсетін күнделікті хаттардың есебін шығарды. Сонда мынадай нәтиже алды: 39, 43, 40, 0, 56, 38, 24, 21, 35, 38, 0, 58, 31, 49, 38, 25, 34, 0, 52, 40, 42, 40, 39, 54, 0, 64, 44, 50, 38, 37, 32. Берілген сандар қатары бойынша арифметикалық ортасын, модасын, өзгеріс ауқымын және медианасын табыңдар. | Қосымша 3 | |||||||||||||||||
29 - 30 мин | Сергіту сәті: «Жаңылыспаймын» әдісі Оқушылар дөңгелене тұрып, кезекпен бірден отызға дейін, сосын кері қарай санайды. Үшке еселік санды айтатын адам сол санның орнына «Жаңылыспаймын» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады. | Презентация | |||||||||||||||||
31 – 37 мин | Жеке жұмыс 1-тапсырма –12,5; 28,4; 7,5; –9,2; 8,9; 7,5; 21,9 берілген қатардан арифметикалық ортаны, өзгеріс ауқымын, моданы және медианы табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - арифметикалық ортаны табу өрнегін құрады; - сандардың арифметикалық ортасын табады; - сандардың өзгеріс ауқымын есептейді; - сандардың медианасын есептейді; - сандардың модасын есептейді; 2-тапсырма Мәриям апта бойы сағат 12:00-де даланың температурасын тексеріп, жазып алды. Алайда сәрсенбі күннің температурасы жазылған дерек белгісіз бір себеппен өшіп қалыпты: 17°С, 20°С, ___,21°С, 14°С, 18°С, 22°С. Егер Мәриям аптадағы температураның арифметикалық ортасы 19°С екенін білсе, апта температурасының: a) модасын; b) өзгеріс ауқымын; c) медианасын табыңыз. Дескриптор: Білім алушы - арифметикалық ортаның анықтамасын қолданады; - белгісіз мүшені табады; - сандардың модасын табады; - сандардың өзгеріс ауқымын есептейді; - сандардың медианасын есептейді. | Қосымша 4 | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Үйге тапсырма: №661 Рефлесия: «МЕН ҮШІН БҮГІН САБАҚТА» Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.
| Математика, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, үшінші басылымы. | |||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Саралау тапсырмалары жалпы сыныптық және жұптық жұмыста көрінеді. Қабілеті жоғары оқушылар жалпы және жұптық жұмыста бір-біріне көмек жұмыстарын ұйымдастырады. | Бағалау сабақтың әр бөлімінде жүреді. Оқушыларды әр түрлі смайликтермен немесе ауызша мадақтау. | Көзге жаттығу жұмыстары жүргізіледі. | |||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру